Просмотр содержимого документа
«Екі жұлдыз мұғалімдер мен оқушылар байқауы»
Тақырыбы: Екі жұлдыз
Көрнекілігі: Слайд, шарлар, безендірілген сахна, нақыл сөздер
Күй әуені естіліп тұрады.
1-жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!
Бүгінгі концертті біз бастайық
Қошеметтеп, қол соғып отырайық!
2-жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қош келдіңіз «Екі жұлдыз» жобасына
Ұмытарсыз 1 ай бойғы шаршағанды, — дей келе Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар бүгінгіСұлукөл орта мектебінде 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мұғалімдер мен оқушылар арасында «Екі Жұлдыз» дүлділдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» жобасына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!
1-жүргізуші: 2011 – 2012 оқу жылында болған «Екі жұлдыз» байқауының гран при иегерлері мектебіміздің ұстаздары Дукалова Айгерим мен Аяғанов Дулатты «Ешкімге көрсетпеймін» әнімен ортаға шақырамыз. Қол соғып қошемет көрсетіңіздер.
Құттықтау сөз ауылымыздың әкімі Бирлепесов Батырбек ағайға беріледі.
1. Сұлукөл ауылдық кітапхананың кітапханашысы Абдикерова Жанар апай.
2. Ауыл тұрғыны Әлібиев Әлтай ағай
3. Ауыл тұрғыны Қасымова Айгүл апай.
2-жүргізуші. «Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!Жоба 2 кезеңнен тұрады.Бүгінгі концертте 1 – кезеңде үміткерлер еркін тақырып бойынша 1 ән шырқауы керек.2 – кезеңде 8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне қатысты әйел – ана, арулар туралы ән шырқаулары керек.
Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады.
Сырт келбеті, киім кию үлгісі
Шығармашылық,
ән таңдау деңгейі;
Әндіорындаушеберлігі
1-жүргізуші. Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен қатысушы жұптарымызды сахнадан шығарып салайық.
2-жүргізуші:
Кешікпей келем деген өзің бе едің,
Періште елеңдеген төзімдерім.
Қалқиып қос құлағың көрінші бір,
Кім көрген ән-өмірдің көз ілгенін? – деп ақындарымыз жырлағандай қатысушы жұптарымыз дайын болса, кешіміздің бірінші бөлімін бастаймыз. Ендеше, құрметті көрермен,
Сахна төріне 1-жұбымыз математика пәні мұғалімі, жас маман, студенттік өмірдің қызығын әлі ұмыта қоймаған, сонда да өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сүйкімді де сыпайы Мырзағұл Айзат пен мектептің жезтаңдай әншісі, өнерлі жігітіміз Жақсылықов Мейрамбекті «Ханзадам » әнімен ортаға шақырамыз.
2-жұп сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке кеше ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын Махатов Берікбай мен екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті Аронова Айзатты «Ойла» әнімен қарсы алайық
3- жұп — ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Истекова Айнура мен таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Мералы Мирасты «Ақ бақытым» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!
4- жұп — айтқан сөзін орындайтын, ауыр істе мойымайтын, тәрбие ісінде алдына жан салмайтын, сайыстардың соңында ешқашанда қалмайтын, асудан асып, шыңға шыққан, шәкіртерінің талабын айтқызбай ұққан , өз пәнінің нағыз иесі Искакова Күнімай мен 7 – сынып оқушысы, көркем сөз оқудан алдына жан салмайтын Ермуханова Құралайды «Гүлім» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз!
5- жұп — Денешынықтыру пәнінің мұғалімі, өз ісінің білгірі, оқушылардың жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге бірдей Аяғанов Дулат пен пен 8 - сынып оқушысы, әсем де сұлу, сыныптың сәні Болатова Айымды «Бағым Сен» әнімен ортаға шақырамыз!
6 - жұп – шәкірттерін аялаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, қоғамдық істерде белсеніп жүретін Дукалова Айгерим мен оның салмақты жүзді , қоңыр көзді , өнерлі шәкірті Шамшатов Талғатты «Алло» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
7 - жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Жанұзақов шынболат пен сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Құлбарақова Қарлығашты « » әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз!
1. Жүргізуші: Осымен «Екі жұлдыз» жобасының 1 – кезеңі өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқасынан бағаларын біліп жіберсек.
2-жүргізуші:
Көрермен қауым сіздердің рұқсаттарыңызбен дауыс беру науқаны басталады. Қыздар апарған жәшіктерге таңдаған жұптарыңыздың есімдерін жазып салуларыңыз сұралады. Дауыс беру кезінде тыныштық сақтауды ұмытпайық.
Бақытты Әйел : Айзат апай және Айгерим апай
Ендеше, құрметті көрермен «Екі жұлдыз» дүлдүлдер додасының екінші бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде қатысушы жұптарымыз «Ата –ана, ару қыз, қарындас» туралы ән шырқайтын болады.
Ортаға жұптарды шақырамыз.
1-жургізуші.
Біздің жарысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің таланттары сахна төріне Дулат ағай мен Мейрамбекті «Белгісіз жан» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші.
Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» жобасының үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.
1-жүргізуші:
Номинация: Әділқазылар алқасына
Келесі марапаттау рәсімін ауыл әкімі Бирлепесов Батырбек ағайға береміз. 1,2,3-орындар.Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының гран при бас жүлде иегерлерін марапаттау рәсімін Мектебіміздің директоры Ержанов Бауыржан ағайға береміз.
2 -жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық
Әр отбасына молымен қона берсін!
1-жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше сау болыңдар,
«Екі жұлдыз» осымен аяқталды.
2-жүргізуші. 8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне арналған Сұлукөл ауылында ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» жобасы өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, Сұлукөл халқына алғыс айта отырып, келесі кездескенше аман сау болыңыздар дейміз.