“Мерген” ?скери- ойын бай?ауы І. Кітапхананы? о?у залы: ?аза?стан Республикасыны? р?міздері ( Ту, Елта?ба, ?н?ран) ілініп, г?л шо?тары, шарлар, ?скери та?ырыпта?ы суреттермен к?ркем безендірілген. ІІ. Та?ырып?а байланысты “?аза?стан Армиясы” атты кітап к?рмесі жасал?ан. (?демі кітаптар, цитаталар жазылып ?ойыл?ан) Композитор Ескендір Хасан?алиевті? “Атамекен” ?ні баяу ?ана естіліп т?рады. О?у залыны? ортасында ойын ж?ретін м?лтек ала? ?зірленген (?ш ойын жолы, ж?ргізушіні? орны) залды? ая? жа?ында о?ырмандар?а, ?она?тар?а арнал?ан орындар ?зірленген, сахнада т?рал?а орны ?зірленген. О?ырмандар мен ?она?тар орындарына отыр?ан со? белгілі дайындал?ан балаларды? орындауында патриотты? ?н айтылады. ?н біткен со? ж?ргізуші ойынды бастайды. Ж?ргізуші: Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай ?айраттым, Аспанда?ы байра?тым, ?анша ж?лдыз жайнатты?, ?анша б?лб?л сайратты? ?аза?стан арда?тым! Армысыздар, ??рметті ?она?тар ж?не б?гінгі ойын?а ?атысушы жас достар, ?ландар! Егеменді елімізді? тынышты?ын ж?не бейбітшілігін ?ор?ау, б?л ?р азаматты? ?асиетті борышы екендігі баршамыз?а ?йгілі. Ал Отанды ?ор?аушылар тек ?ана білекті? к?шіне с?йенушілерден ?ана болмай, а?ылы мен ?айраты, к?ш-жігері мен зердесі бірдей мы?ты бол?аны – б?л ел ?ор?аушы ерлерге ежелден ?ойылып келе жат?ан талап. Сонды?тан болар, хал?ымыздан ?ткен Наурызбай, Б?генбай, Райымбек сия?ты хас батырлар шешен де, би де, а?ыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде ?лкен абырой?а ие бол?ан. Біз де б?гінгі бай?ауымызды жігіттер мен ?ыздарымызды? білек к?шін емес, а?ылы мен тап?ырлы?ын б?йгеге салу ниетімен ?ткізбек болып барша?ызды осында жинады?. Ендеше б?гінгі “С???ар” деп аталатын ?скери теория білгірлеріні? ойын-сайысына ?ош келді?іздер!. Енді, ?ымбатты ?она?тар, б?гінгі ойынны? ережелерімен таныстырып ?тейін. Ойынымызды? бірінші сатысы “?анша білсе?, ізден та?ы жас с???ар!” деп аталады. Б?л саты барысында ойын?а ?атысушы барша о?ушылар ?ауымына бастауыш ?скери дайынды? п?ні бойынша 20 с?ра? ?ойылады. ?рбір с?ра??а д?рыс жауап берген о?ушы бір орденмен марапатталады. С?ра?тар?а жауап беру тек ?ана ?ол к?теру ар?ылы ж?ргізіледі. Кім бірінші ?ол к?терсе, сол бірінші жауап беру ???ы?ын алады. Кім бірінші ?ол к?тергенін ж?не берілген жауаптарды? д?рыс немесе б?рысты?ын ?скери т?решілер ал?асы айтып отырады. Бірінші сатыны? ?орытындылары бойынша е? к?п орден жина?ан ?ш о?ушы ойынны? финалына шы?ып, бас ж?лде ?шін жарысты жал?астырады. Егер бірінші сатыны? ?орытындылары бойынша финал?а шы?у ???ы?ына ?ш адамнан к?бірек о?ырмандарды? ордендеріні? саны бірдей болып ?алса, онда оларды? ішінен е? мы?тыларын ?осымша с?ра?тар ар?ылы іріктейміз. Б?гінгі ойын?а ?атысушылар?а орден та?ушы деген абыройлы ?ызметті ?лгілі ?негесі ж?не белсенділігімен таныл?ан о?ырман ат?арады. ?ділдікпен б?л сайысты бай?айтын, Туралы?тан еш?ашанда ?айтпайтын -т?решілер ал?асын таныстыру?а р??сат еті?іздер (Т?решілер ал?асын таныстырып ?теді. Ал?а ??рамына ардагерлер, ?атарда?ы ?скерилер, мектеп ?кімшілігі т.б. кіргізілсе іс-шараны? о?ырмандар ?шін беделді болуына ?олайлы ?сер тигізеді). Ендеше ??рметті т?решілерден р??сат болса, ойынымызды? бірінші сатысын бастайы?! (Ескертпе: Ж?ргізуші с?ра?тарды о?иды, т?решілерден кім бірінші болып ?ол к?тергенінен с?рап, о?ан жауап беруді ?сынады. Егер жауап д?рыс болмаса, т?решілерден кім екінші болып ?ол к?тергенін с?рап о?ан жауап беруді ?сынады. Жауап н?с?а?а жа?ын болып, біра? толы? с?йкес келмесе т?решілерден т?релік етіп шешуді с?райды. ?рбір д?рыс жауап берген о?ушы?а орден та?ушы (?ыз немесе ?л бала) орденін мойнына та?ып т?рады). С?ра?тар: 1. ?аза?стан Республикасыны? Конституциясында “?аза?стан Республикасы егемендігі мен аума?ты? т?тасты?ын ?ор?ауды оны? ?арулы к?штері іске асырады” деп ?ай бапта к?рсетілген? (124 бап) 2. Жалпы?а бірдей ?скери міндеттілікке ?атысы ж?нінен ?аза?стан азаматтары ?андай сатылар?а б?лінеді? (Ша?ыру?а дейінгілер, ша?ырылушылар, ?скери міндеттілер, ?скери міндетті еместер) 3. Армия мен флотта жауынгерлерді? ?рыста?ы ж?не ?скери ?ызмет ат?ару кезіндегі тарихи т?р?ыда ?алыптас?ан ж?не ?рпа?тан ?рпа??а беріліп отыратын ?а?идалары, салттары мен ???ы? нормалары. (Жауынгерлік д?ст?рлер) 4. ?лы Отан со?ысы жылдарында ?анша ?аза? Ке?ес Ода?ы Батыры ата?ын алды? (97) 5. ?аза?стан Республикасы Президентіні? 1992 жыл?ы 25-тамызда?ы Жарлы?ымен бекітілген ма?ызы зор ?скери ??жат. (?скери ант) 6. ?аза?стан Республикасыны? ?арулы К?штерін бас?аратын орталы? мемлекеттік орган. (?аза?стан Республикасыны? ?ор?аныс министрлігі) 7. ?аза?стан ?арулы К?штері ??рамында?ы ??рамы ж?нінен дивизиядан кіші тактикалы? ??рама. (Бригада) 8. Б?лімшелер мен б?лімдерді? жеке ??рамын ?рысты дайындау мен ж?ргізуге ?йрету ?алай аталады? (Тактикалы? дайынды?) 9. ?аза?стан Республикасы ?арулы К?штеріні? жаяу ?скер ??рамында?ы бастауыш тактикалы? б?лімше. (Мотоат?ыш б?лімше) 10. ?рыс барысында ?скерлерді? жа?а ба?ыт?а ?йымдас?ан т?рде ?оз?алып жетуі. (Маневр) 11. Автоматикалы? ату ?аруында патронды о?шантай?а жеткізу ?шін, ???ы каналын жабу ?шін, капсюлді б?зу ж?не гильзаны алу ?шін ?ызмет ететін механизм. (Бекітпе) 12. ?аза?стан Республикасыны? ?арулы К?штеріні? ?андай жар?ылары бар? (Ішкі ?ызмет, т?ртіптік, гарнизонды? ж?не ?арауылды? ?ызметтері, сапты? жар?ылар) 13. Майор, подполковник ж?не полковник ?скери ?ызметшілерді? ?андай ??рамына кіреді? (А?а офицерлер) 14. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан ?лкен ?скери ата?. (Прапорщик) 15. Рота бойынша т?уліктік кезекші кімге ба?ынады? (Рота бойынша кезекшіге) 16. Шабуылда сарбаз нені? ??рамында ?имылдайды? (Б?лімшені?) 17. Сарбазды? ?рыста?ы іс-?имылында?ы б?л ?діс ?арсыласты? атысы астында ?рыс ала?ында о?-д?рі мен ж?ктерді тасымалдау?а к?бірек ?олданылады. (?ырынан жер бауырлап жор?алау) 18. “ТМ 62М” деген код ?андай ?скери ?аруды білдіреді? (Танкке ?арсы мина) 19. Ж?М деп ?андай ?скери техника аталады? (БТР) 20. АКМ автоматыны? ???ы калибрі ?андай? (7, 62 мм) ?осымша с?ра?тар: 1. МОН – 50 деп ?андай ?ару-жара? т?рі аталады? (Жаяу ?скерге ?арсы жары?ша?ты мина) 2. А?Ш мотожаяу ?скери б?лімшесінде ?анша адам болады? (11) 3. ЗУРО “Ред Ай” ?ай елді? ?скеріні? ?аруы? (А?Ш) 4. “Мардер” ?андай ж?не ?ай елді? ?скери ?аруы? (ГДР – БТР НS-30) Ж?ргізуші: ?ымбатты ?ландар! Осымен ойынымызды? бірінші сатысы ая?талды. Енді ордендерімізді санап к?релік. (Сергіту с?тін ?зіліс кезінде пайдаланып, т?мендегідей с?ра?тар?а жауап берейік) Жігітті? то?ыз жауы? 1.?л бала. 1. Басты жауы? жал?аулы?, Сорлататын жаны?ды. 2. Осалды?ы? а??аулы?, Со?тыратын саны?ды. 3. Жас?анша? болса? ?ры алар, ?оралап ?ой?ан малы?ды. 4. Жалат?ызбас жасы?ты?, Аузы?да?ы балы?ды. 5. ?тірік айтса? ??ме?деп, Жо?алтасы? ары?ды. 6. ?сек терсе? телме?деп, Жо?алтасы? ары?ды. 7. К?пірме бос?а ма?тан ?ып Т?кке т?рмас бары?ды. 8. К?рінгенге жалта?тап, Бола алмайсы? жа?ымды. 9. Біреуді алдап арбаумен, Аша алмайсы? ба?ы?ды. Ж?ргізуші: Ержігітті? ?ш асыл мінезі? 2.?л бала. 1. Ту?ан елі мен дос-жаранына адал болу. 2. ?ара ?ылды ?а? жар?ан ?ділетті болу. 3. ?аймы?пастан турасын айтар шыншыл болу. Ж?ргізуші: Жігіттерге т?н алты асыл ?асиет: 3.?л бала. 1. Зерде-зейіні болсын 2. ?нер ?рісі болсын 3. Тап?ырлы?, талап, ерлігі болсын 4. Жігер-к?ші болсын 5. ?айрат ?аруы болсын 6. Білімі болсын. Ж?ргізуші: Б?рекелді, с???арлар, ер ж?рек азаматтар к?п н?рсені біледі екенсі?дер! ?уаныштымыз! Ал, енді, ?ш немесе ?штен к?п орден жина?ан ?ландарымызды орта?а ша?ырамыз. Финал?а шы??ан ?ш о?ушыны таныстырады. Егер ордендер саны бойынша ?штен арты? о?ушы шы?са, онда ж?ргізуші ?осымша с?ра?тар ар?ылы арты? бол?ан ойыншыларды іріктеп шы?арады. ??рметті т?решілер ж?не ?ландар, финал?а шы??ан жас білгірлерге екінші сатыны?, я?ни финалды? ережесін т?сіндірейік. Финал “С???арлар сайысы” деп аталады. ?азір финал?а шы??ан ?рбір ?лан жина?ан ?пайына с?йкес ?з ?алауы бойынша мына жолды? бірін та?дау?а тиіс. Бірінші болып ?зіне жолды е? к?п орден жина?ан ?лан та?дайды. Ал ордендері е? аз бол?ан финалист ?ал?ан жол?а т?седі. ?ойыл?ан с?ра?тар?а д?рыс жауап беру ар?ылы ?рбір финалист ?зіні? жолымен бір саты?а ал?а жылжиды. ?ызыл жол екі сатыдан т?рады. Оны та?да?ан о?ушы?а екі с?ра? ?ойылады, олар?а д?рыс жауап беру ар?ылы ол келесі саты?а ?теді. Д?рыс жауап бермесе, ойыннан шы?ады. Я?ни оны? ?ателесуге ???ы?ы жо?. Сары жолды та?да?ан о?ушыны? жолы ?ш сатыдан т?рады, о?ан ?ш с?ра? ?ойылады. Ол бір рет ?ателесіп, екі с?ра??а д?рыс жауап берсе же?іске жетеді. Біра? екі рет ?ателессе ойыннан шы?ады. Жасыл жол т?рт сатыдан т?рады. Оны та?да?ан о?ушы?а т?рт с?ра? ?ойылады. Ол екі рет ?ателессе де келесі саты?а ?теді. Екі с?ра??а д?рыс жауап берсе же?імпаз аталады, ал ?шінші рет ?ателессе ойынмен ж?не бас ж?лдемен ?оштасады. Егер финал?а шы??ан о?ушы?а ?ойылатын с?ра??а ол жауап бере алмаса, онда ол с?ра??а жауапты тек ?ана к?рермендер береді. Ал, енді, ?ырандай ?анат ?а?ып ?ия?а ?мтыл?ан ?ландар, финал?а ?ош келіпсіздер! Бірінші болып ?зіне жолды е? к?п орден жина?ан ?айратты да, зерделі ?лан та?дайды. ?ай жолды та?дайсыз? Бірінші финалист жолды та?да?ан со? о?ан рахмет айтып, келесі ойыншылар?а ретімен жол та?датады. Финалды? сатымызды бастаймыз да, бірінші с?ра?ымызды жасыл жолды та?да?ан?а ?сынамыз. М??ият ты?да?ыз. 1-с?ра?: Сіз ?скери антты ?абылдап ?лгермеген ?скери ?ызметшісіз делік. Белгілі бір себептермен ?рескел теріс іс жасап ?ойды?ыз. Сізге ?андай жаза ?олдану?а болады ж?не ?андай жазаны ?олдану?а болмайды? Жауап: С?гіс, кезекті сейілдемеден айыру, ж?мыс?а наряд?а та?айындау болады, гаупвахта?а ?амау?а бомайды. Ж?ргізуші б?л о?ушыны? жауабы д?рыс болса ??птап-ма?тап, д?рыс болмаса жай ж?батып жолыны? келесі сатысына адымдатады. Ендігі кезек сары жол?а т?скен ?лан?а. М??ият ты?да?ыз, ?мытпа?ыз: сіз бір-а? рет ?ателесе аласыз. 2-с?ра?. Сіз ?рыс жа?дайында ?скери ?имыл ж?ргізіп жат?ан б?лімше командирісіз делік. Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс м?мкіндігі бар. ?арсылас кенеттен шабуыл жасады, жа?дай туралы кімге баяндау?а міндеттісіз? Жауап: А?а командирге, я?ни взвод командиріне. Ж?ргізуші б?л о?ушыны? жауабы д?рыс болса ??птап-ма?тап, д?рыс болмаса жай ж?батып жолыны? келесі сатысына адымдатады. Ал ендігі с?ра?ты? кезегі ешбір ?ателеспей жауап беруге міндетті бол?ан ?лан?а келіп жетті. 3-с?ра?: Сіз окопта танктерге ?арсы ?рыс ж?ргізіп жат?ан сарбазсыз делік. Егер окоп?а, не гранат ла?тырма? болып т?р?ан жерге танк жа?ындап келе жатса, гранат ла?тыру ?шін танкті? ?анша метр ?ашы?ты??а жа?ындап келуін тосуы?ыз ?ажет. Егер гранаты?ыз танкті то?татпаса сізді? ?рекеті?із ?алай болуы керек? Жауап: 25-30 метр, окопты? т?біне жата ?алу, не бір жа?ына ?арай жалт береді. Танк ж?ріп ?ткен со?, тез ?ар?ып т?рып оны? осал т?сына гранат ла?тырады. ?ира?ан танкті? экипажы одан т?суге ?мтыл?анда, оны автоматпен атып жояды. Жауап д?рыс болса, келесі саты?а ?ошеметтеп ?ткізеді, б?рыс болса ойын ала?ын ?алдырып кетуді ж?батып ?сынады. Осындай ретпен ж?ргізуші келесі айналымды бастайды. С?йтіп ойынны? же?імпазы аны?талады. 2-айналымны? с?ра?тары: 1-с?ра?: ?шу жылдамды?ы 150 м/с шамадан асатын нысандар?а ?олданылатын ату ?дісі ?алай аталады? Жауап: Б?гей ату. 2-с?ра?: Б?л ?скери нысандар мина жарыл?ыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке ?арсы жаяу ?скерге ?арсы, кемелерге ?арсы болуы м?мкін. Жауап: Инженерлік б?геттер 3-с?ра?: КМТ-SТ техниканы? т?рі ме немесе жабды? па? Ол не ?шін ?олданылады? Жауап: Табанжолды? миналы? трал жабды?ы. 3-айналымны? с?ра?тары: 1-с?ра?. Сіз кімсіз? Б?лімше ??рамында мынадай іс-?имыл жасайсыз: ?ару-жара?ты, о?-д?ріні, к?здеу аспаптарын, о?тау мен ба?ыттау тетіктерін ?арайсыз; а?ауларын ж?ндейсіз; к?здеу аспаптарын ж?не ?осарлан?ан пулеметті? м??ият тексерілуін ?арайсыз, ба?ылау аспаптарыны? ж?ндемділігін, ??рал-сайман мен ?ару-жара?ты? запас б?лшектеріні? болуын тексересіз. Жауап: К?здеуші-оператор. 2-с?ра?. Б?л ?андай ?скери ?йым? Бейбіт уа?ытта бас?а ?скерлер мен ?скер жаса?тамалары штабтарымен бірге бірлескен іс-?имылды? н?с?аларын жоспарлайды ж?не іс-?имылды ?йымдастырады. Жауап: ?Р ?арулы К?штеріні? Бас Штабы 3-с?ра?. Б?л ?андай ?скер? ?арулы К?штерді? жауынгерлік ж?не к?нбе-к?нгі ?ызметін ?амтамасыз ету ж?ніндегі арнайы міндеттерді орындау?а арнал?ан ?скер б?лімдері мен б?лімшелері. Жауап: Арнайы ?скер. Ж?ргізуші: ?ымбатты к?рермендер ж?не ?ландар! Б?гінгі сайысымыз да м?ресіне жетті. Сіздерді? барлы?ы?ыз?а ?лкен-?лкен табыстар, егемен елімізге тынышты? пен береке тілей отырып, б?гінгі ойын-бай?ауымызды ?лы?бек Есд?улетті? мынандай керемет с?здерімен ая?та?ым келеді: Ша?ыра?ы? – шыра?ым, Топыра?ы? – т?марым, ?аламда жо? сы?ары?, ?ажайыбым, ж?ма?ым, Басы таза б?ла?ым, Басылмайтын ??марым, ?аза?стан – ?ыраным! Со?ында патриотты? ?ндер мен ?аза?стан Республикасыны? гимні орындалады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«““Мерген” ?скери- ойын бай?ауы »
“Сұңқар” әскери- ойын байқауы
“Сұңқар” әскери- ойын байқауы І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген. ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған) Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп тұрады. Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы, жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген. Оқырмандар мен қонақтар орындарына отырған соң белгілі дайындалған балалардың орындауында патриоттық ән айтылады. Ән біткен соң жүргізуші ойынды бастайды. Жүргізуші: Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандағы байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың Қазақстан ардақтым! Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар, ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек сияқты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған. Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес, ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі “Сұңқар” деп аталатын әскери теория білгірлерінің ойын-сайысына қош келдіңіздер!. Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін. Ойынымыздың бірінші сатысы “Қанша білсең, ізден тағы жас сұңқар!” деп аталады. Бұл саты барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына бастауыш әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушы бір орденмен марапатталады. Сұрақтарға жауап беру тек қана қол көтеру арқылы жүргізіледі. Кім бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Кім бірінші қол көтергенін және берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын әскери төрешілер алқасы айтып отырады. Бірінші сатының қорытындылары бойынша ең көп орден жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде үшін жарысты жалғастырады. Егер бірінші сатының қорытындылары бойынша финалға шығу құқығына үш адамнан көбірек оқырмандардың ордендерінің саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтыларын қосымша сұрақтар арқылы іріктейміз. Бүгінгі ойынға қатысушыларға орден тағушы деген абыройлы қызметті үлгілі өнегесі және белсенділігімен танылған оқырман атқарады. Әділдікпен бұл сайысты байқайтын, Туралықтан ешқашанда қайтпайтын -төрешілер алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер (Төрешілер алқасын таныстырып өтеді. Алқа құрамына ардагерлер, қатардағы әскерилер, мектеп әкімшілігі т.б. кіргізілсе іс-шараның оқырмандар үшін беделді болуына қолайлы әсер тигізеді). Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымыздың бірінші сатысын бастайық! (Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға орден тағушы (қыз немесе ұл бала) орденін мойнына тағып тұрады). Сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Қазақстан Республикасы егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері іске асырады” деп қай бапта көрсетілген? (124 бап) 2. Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен Қазақстан азаматтары қандай сатыларға бөлінеді? (Шақыруға дейінгілер, шақырылушылар, әскери міндеттілер, әскери міндетті еместер) 3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары. (Жауынгерлік дәстүрлер) 4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (97) 5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант) 6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі) 7. Қазақстан Қарулы Күштері құрамындағы құрамы жөнінен дивизиядан кіші тактикалық құрама. (Бригада) 8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық) 9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жаяу әскер құрамындағы бастауыш тактикалық бөлімше. (Мотоатқыш бөлімше) 10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр) 11. Автоматикалық ату қаруында патронды оқшантайға жеткізу үшін, ұңғы каналын жабу үшін, капсюлді бұзу және гильзаны алу үшін қызмет ететін механизм. (Бекітпе) 12. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар) 13. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер) 14. Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик) 15. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімге бағынады? (Рота бойынша кезекшіге) 16. Шабуылда сарбаз ненің құрамында қимылдайды? (Бөлімшенің) 17. Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылындағы бұл әдіс қарсыластың атысы астында ұрыс алаңында оқ-дәрі мен жүктерді тасымалдауға көбірек қолданылады. (Қырынан жер бауырлап жорғалау) 18. “ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді? (Танкке қарсы мина) 19. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (БТР) 20. АКМ автоматының ұңғы калибрі қандай? (7, 62 мм) Қосымша сұрақтар: 1. МОН – 50 деп қандай қару-жарақ түрі аталады? (Жаяу әскерге қарсы жарықшақты мина) 2. АҚШ мотожаяу әскери бөлімшесінде қанша адам болады? (11) 3. ЗУРО “Ред Ай” қай елдің әскерінің қаруы? (АҚШ) 4. “Мардер” қандай және қай елдің әскери қаруы? (ГДР – БТР НS-30) Жүргізуші: Қымбатты ұландар! Осымен ойынымыздың бірінші сатысы аяқталды. Енді ордендерімізді санап көрелік. (Сергіту сәтін үзіліс кезінде пайдаланып, төмендегідей сұрақтарға жауап берейік) Жігіттің тоғыз жауы? 1.Ұл бала. 1. Басты жауың жалқаулық, Сорлататын жаныңды. 2. Осалдығың аңқаулық, Соқтыратын саныңды. 3. Жасқаншақ болсаң ұры алар, Қоралап қойған малыңды. 4. Жалатқызбас жасықтық, Аузыңдағы балыңды. 5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 6. Өсек терсең телмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 7. Көпірме босқа мақтан қып Түкке тұрмас барыңды. 8. Көрінгенге жалтақтап, Бола алмайсың жағымды. 9. Біреуді алдап арбаумен, Аша алмайсың бағыңды. Жүргізуші: Ержігіттің үш асыл мінезі? 2.Ұл бала. 1. Туған елі мен дос-жаранына адал болу. 2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу. 3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу. Жүргізуші: Жігіттерге тән алты асыл қасиет: 3.Ұл бала. 1. Зерде-зейіні болсын 2. Өнер өрісі болсын 3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын 4. Жігер-күші болсын 5. Қайрат қаруы болсын 6. Білімі болсын. Жүргізуші: Бәрекелді, сұңқарлар, ер жүрек азаматтар көп нәрсені біледі екенсіңдер! Қуаныштымыз! Ал, енді, үш немесе үштен көп орден жинаған ұландарымызды ортаға шақырамыз. Финалға шыққан үш оқушыны таныстырады. Егер ордендер саны бойынша үштен артық оқушы шықса, онда жүргізуші қосымша сұрақтар арқылы артық болған ойыншыларды іріктеп шығарады. Құрметті төрешілер және ұландар, финалға шыққан жас білгірлерге екінші сатының, яғни финалдың ережесін түсіндірейік. Финал “Сұңқарлар сайысы” деп аталады. Қазір финалға шыққан әрбір ұлан жинаған ұпайына сәйкес өз қалауы бойынша мына жолдың бірін таңдауға тиіс. Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған ұлан таңдайды. Ал ордендері ең аз болған финалист қалған жолға түседі. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әрбір финалист өзінің жолымен бір сатыға алға жылжиды. Қызыл жол екі сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға екі сұрақ қойылады, оларға дұрыс жауап беру арқылы ол келесі сатыға өтеді. Дұрыс жауап бермесе, ойыннан шығады. Яғни оның қателесуге құқығы жоқ. Сары жолды таңдаған оқушының жолы үш сатыдан тұрады, оған үш сұрақ қойылады. Ол бір рет қателесіп, екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңіске жетеді. Бірақ екі рет қателессе ойыннан шығады. Жасыл жол төрт сатыдан тұрады. Оны таңдаған оқушыға төрт сұрақ қойылады. Ол екі рет қателессе де келесі сатыға өтеді. Екі сұраққа дұрыс жауап берсе жеңімпаз аталады, ал үшінші рет қателессе ойынмен және бас жүлдемен қоштасады. Егер финалға шыққан оқушыға қойылатын сұраққа ол жауап бере алмаса, онда ол сұраққа жауапты тек қана көрермендер береді. Ал, енді, қырандай қанат қағып қияға ұмтылған ұландар, финалға қош келіпсіздер! Бірінші болып өзіне жолды ең көп орден жинаған қайратты да, зерделі ұлан таңдайды. Қай жолды таңдайсыз? Бірінші финалист жолды таңдаған соң оған рахмет айтып, келесі ойыншыларға ретімен жол таңдатады. Финалдық сатымызды бастаймыз да, бірінші сұрағымызды жасыл жолды таңдағанға ұсынамыз. Мұқият тыңдаңыз. 1-сұрақ: Сіз әскери антты қабылдап үлгермеген әскери қызметшісіз делік. Белгілі бір себептермен өрескел теріс іс жасап қойдыңыз. Сізге қандай жаза қолдануға болады және қандай жазаны қолдануға болмайды? Жауап: Сөгіс, кезекті сейілдемеден айыру, жұмысқа нарядқа тағайындау болады, гаупвахтаға қамауға бомайды. Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады. Ендігі кезек сары жолға түскен ұланға. Мұқият тыңдаңыз, ұмытпаңыз: сіз бір-ақ рет қателесе аласыз. 2-сұрақ. Сіз ұрыс жағдайында әскери қимыл жүргізіп жатқан бөлімше командирісіз делік. Сізде штабпен, взвод, рота командирімен байланыс мүмкіндігі бар. Қарсылас кенеттен шабуыл жасады, жағдай туралы кімге баяндауға міндеттісіз? Жауап: Аға командирге, яғни взвод командиріне. Жүргізуші бұл оқушының жауабы дұрыс болса құптап-мақтап, дұрыс болмаса жай жұбатып жолының келесі сатысына адымдатады. Ал ендігі сұрақтың кезегі ешбір қателеспей жауап беруге міндетті болған ұланға келіп жетті. 3-сұрақ: Сіз окопта танктерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан сарбазсыз делік. Егер окопқа, не гранат лақтырмақ болып тұрған жерге танк жақындап келе жатса, гранат лақтыру үшін танктің қанша метр қашықтыққа жақындап келуін тосуыңыз қажет. Егер гранатыңыз танкті тоқтатпаса сіздің әрекетіңіз қалай болуы керек? Жауап: 25-30 метр, окоптың түбіне жата қалу, не бір жағына қарай жалт береді. Танк жүріп өткен соң, тез қарғып тұрып оның осал тұсына гранат лақтырады. Қираған танктің экипажы одан түсуге ұмтылғанда, оны автоматпен атып жояды. Жауап дұрыс болса, келесі сатыға қошеметтеп өткізеді, бұрыс болса ойын алаңын қалдырып кетуді жұбатып ұсынады. Осындай ретпен жүргізуші келесі айналымды бастайды. Сөйтіп ойынның жеңімпазы анықталады. 2-айналымның сұрақтары: 1-сұрақ: Ұшу жылдамдығы 150 м/с шамадан асатын нысандарға қолданылатын ату әдісі қалай аталады? Жауап: Бөгей ату. 2-сұрақ: Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін. Жауап: Инженерлік бөгеттер 3-сұрақ: КМТ-SТ техниканың түрі ме немесе жабдық па? Ол не үшін қолданылады? Жауап: Табанжолдық миналық трал жабдығы. 3-айналымның сұрақтары: 1-сұрақ. Сіз кімсіз? Бөлімше құрамында мынадай іс-қимыл жасайсыз: қару-жарақты, оқ-дәріні, көздеу аспаптарын, оқтау мен бағыттау тетіктерін қарайсыз; ақауларын жөндейсіз; көздеу аспаптарын және қосарланған пулеметтің мұқият тексерілуін қарайсыз, бақылау аспаптарының жөндемділігін, құрал-сайман мен қару-жарақтың запас бөлшектерінің болуын тексересіз. Жауап: Көздеуші-оператор. 2-сұрақ. Бұл қандай әскери ұйым? Бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер жасақтамалары штабтарымен бірге бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын жоспарлайды және іс-қимылды ұйымдастырады. Жауап: ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штабы 3-сұрақ. Бұл қандай әскер? Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған әскер бөлімдері мен бөлімшелері. Жауап: Арнайы әскер. Жүргізуші: Қымбатты көрермендер және ұландар! Бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті. Сіздердің барлығыңызға үлкен-үлкен табыстар, егемен елімізге тыныштық пен береке тілей отырып, бүгінгі ойын-байқауымызды Ұлықбек Есдәулеттің мынандай керемет сөздерімен аяқтағым келеді: Шаңырағың – шырағым, Топырағың – тұмарым, Ғаламда жоқ сыңарың, Ғажайыбым, жұмағым, Басы таза бұлағым, Басылмайтын құмарым, Қазақстан – қыраным! Соңында патриоттық әндер мен Қазақстан Республикасының гимні орындалады