kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Досты? бізді? тірегіміз" 8 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?аза?стан халы? Ассамблеясыны? ма?саты мен міндеттерін таныстырып,этном?дени бірлестіктер екенін  т?сіндіру.

О?ушылар?а ?й?ыр хал?ыны? салт-д?ст?рлерін,дініи сенімдерін,?лтты? киімдері мен д?ст?рлі та?амдарына толы? ма?л?мат беру.

К?тілетін н?тиже:

-?аза?стан хал?ыны? бірлігі мерекесін тойлау ар?ылы о?ушылар ?й?ыр хал?ыны? м?дени адамгершілік ??ндылы?тарын біледі.

-Сонымен ?атар ?й?ыр хал?ыны? салт д?ст?рін,?о?амда?ы бірлікпен келісімді,сондай-а? саламатты ?мір салтын ?стану керектігін біледі.

?дісі:таныстырылым,т?сіндіру с?ра?-жауап.

К?рнекілігі:плакат,?й?ыр хал?ыны? ?лтты? киімдері т.б

Саба? барысы: ?йымдастыру кезе?і.

Т?рбиеші с?зі

«Жігерлі болса,ер болар,бірлікті болса,ел болар»деген данылы? с?з бар.Бейбітшілік пен бірлікті? ма?ызын ??ын?ан Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев 1992 жылы ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын ??ру туралы ойын жарияласа,??тты мекенге т?ра?тылы?ты? тамырын жай?ызатын,бірлікке сызат т?сірмеуді к?здейтін ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын 1995 жылды?

1 наурызында ??рды.Содан бері 20 жыл ?тті.2015 жылы ?аза?стан хал?ы Ассамблеясыны? жылы деп жариялан?ан  болатын.Сонымен ?атар 2014 жылы Президент жолдауында ал?аш рет Т?уелсіздік  сарайында  жолдады. Ассамблея жылы Конституциямызды? 20жылды?ы,?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы,?лы же?істі? 70 жылды?ы секілді ма?ызды о?и?алар?а бай.?аза?стан-бір ел,бір халы?,бір болаша?. «Мені? елім- м??гілік ел!,»-дейді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

«?аза?та бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ?ла?атты ??ым бар.Ендеше елімізде бейбіт ?мір с?ріп жат?ан ?лттармен ?лыстар ?кілдеріні? татулы?ы артып,?аза? еліні? ны?айып,?ркендеуіне ?з ?лесімізді ?оса берейік.
Мына бір а?ыз?а то?талайы? 
Бір кісі барма?тай ??сты ?стап алып тор?а ?амап ?ояды.Т?т?ын ??с к?ні-т?ні дамыл к?рмей «Отан»,Отан,Отан. » деп шырылдай береді.??сты? иесі: «М?ны? да Отаны бол?аны ма,ал Отаны болса ?айда екен?» ??сты ?шырып жеберейін де,?ш?ан жа?ына ?арап,?ажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.С?йтіп торды ашып,??сты босатып жібереді.??с ?шып шы?ып бар бол?аны 10 ?адам жердегі таста?ты та?ырды? арасында ?скен жал?ыз т?п тікенге барып ойлайды жа?а?ы адам.Шынында да адам т?гілі ??старда ?я салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Ту?ан жердей жат елді? болмайтыны а?и?ат
О?ан к??іл толмайтыны а?и?ат.
Алтын торда алтын ??с ?сірсе? де,б?лб?л ??с
?скен ба?ы болмаса,?онбайтыны а?и?ат!
?аза?стан б?гінде ?лттар мен ?лыстар мекендеген досты? пен туыс?анды?ты?, ынтыма? пен ырысты? ордасына айналды. Елбасы Н.?.Назарбаев халы?тар досты?ы бірлік пен татулы? орны??ан елді? жа?а ?лемдегі жа?а ?аза?стан болуы керектігін ?лы міндет етіп ?ойды. ?аза?стан халы?тары осынау ?лы к?шті? басында ?ол ?стасып бірге ж?рмек.

Ту?ан жердей жат елді? болмайтыны а?и?ат
О?ан к??іл толмайтыны а?и?ат.
Алтын торда алтын ??с ?сірсе? де,б?л б?л ??с
?скен ба?ы болмаса,?онбайтыны а?и?ат!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Досты? бізді? тірегіміз" 8 сынып. »

Тақырыбы: Достық біздің тірегіміз

Мақсаты:

Қазақстан халық Ассамблеясының мақсаты мен міндеттерін таныстырып,этномәдени бірлестіктер екенін түсіндіру.

Оқушыларға ұйғыр халқының салт-дәстүрлерін,дініи сенімдерін,ұлттық киімдері мен дәстүрлі тағамдарына толық мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже:

-Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау арқылы оқушылар ұйғыр халқының мәдени адамгершілік құндылықтарын біледі.

-Сонымен қатар ұйғыр халқының салт дәстүрін,қоғамдағы бірлікпен келісімді,сондай-ақ саламатты өмір салтын ұстану керектігін біледі.

Әдісі:таныстырылым,түсіндіру сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:плакат,ұйғыр халқының ұлттық киімдері т.б

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші сөзі

«Жігерлі болса,ер болар,бірлікті болса,ел болар»деген данылық сөз бар.Бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ойын жарияласа,құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын,бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың

1 наурызында құрды.Содан бері 20 жыл өтті.2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын.Сонымен қатар 2014 жылы Президент жолдауында алғаш рет Тәуелсіздік сарайында жолдады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20жылдығы,Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы жеңістің 70 жылдығы секілді маңызды оқиғаларға бай.Қазақстан-бір ел,бір халық,бір болашақ. «Менің елім- мәңгілік ел!,»-дейді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Мына бір аңызға тоқталайық 
Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұл бұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!



Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!

1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған

«Достық біздің тірегіміз!»-атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:

Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Жүргізуші:

Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні
Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.
Жүргізуші:

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық!

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130- дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

Жүргізуші:

«Бауырлас халықтар музыкасы»- деген сөзді қалай түсіндіңдер? 
-Достықты қалай түсінесіндер?

-Достақтың қандай түрлері бар?

Олай болса біздің бауырлас халқымыздың бірі Ұйғыр ұлтына тоқталамыз.

Жүргізуші:
Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
Жүргізуші: 
Ынтымағы жарасқан берек күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
( Ұйғыр ұлтының биі: орындайтындар Гүлжайна-------------- ).
Қолданбалы өнері.

Ұйғыр қолданбалы өнерінің ежелгі дамыған түрлеріне металды көркемдік өңдеу жатады, олар – ұсталық кәсіп, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар дайындау, ұйғырлардың металл бұйымдарының дәстүрлі жиынтығына әр түрлі мақсаттарға арналған ыдыстар: жуынуға, дәрілік тұнбаларға, шәйнектер, самаурындар, табақтар, жуынатын құралдар, тегештер, мантоваркалар енеді. Олардың арасында жай ғана пайдаланылатындары, сонымен қатар жоғары көркемдік үлгілері де кездеседі. Металды көркем өңдеуде зергерлік өнер ерекше орынға ие. Ұйғырларда барлық уақыттарда зергерлік бұйымдар кең қолданысқа ие болды, оларды еркектер де, әйелдер де тағатын болған. Ұйғырлар тоқылған және киіз кілем бұйымдарын өңдеуде үлкен өнерге қол жеткізді. Ұйғыр киіздері мен түйіндік жүн және жібек кілемдер Шығыс Түркістанның алыс шектерінде де танымал болып, кеңінен экспортталатын тауар болды. Әлемдік нарықта ұйғыр кілемдері парсы кілемдерімен бірдей бағаланды.

Ұйғыр қолданбалы өнерінің ежелгі түрлерінің бірі кесте тігу болып табылады. Ол көбіне үй өндірісі сипатында болады. Әрбір үйде әйелдер кесте тігу білді және өз отбасының қажеттіліктеріне қызмет етті. Қыздар өздеріне тойға жасау дайындады, оның көп бөлігін кестеленген бұйымдар құрады.

Қыш өндірісі – ұйғыр көркемдеу кәсібінің дәстүрлі түрі. Ағаш оюды сәнді безендіру түрі ретінде ұйғырлар дәстүрлі жиһаз, ыдыс-аяқ, балалар ойыншықтарын дайындау кезінде кеңінен қолданған.

Былғары белбеулер ұйғырларда ерлер костюмының бұйымы болып табылған. Белбеулер өрнектеліп, оймаланып, нәзік оюмен өрнектелген, жартылай асыл тастар қондырылған фигуралы күміс жалпақ тіліктермен көркемделеді. Белбеулерді безендіруде полихромды қалқаланған эмаль, алтындау қолданылған.

Дәстүрлі киімдері

Материалдық мәдениеттің жекелеген сәттерін, атап айтқанда дәстүрлі киімді сипаттай отырып, оның көбіне өз белгілерінен айрылғандығын айта кету керек. Бұрын Жетісу ұйғырларының ерлер костюмы жіңішке тік жағалы ұзын кең пішілген желбегей жейде (койнэк) мен балағы етіктің ішіне салынатын кең шалбардан (тамбал) тұрған. Жейденің сыртынан қысқа башмет киіп, оның сыртынан жіңішке тік жағалы және тар жеңді ұзын халат (чапан) киген. Халатты мақта матасының ұзын кесегінен жасалған белбеумен (бэлваг) байлаған. Қысқы сыр киім ретінде қой терісінен жасалған тон (жута) қызмет етті. Аяқтарына ұзын қонышты тар жұмсақ етіктер (мэсэ) киген, оларды үйге кірерде шешіп қоятын былғары галоштармен бірге киетін болған. Тақалы етік (отук) киген. Бас киім ретінде жазда – тақия (допа), қыста – қой елтірісімен қапталған шұға бөрік (топа), ал байларда – кәмшат, бұлғын, құндыз терісімен қапталған бөрік қызмет етті.

Әйелдер мақта матасынан тігілген, кішкене тік жағалы туника тәрізді пішілген ұзын кең жейде, сонымен қатар толарсаққа қарай тарланып келетін кең шароварлар киген. Тұрмыстағы әйелдердің жейдесіндегі қиығы мен ілгегі алдыңғы жағында кеудесінде, ал қыздардыкі – иықтарында болған. Тұрмыстағы әйелдер жейдесінің оң жақ кеудесі кестемен безендірілген. Жейденің сыртынан үйде және көшеде әдетте үнемі ұзын, тізеге дейін жететін, ілгексіз жеңсіз киім (кэмзэл) киген. Көшеге шыққанда тар жеңді (чапан), ал оның сыртынан екіншісін – анағұрлым ұзын және кең халат (перенджэ), немесе қысқа сырылған көкірекше киетін болған. Қытайлық үлгіде пішілген, өзіндік өрнектермен (мади-хан) безендірілген көкірекше (хтай-чэкойнек) де киген. Қыста олар да қой терісінен тон киетін болған. Аяқ киім ретінде көбіне галоштармен бірге жұмсақ етіктер қызмет еткен. Бас киімдері – тақия немесе орамал, қыста жалпақ жылы тері бөрік болған. Бай әйелдердің мерекелік бас киімдері сүйір төбесі ұсақ бүрмеленіп, түрлі-түсті тастармен безендірілген зерлі дөңгелек бөрік болды. Бөріктің үстінен ұзын кездемелі орамал киілген. Әйелдер беттерін жаппаған, бөтен адамды көрген уақытта беттерін орамалмен сәл ғана бүркеген.

Ұлттық тағамдары

Ұйғыр аспаздық өнері халықтың материалдық мәдениетінің өзіндік ескерткіші болып табылады. Ол өзінің бойында Батыс пен Шығыстың, ежелгі мен қазіргінің өзара әсерін жинақтаған, сонымен қатар бұл ұлы шеберлік, фантазия, талғамның әсемдігі мен үйлесімділігі. Ұйғыр асханасы тағамдарының әр алуандығы мен әр түрлілігі соншалық оның бәрін қамту мүмкін емес.

Ұйғыр асханасының ең ұнамды және кеңінен таралған тағамдарының бірі «лагман» болып табылады. Бұл арнайы дайындалған құймамен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан созылған қамырдың жіңішке жіпшелерінен дайындалған ұзын кеспе. Ұйғыр асханасының әрбір тағамының өзінің белгісі бар. Бұл тағамды махаббат тағамы деп атайды. Ұйғырларда, жыл мезгіліне байланысты, «лагман» 4 түрге бөлінеді. Көктемде бұл тағам үшін құйма жасыл пияздан, джусай өскіндерінен, сельдерей мен шалғамнан дайындалады. Жазда – қиярдан, сарымсақтан, джусайдан, қысқа және ұзын үрме бұршақтан, қызанақтан, жасыл және қызыл бұрыштан, баклажаннан, басты пияздан дайындалады. Күзде – сәбізден, кольрабиден, шомырдан, шалқаннан жасалады. Қыста – кептірілген және тұздалған көкөністерден. Сонымен қатар «лагманның» кеспесінің қалыңдығына, ұнның түріне қатысты дайындау әдістерімен ерекшеленетін түрлері де бар.

"Манты" тағамдар белгісінде жігіттер тағамы деп аталады. Оларды бір біріне қойылған торкөздер – «каскан», немесе қамыстан тоқылған жайпақ ыдыстар «жимбил» жүйелерінен тұратын арнайы құрылғыларда буға пісіреді. Олар түшпаралар «чошуря» сияқты ішіне бірдеме салынып жайылған қамырдан дайындалады. Бұл тағамның әр түрлілігі дайындау әдісіне, қамырына және ішіне салынатын компоненттеріне байланысты. Мантыны тұзы жоқ, ашытылған қамырдан дайындалады, ішіне салынатын компоненттері де әр түрлі болады, бұл ет, пияз қосылған асқабақ, жусай, інжір, клевер, жасыл пияз, айва, көкөністер және т.б. болуы мүмкін.

"Чошуряны" жас жұбайларға некелері қиылғаннан кейін екінші күні, көп балалы және ауқатты болуға тілек белгісі ретінде дайындалады. "Чошуряны" бірінші тағам ретінде де, екінші тағам ретінде де ұсынуға болады. Ұйғырлар көбіне палау дайындайды. Негізінен бұл қонақтардың тағамы. Көпшілік үшін палауды тойға немесе еске алуға арнайы шақырылған «Аш-пяз» (аспаз) дайындайды. Палау дайындау үлкен шеберлікті қажет етеді. Палауды күріштен, еттен, сәбіз бен пияздан, көбіне сарымсақ немесе мейіз қосып пісіреді.

"Самса" — анағұрлым құрметті ежелгі ұйғыр тағамдарының бірі. Самсаның нағыз атауы – самсу. Бұл ішіне тартылған ет пен пияз, асқабақ, көкөністер мен жемістер салынған тағам. Самсаны тонда немесе тандырда (нан пісіруге арналған конус тәрізді пеш). Бұл майға пісірілген тандырлық самса. Самсаға қаиыр дайындау әдістері оның қайда пісірілетіндігіне байланысты. Мысалы, тандырлық самса үшін қамырды тұз қосып, қатты етіп, қазандағы самсаға – жұмсақ, әлсіз қылып дайындайды, қамыр сондай-ақ қатпарлы немесе ашытылған болуы мүмкін.

«Самсамен» қатар «поря», «гош нан», «олук нан» туралы айтпай кетуге болмайды. "Поря" арасына, көк шөп, жусай, клевер, көктеген бидай, әскөк, орамжапырақ, кинза салынған самса тәрізді тағам. Ішіне ұсақ туралған ет пен пияз салуға да болады. "Гош нан" — етті нан, қазанда пісірілген, арасына ет пен пияз салынған самса.

"Олук нан" — буға пісірілген нан, сәбіз, асқабақ, жусай, жасыл пияздан және т.б. дайындалған орама. Ұйғырлардың аспаздық өнері Орта Азияның барлық аумақтарында танымал болды. Ұйғыр асханалары көптеген қалалар мен ауылдарда бар.

құяды. Бұл рәсімге қатысушы әрбір әйел нәрестеге өз тілегін айтуы керек. Осы суда, оны біраз жылытып, баланы жуындырады, сосын алғаш рет шашы мен тырнағын алады.

Жүргізуші:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

1-жүргізуші: Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!.




































































Тақырыбы: «Нұрлы жолда-саламатты өмірмен»атты апталық.

Мақсаты: Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Мектеп - интернат оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру. Әскери қолданбалы сайыстар мен спорттық жарыс түрлеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Міне бүгінгі күн «Нұрлы жолда-саламатты өмірмен»атты апталығымыздың екінші күні.

Яғни бұл күни «Спортпен бірге өсеміз»әскери-спорттық жарыс,қыздар арасында әскери жарыс,эстафеталық жарыстар өткізіледі.

Жүргізуші:

Жарысымызды бастамас бұрын біз әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ - қазылықты мектеп – интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ә.Алпысова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Тоғызбаев

Қатысушылар:

Жарысқа мектеп - интернатымыздың 9 - 10 сыныбының ер балаларынан құрылған командалар қатысады.

Әр командада 5 оқушыдан қатысады.

Жүргізуші:

Ұшақтанда ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз-дей келе

Жарысымыздың кезеңдерімен таныстыра кетейік.

А) Қолды бүгіп - жазу ( әр командадан 1 бала)

Ә) Темір кермеде тартылу ( әр командадан 1 бала)
Б) АК-74 автоматын уақытқа бөлшектеу және жинақтау ( әр командадан 1 бала)
В) Қол гранаталарын қашықтыққатлақтыру ( 1 бала)
Г) Арқан тартыс ( бүкіл команда мүшелері қатысады)

Д) Дала жарысы ( бүкіл команда мүшелері қатысады)

Жүргізуші:

Екінші сайысымыз «Кім жылдам»деп аталады
Мақсаты:

Мектеп - интернатымыздың қыз балалары арасында әскери іске деген қызығушылықты арттыру, Отанды қорғау - деген абыройлы міндеттің жауапкершілігін ұғындыру.

Міндеті:

Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Жүргізуші:

Жарыстың шарты:

Жарыстың шарты бойынша қатысушылар Калашников автоматын уақытқа толық емес бөлшектеу мен жинақтау жүргізеді.

Бөлшектеу мен жинақтау барысында барлық ережелердің сақталуы шарт.

Ереже шарттарының бұзылуы байқалған жағдайда ол ескеріліп, жарыс нәтижесіне әсер етеді.

Жүргізуші:

Қажырлы батыл боламыз,

Шыңдарға биік шығамыз.

Әрқашанда жеңісдеп

Алдыңғы қатарда тұрамыз.

  • Эстафеталық жарысқа

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу

Барысы:

Жүргізуші:

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы

Денсаулық қашаннан да алтынға тең,

Болады болашағың жарқын да кең.

Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,

Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Жарысымыз 2 командадан тұрады.

1 команда «Жас ұлан»

2 команда «Достық»

1. тур Таныстыру (әр команда капитаны ұрандарымен таныстыру).

2 тур Спорт - біздің досымыз,

Күш, қайрат сыналған.

Спорт - біздің досымыз

Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз «Кедергілерден өту»

3 тур

Жүйрік болса кім

Күлімдейді күн

Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз «Скакалкамен жүгіру».

4 тур

Жүгір.Жүгір, селмен жарысып,

Жүгір желмен жарысып

Нұрға сылан,

Болып қыран,

Өс ұлан –деп «Жорға, аяңдап жүруден жарыс».

5 тур

Жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар.

Күн нұрын күт,

Таза ауа жұт,

Бойыңа құт –деп келесі «Ергежейлі» аяқты жартылай бүгіп жүруден

жарыс.

6 тур

Күш атасын танымас –деп келесі турымыз «Мен күшті» арқан тартыс.

Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті.Келесі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.




































№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп–интернатының 7-10 сынып оқитын қыз балалары, әр сыныптан 1-2 қыз бала қатыстырылады.
















VI. Марапаттау

Жарыста жүлделі орынға ие болған командалар мақтау грамоталарымен марапатталады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Досты? бізді? тірегіміз" 8 сынып.

Автор: Копбаева Гулзина Амагелді?ызы

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 213005

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Досты? бізді? тірегіміз" ашы? саба?  8 сынып. "
    ["seo_title"] => string(45) "dostyk-bizdin-tirieghimiz-ashyk-sabak-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "213011"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431964551"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?зін –?зі тану саба?ыны? жоспары 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(41) "ozin-ozi-tanu-sabag-ynyn-zhospary-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "282550"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453714077"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?зін-?зі тану 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "ozin-ozi-tanu-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273596"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452249890"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зі?ді тану-?мірді тану 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "ozin-di-tanu-omirdi-tanu-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273616"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452251457"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зі?ді тану-?мірді тану 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(34) "ozin-di-tanu-omirdi-tanu-9-synyp-1"
    ["file_id"] => string(6) "273617"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452251465"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства