Просмотр содержимого документа
«Діннің кілті жүректе»
Тақырыбы: «Діннің кілті жүректе»
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: «Тәрбие сағаты»
Барысы:
I. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі. II. «Ислам діні - таза, күшті, құдіретті дін». III. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» IV. Қазақтың қара өлеңдері V. Сұрақ – жауап
Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.
Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды.
Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.
Діни ұғым бойынша Алла бір, ол біреу және бәрі соның қолында.
Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған.
Ислам дін – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.
Жүргізуші:
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.
ІІІ. Алланың өзі де рас, сөзі де рас
1-оқушы:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Аманту оқымаған кісі бар ма? Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез - кезімен нәби келді.
2-оқушы:
Қағида шариғаты өзгерсе де - Тағриф Алла еш жерде өзгермеді. Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес, Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен, Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.
3-оқушы:
«Дін - ғылымның анасы» - Дін - ғылымның анасы, Дін - ғылымның әкесі, Ғылым - діннің баласы, Дін - ғылымның көкесі!!! Ғылым да бар, дін де бар, Қоқыс та бар, гүл де бар. Адам ата өлмесін, Ақырзаман келмесін, Қол қусырып құдайға Ғылым мен дін, бірге бар!
IV. Қазақтың қара өлеңдері Жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық. Бейнеролик көрсетіледі.
V. Сұрақ – жауап
Исламның шарттары: (бір топ оқушылар)
Сіз мұсылмансыз ба?
Әлһамділіллаһи мұсылманмын.
Немен дәлелдейсіз?
Әшһадуанна-ла иллаһи уа ашһдуанна
Мухаммадун Әбудіуһу расуллуһу
Қашаннан бері мұсылмансыз?
Әлмисақтан бері мұсылманбыз.
Қалайша мұсылмансыз?
Аман келтірумен мұсылманмын.
Кімнің құлысыз?
Құдайдың құлымын.
Кімнің үмметтісіз?
Мұхаммед пайғамбардың үмметтімін.
Кімнің досысыз?
Төрт шадиярдың досымын.
Кімнің міллатіненсіз?
Ибраһим қалилланың міллатіненмін.
Кімнің мансабынансыз?
Имам Ағзамның мансабынанмын.
Мансаб нешеу? Мансаб төртеу.
Имама Ағзам мансабы
Имамы шафы мансабы
Имамы Ахмад мансабы
Имаммы Малік мансабы.
Сізді кім жаратты?
Бүкіл әлемді жаратушы құдай жаратты.
Пайғамбарың кім? Пайғамбарым Мухаммед Мұстафа
Дінім Ислам.
Ислам діні қалай орындалады?
1. Иманды жақсы көру.
2. Күнде бес уақты намазды оқып тұру.
3. Рамазан айында ораза ұстау.
4. Дүние малына зекет беру.
5. Шамасы келсе қажыға бару.
Қорытындылау.
Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап, Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз..
Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсіген.
Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды.
Елбасымыз Н.Назарбаев «біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген болатын. «Отанды сүю - иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз.