Просмотр содержимого документа
«" Би өнері – әлемнің рухани тілшісі"»
Би өнері – әлемнің рухани тілшісі
Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда, Басады ол деміңді шаршағанда. Қасиеттің киелісі - өнер деген, Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.
Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда, Ән салады әншілер, қыр - далада. Бишілер мың бұралып билегенде Тебіренер сілкініп, жер - ана да.
Қаншама адам танылған өнерменен, Өнердің арқасында, шалқып жүрген. Денеңді шымырлатып, толқытатын, Мәңгілік басымды ием, өнерге мен.
Би билеу адамның көңіл-күйін көтереді. Билеу сонымен қатар түрлі қозғалыстарды жасау арқылы қан айналымы жақсарып, бой жеңілдеп, ми тамырлары кеңейеді екен. Биді спортқа жатқызудың да өзіндік себебі бар. Өйткені би көп энергияны қажет етеді. Адам өз - өзін үнемі шынықтырып отыруы тиіс
Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болуы керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буынның әр қимылы үлкен рөл ойнайды.
Би - еркіндік белгісі. Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады. Көңіліңізге шаттықпен рахатты би бере алатыны сөзсіз. Би өмірді ұзартады, жұмысқа, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады әрі өзіңді сұлу сезінуіңе көмектеседі.
Би – өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.Сонау ерте дүниеде адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді.
Кез келген ұлттың биі әр-түрлі мағынада, әр-түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өр мінездер сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастау алған. Ал қазақ биі салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, атшабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді.
Би ... Бұл– үлкен өнер. Ал үлкен өнерді адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түсінетіні ақиқат. Халқымыз өзінің ұлттық би өнері арқылы қазақы тұрмысқа берік енген әдеп-ғұрыптар мен алуан түрлі тәрбиелік бағыттағы іс–әрекеттерді бейнелеп қана қоймай, сондай-ақ ұлағатты хам сындарлы өнерді жастардың бойына сіңіре білген.
Сонымен қатар, қазақ биі басқа ұлттардың билеріне қарағанда дененің майыса қимылдауымен де өзгеше. Және де қандай да бір бидің мазмұнын суреттеуде қол икемділігінің маңызы зор. Қол мен саусақтардың майыса билеуі арқылы киіз үйдің керегесінен бастап, аққудың теңізде тербелуіне дейін суреттеуге болады. Қазақтың ұлттық биі «Қаражорға» негізінен буын биі болып саналады. Бұл биде баланың барлық буыны толық қозғалысқа енеді. Би қимылдарын қолдану балаларды тек билеуге үйретіп қана қоймайды. Олардың сергек , шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.
« Қара жорға биі »- орындайтын 8 «б» сынып оқушылары.