Сабақтын мақсаты: 1. Оқушыларды әртүрлі тігіс түрлерімен және тігін машинаында жұмыс жасаудын техниқалық талаптарымен таныстыру.
2. Әртүрлі тігістерді орындау технологиясының ерекшелігімен таныстыру.
3. Жұмыс барысында белгім бір тәртік ережесін сақтауға, өзараға көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Оқыту түрі: фронтальдық-топтық (оқушылар бір мезгілде бәріне бірдей берілген тапсырманы орындайды, өндірістік оқыту шеберінің топтық барлық оқушыларына жетекшілік ету мүмкіндігі болады).
Пәнаралық байланыс: арнаулы технология, материалтану, жабдықтау, арнаулы сурет.
Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындағын, жұмыс орындарында қажетті құрал саймандар мен материалдардың болуын тексеру.
Оқушылардың көніл күйін жұмыс ырғағына бағыттау.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Ең алдымен, машиналық жұмыстарын орындау тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Машиналық жұмыстарын орындау үшін жұмыс орны қалай ұйымдастырылады?
Техниқалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы не білесіз?
Машиналық жұмыстарына пайдаланатын құралдары атаныз?
Тіке, қиғаш, ілмек инешаншымдар туралы айтып берініз.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру:
Тігіс жіптік тігім арқылы белгілі бір қалыпқа келтіру кезінде, тоқыма материалдары
ның бөлшектерін біріктірген кезде пайда болады.
Тігістің сыртқы түрі мен құрылымын таңдап алу бұйымға, тігістің мақсаты мен
1
материалға байланысты болады. Тігіс құрылымын сипаттайтын негізгі белгілер мыныдай: тігіске қосымша тігімнен біріктіретін бөлшектердің қиығына дейінгі аралық, тігімдер арасының қашақтығы. Тігіске қосымша мата қиықтары жіптерінің
үзілгіштігіне, қиықтарды біріктіру тәсілдеріне тігістер құрылымына байланысты. Тігім
мен бүгілген қиықтың арасындағы қашақтық бұйым мен оңын пайдаланылу мақсатына байланысты.
Әр түрлі тігіс құрылымдарының параметрлерін өлшеу. Жарыспа тігімдер аралығының қашықтығы материалға, киімнің нақты бөлшектерін өндеуге қойылатын талаптарға байланысты болады.
Машиналық тігімдерге өнеркәсіптің де тұтынушылардың да қоятын талаптары жоғары.
Тұтынышылары талабы тігістің сыртқы түрі, тігімнің дәлдігі, тігістің еңі, инешаншым жиілігінің біркелкілігі, керіп тарқандағы тығыздығы, тігімнің тұтастығы, әлсіз тұтастардың немесе материалдың тігіс сызығының қиығының болмауы, беріктігі және басқалар.
Сонымен қатар, төмендегі қарапайым кәсіптік іс әрекет тәсілдері бекітіледі:
Жиектеп тігуге жолақша матаның еңі ашық қиықтарда-20-25мм, жабық қиықтыда 30-35мм қолданылады. Жолақша матаның қиығын пішілген бөлшектің қиығына теңестереді және негізгі бөлшекке 4мм тігіс енімен біріктіреді. Жолақшаны бөлшек қиығына орап көмкергеннен кейін, екінші тігісті үлгісіне қарай жүргізеді, тігіс ені бөлшекте-4-9мм. Жабық қиықты жиектеп тігуде, жолақша матаның екінші қиығын 4-5мм бүгеді және екінші тігісті үлгісіне қарай орындайды.
Жөрмеу тігу:
Енмен жөрмеп тігуде бөлшектердің өң бетін беттестіріп, жиегінен 5-7мм тігіс жүргізеді. Негізгі бқлшектен 1-3мм енде шеттік шығарып, баса үтіктейді. Жай әдіппен жөрмеп тігуде бөлшектің қиығын 4-7мм қайырады, екінші бөлшектің өң бетімен беттестіреді және екінші бөлшек жағынан 3-5мм тігіс жүгізеді. Күрделі әдіппен жөрмен тігуде негізгі бөлшекті екінші бөлшекпен 4-5мм біріктіреді, тігісті айыра үтіктейді. Одан кейын екі бөлшекті өң бетіне аударады және әдіп енін бастыра тігеді, әдіп ені – 5-15мм.
Бүгіп тігу:
Ашық қиықты бүгіп тігуде тігіс ені 7-4мм, бүгіп немесе арнайы машинада жапсырып тігеді. Жабық қиықты бүгіп тігуде, сетінейтін маталардың етек қиықтарында ішкі қиығын бүгу ені 3-7мм, сыртқы бүгу ені -4-40мм.
Сабақты пысықтау:
Машина тігістерінің топтастырылуы.
Тігістердің қолданылуы.
Машиналық инешаншымдар мен тігімдер түрлері.
Машина тігістерінің параметрлері.
Тігістерді орындау үшін қолданылатын құрал жабдықтар.
2
ІІІ. Сабақтың негізгі бөлімі (оқушылардың жаттығулары).
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау барысындағы ағымдық нұсқау.
Мақсатты тексерулер:
Жұмыстың өз уакытында басталуын, жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру;
Еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын, орындаған операцияларға бақылау жүргізе білуін тексеру;
Қажетті жағдайға жекелеген оқушыларға көмек көрсету;
Жұмысты тексеру, орындау сапасын бағалау, баға қою.
IV. Қорытынды нұсқау.
Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.
Оқушылардың жақсы орындаған жұмыстарын көрсету.
Жіберілген қателерді сипаттау, олардың пайда болу себептеріне түсінік беру.
Жабдықтарды, жұмыс уақытын, еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануды талдау.
Бағаларын хабарлау.
Үй тапсырма: машина тігістерінің үлгілерін орындау.