О?ушыларды т?гендеу, практикалы? ж?мыс?а арнал?ан материал мен ??рал – жабды?тарды тексеру. Саба? та?ырыбы мен ма?сатын хабарлау.
ІІ. ?й тапсырмасын тексеру
?й тапсырмасын тексеру кезінде м??алім ?тілген материал туралы не білетіндіктерін тексеріп, о?ушылар?а жалпылама с?ра?тар береді. ?рбір д?рыс жауап ?орытынды шы?аруда ?осымша ?пай болады.
ІІІ. Жа?а материалды о?ып-?йрену
?й жа?дайларында а?аш, тері, с?йекті м?нерлеп к?йдіроу ?шін зауытта дайынадал?ан электр к?йдіргіш толы?тай жарамды. Ондай электр к?йдіргіш, негізінен, контурлы ж?не ре?кі суреттерді н?ктелік немесе сызы?шалы ?лгімен салу?а арнал?ан. К?йдіру ?шін к?ктерек, ж?ке, ?андыа?аш, теректі ?олдан?ан ж?н.
Кейбір а?аштар 150°С температурада т?тынады, ал кейбір а?аш т?рлере ана??рлым жо?ары температурада т?тынады. Мысалы, ж?мса? ж?ке а?ашы, шамшат немесе ?айы? а?ашына ?ара?анда не??рлым т?менгі температурада т?тынады. Сонды?тан да ж?мыса? а?ашта к?йдіру ?атты а?ашты к?йдіргеннен г?рі ана??рлым о?айыра? ж?не тезірек болады. Тере? ?рі м?нерлі к?йген із ?алдыру ?шін ?ызып т?р?ан бізді? а?аш бетіне жанасуыны? ?зі жеткілікті.
К?йдіру ?дістері ?ш топ?а б?лінеді:
- жиектік;
- сызы?шалы;
- н?ктелік.
Н?ктелік к?йдіруге то?талайы?, ?йткені ?ал?ан ?діс терді сендер білесі?дер ж?не 7- сыныпта ?тті?дер. Н?ктелік к?йдіруді орында?анда суретті сезіне білу ж?не ?рт?рлі жиеліктегі ре?к бере білу керек. Суретті к??гірт етіп жасау ?шін электр к?йдіргішті? е? ?шкір ?шымен жиі ж?не ?за? к?йдіру ?ажет. Ашы? ре?к беруде керісінше істеледі.
Дайын к?йдірілген суретке жа?тауша т?ріндегі ?рт?рлі ?рнектерді т?сіреді. Б?л кезде электр к?йдіргішті? ?шы ?рт?рлі формаларда иілген болуы ?ажет.
Электр к?йдіргішімен ж?мыс істеген кезде ?ауіпсіздік техникасы ережесін са?тау керек.
1. Электр к?йдіргіш 220 вольтпен ж?мыс істейді.
2. Электр к?йдіргішіні? ?ыз?ан бізіні? температурасы 250°С-?а дейін жетеді.
5. К?йдіру кезіндегі ?ауіпсіздік техникалы? ережелері.
V. Практикалы? ж?мыс
Б?йым дайындау ?шін о?ушылар ?лшемі 100х200 мм фанер ?келеді. О?ытушы ?ауіпсіздік техникасы ж?нінде кіріспен н?с?ама ?ткізеді, содан кейін о?ушылар кезе?дер бойынша ж?мыс?а кіріседі.
1. Дайындаманы ?ажау?а?азбен ?рлеу.
2. Суреттегі фанер к?шіріп ?а?аз ар?ылы немесе ?аламмен салу.
3. Суретті н?ктелік ?діспен к?йдіру.
4. Дайын б?йымды лакпен жабу.
М??алім ж?мыс орныны? ?йымдас тырылуы мен ?ауіпсіздік техникасы ережелеріні? орындалуын, технологиялы? операциялар мен к?йдіру ?дістеріні? д?рыс ж?руін тексереді. «?аза? ою-?рнектеріні? негізгі т?рлері» суретін ?сыну?а болады.
Саба?ты ?орытындылау
Тапсырма орындалып бол?ан со? барлы? ж?мыстар ?стелге ?ойылады ж?не м??алім о?ушылармен бірге ?здік ж?мыстарды аны?тайды, жекелеген ж?мыстарда?ы кемшіліктерді атап ?тіп, оларды жоюды? жолдарын айтады. Ж?мыстарды ба?алауда м??алім ?й тапсырмасын жа?сы орында?андар?а ?осымша ?пай береді.
?йге тапсырма. А?ашты жону ж?мыстарын орындау кезіндегі ?ауіпсіздік техникасы ж?нінде а?парат дайындау.
Ж?мыс орындары мен шеберхананы жинастырып, ретке келтіру, желдету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?ашты к?йдіріп ?рнектеу 10 сынып (?лдар)»
Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ағаш матералдардың үлгілерімен, ең қарапайым электр күйдіргіштің құрылысымен таныстыру;
Дамытушылық: ұлттық ою-өрнектер элементтерімен композиция құру шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: нүктелік күйдіру тапсырмасын орындау барысында эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: электр күйдіргіш аспабының сұлбасы көрсетілген плакат, нүктелік күйдірумен дайындалған бұйымдар, қалам, сызғыш, көшіргі қағаз, күйдіру аппаратты, ағаш, металл кесетін ара, егеу, фанер.
Практикалық жұмыс: ұлттық ою-өрнектер композициялары бар жақтаушыларды дайындау; портреттер мен картиналарды нүктелік күйдіру.
Оқыту әдісі: репродуктивтік нұсқама, практикалық жұмыс; күйдіру әдістерін түсіндіру мен көрсету
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, практикалық жұмысқа арналған материал мен құрал – жабдықтарды тексеру. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезінде мұғалім өтілген материал туралы не білетіндіктерін тексеріп, оқушыларға жалпылама сұрақтар береді. Әрбір дұрыс жауап қорытынды шығаруда қосымша ұпай болады.
ІІІ. Жаңа материалды оқып-үйрену
Үй жағдайларында ағаш, тері, сүйекті мәнерлеп күйдіроу үшін зауытта дайынадалған электр күйдіргіш толықтай жарамды. Ондай электр күйдіргіш, негізінен, контурлы және реңкі суреттерді нүктелік немесе сызықшалы үлгімен салуға арналған. Күйдіру үшін көктерек, жөке, қандыағаш, теректі қолданған жөн.
Кейбір ағаштар 150°С температурада тұтынады, ал кейбір ағаш түрлере анағұрлым жоғары температурада тұтынады. Мысалы, жұмсақ жөке ағашы, шамшат немесе қайың ағашына қарағанда неғұрлым төменгі температурада тұтынады. Сондықтан да жұмысақ ағашта күйдіру қатты ағашты күйдіргеннен гөрі анағұрлым оңайырақ және тезірек болады. Терең әрі мәнерлі күйген із қалдыру үшін қызып тұрған біздің ағаш бетіне жанасуының өзі жеткілікті.
Күйдіру әдістері үш топқа бөлінеді:
- жиектік;
- сызықшалы;
- нүктелік.
Нүктелік күйдіруге тоқталайық, өйткені қалған әдіс терді сендер білесіңдер және 7- сыныпта өттіңдер. Нүктелік күйдіруді орындағанда суретті сезіне білу және әртүрлі жиеліктегі реңк бере білу керек. Суретті күңгірт етіп жасау үшін электр күйдіргіштің ең үшкір ұшымен жиі және ұзақ күйдіру қажет. Ашық реңк беруде керісінше істеледі.
Дайын күйдірілген суретке жақтауша түріндегі әртүрлі өрнектерді түсіреді. Бұл кезде электр күйдіргіштің ұшы әртүрлі формаларда иілген болуы қажет.
Электр күйдіргішімен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау керек.
1. Электр күйдіргіш 220 вольтпен жұмыс істейді.
2. Электр күйдіргішінің қызған бізінің температурасы 250°С-қа дейін жетеді.
ІV. Меңгерілген білімді тексеру
Жалпылама сұрақтар.
1. Сендер күйдірудің қандай әдістерін білесіңдер?
2. Сызықшалы әдістің нүктелік әдістен қандай айырмашылығы бар?
3. Нүктелік күйдіруде күңгірт реңк қалай беріледі?
4. Ою-өрнектер қанадй біздермен орындалады?
5. Күйдіру кезіндегі қауіпсіздік техникалық ережелері.
V. Практикалық жұмыс
Бұйым дайындау үшін оқушылар өлшемі 100х200 мм фанер әкеледі. Оқытушы қауіпсіздік техникасы жөнінде кіріспен нұсқама өткізеді, содан кейін оқушылар кезеңдер бойынша жұмысқа кіріседі.
1. Дайындаманы қажауқағазбен әрлеу.
2. Суреттегі фанер көшіріп қағаз арқылы немесе қаламмен салу.
3. Суретті нүктелік әдіспен күйдіру.
4. Дайын бұйымды лакпен жабу.
Мұғалім жұмыс орнының ұйымдас тырылуы мен қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуын, технологиялық операциялар мен күйдіру әдістерінің дұрыс жүруін тексереді. «Қазақ ою-өрнектерінің негізгі түрлері» суретін ұсынуға болады.
Сабақты қорытындылау
Тапсырма орындалып болған соң барлық жұмыстар үстелге қойылады және мұғалім оқушылармен бірге үздік жұмыстарды анықтайды, жекелеген жұмыстардағы кемшіліктерді атап өтіп, оларды жоюдың жолдарын айтады. Жұмыстарды бағалауда мұғалім үй тапсырмасын жақсы орындағандарға қосымша ұпай береді.
Үйге тапсырма. Ағашты жону жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөнінде ақпарат дайындау.
Жұмыс орындары мен шеберхананы жинастырып, ретке келтіру, желдету.
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
Тақырыбы:Ағашты көркемдеп оюдың түрлері.
Өткізген: «Жас техник 2» үйірмесінің жетекшісі
Абильтаев А.К.
Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою әдістерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың қол икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға сай бұйымды жасауды үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, практикалық жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дайын бұйымдар,пышақ түрлері, дайын тақтайшалар, нұсқалар, плакаттар, қауіпсіздік ережелері.
Қажетті құрал-жабдықтар:қарындаш, сызғыш, ағаш материалдары, ою пышағы, балға, ара, қашау, зімпара қағазы, қиылған ою үлгісі, лак т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындығын қадағалап, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру.
б) Қауіпсіздік ережелерін тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылар, жер жүзіндегі барлық халықтарда ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай,ірі мәдениет үлгісі ретінде жақсы сақталған.Халық арасындағы шеберлер ою арқылы сәулетті ғимараттар мен қару-жарақты, т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын, бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған.Ою сөзі латынның ornamentum (орнамент) деген мағынаны білдіреді. Балалар, бүгінгі сабағымызда ағашты оюдың және ағаштардан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің алуан түрлі жасалу жолдарын іс жүзінде жасауды үйренеміз.Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт.Ағаштың:қаттылығы,салмағы,тығыздығы,иілгіштігі,түсі т.б.Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп жасауды айтады.
Жұмырлап оюда ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, ожау сияқты бұйымдарды жасауды айтады. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Геометриялық оюлар – ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі . Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш және төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады .
Геометриялық оюлар пышақ, қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементтерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады. Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер тереңдігі мен ені әр түрлі, түзу және қисық сызықты екі қырлы ойықтар. Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үш қырлы ойықтар ( үшбұрыш ) көбірек таралған .
22-сурет.Геометриялық оюлардың техникалық орындалуы.
2Екінші тәсіл – өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады.
Өрнекті тақтай бетіне көшірудің әдістері:
Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі ;
Өрнекті тақтай бетіне ортасынан бастап салу әдісі ;
Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі .
Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы :
а)Тең бүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою ;
б)Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою ;
в)Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою .
Ағашты ою арқылы бұйым жасау үшін :
Ең алдымен ою үлгісін қағазға салып алып қияды ;
Үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіреді ;
Тақтаға қарындаштың ізін қуалап , пышақтың жүзімен өрнекті түсіру үшін қашауды жұдырыққа тік етіп сығымдап ұстап, ішке қарай нығырлап тартып оюды ;
Екінші көмекші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болады ;
Дайын өрнекті , бұйымды тазалау, әрлеу , лактау.
Оқушылар ақ қағазға геометриялық ою-өрнектердің түрлі үлгілерін сызып, қию әдістерін орындайды. Верстакта ағашты өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Оқушы ағашты арамен кесу, түрпімен тегістеу, зімпарамен тазалау, қарындашпен белгі түсіріліп, ойылатын жердің бойымен сызықтар жүргізіліп, ою пышағымен кертіп ойылады, лакпен әрлеу жұмыстарын жүргізіледі.Жұмыс орындау кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы қажет.
1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жұмысқа дейін
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).
Жұмысқа қажетті құрал- саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер
(верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б).
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Жұмыс кезінде
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.
Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде алаңдама.
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.