ІV.Мұғалім сыйы: «Жанқұтты шешенңнің батасы» Бірде Жанқұтты шешен аға сұлтан Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді.Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен.Абайдың тапқырлығын,өлең шығаратыңдығын естіп жүрген шешен би баланы қасына отырғызып оған бірнеше сұрақ қояды: -Шырағым, дүние неге сүйенеді? Абай: -Дүние үмітке сүйенеді (яғни,біз әрдәйім үміттенеміз,үмітпен өмір сүреміз,алдымызға мақсат қоямыз) Жанқұтты: -Көздің көрмесі бола ма? (Көрмейтін нәрсесі барма?) Абай: -Көз қабағын көрмейді.(басқасын көрседе, жақсылықты көрмейміз дегені) Жанқұтты: -Шам жарығының түспесі бола ма? (яғни, Шам жарығы дегеніміз-ол білім,білімді адам,өзінің білгенің басқаларға үйретеді,ал өзімшіл адамдар тек өзіне қана жарық береді) Абай: -Шам жарығы түбіне түспейді. ( білімді адам,өзінің білгенің басқаларға үйретеді,ал өзімшіл адамдар тек өзіне қана жарық береді) Жанқұтты: Болат пышақтың кеспесі бола ма? (Адам өз-өзіне қиянат жасай ма? ) Абай: -Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді. (яғни,ақылды адам өз-өзің жамандаққа қимайды, өз – бойындағы жақсылықтың барлығын басқаларға береді,өзімізге жақсылық жасауымыз керек) Жанқұтты: -тамағына тарпайтын махлұхат бола ма?(Білімсіз адам бола ма?) Абай: -Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды. (Өз құлқын тойдырып алмай өзгені ойламайтын адам) Абайдың жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрапты: Сонда Абай: -Сіз сұнқар самғай ұшқан қиядағы Талпынған мен балапан ұядағы. Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем, Дүниенің жалғыз үміт тиянағы. Көз көруі жетпейді қабағына, Шам жарығы түспейді табанына, Өз сабын болат пышық өзі кеспес, Мақлұқат тартпай қоймас тамағына,-депті. Ет желініп,қымыз ішілгеннен кейін Абай: -Ата сізден сұрауға бола ма? -Е,шырағым сұрайғой,-депті Жанқұтты. -Ата, арзан не? қымбат не? Дауасыз не?-депті Абай. Жанқұтты: -Шырағым, Арзан – өтірік, қымбат –шыңдық, дауасыз – кәрілік емес пе? Қалай ойлайсыздар балалар Арзан не? Қымбат не? Дауасыз не?(Оқушылардың жауабы) -Жаңарың отты екен-ақындығың, маңдайын жазық екен-ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол!-деп батасын беріпті. V.Мәтінмен жұмыс І.1.Жанқұтты шешен кімнің үйінде отырды? 2.Жанқұтты шешен кімге сұрақ қойды? 3.Абайдың жауабынан нені байқауға болады? (Абайдың даналығын байқауға болады) ІІ.1.Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Абайдың жауабына Жанқұтты шешеннің көңілі толды ма? 3.Абай Жанқұтты шешенге қандай сұрақ қойды? 4.Жанқұтты шешен қалай жауап берді? ІІІ.1.Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар? 2.Өмірде қай уақытта тілек айтады, қай уақытта бата береді? 3.Өздерің кімнен, қандай бата алдыңдар? Түйін: Ата – бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой – пікірлерін, өсиет – өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы - нақыл сөз, мақал – мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт – дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілігі болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс – әрекетттің де тәлімді үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған , зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді. Кімдерді дана адам деп айтуға болады?Оқушылар мысал келтіріп жауап береді.(Әйгілі Абай атамыздың қара сөздерінен,үлкендердің өсиет –әңгімелерінен т.б.)Ырым сөздері жақсылыққа бастаса,тыйым сөздер жамандықтан сақтайтының туралы айтып,мысал келтіріп, ойды жинақтаймыз. Оқушылар ата-бабалар айтып кеткен аталы сөздерінің өз орны,өз мағынасы бар екенің ұғынады. |