Дәлелді түрткі болатын | Шаттық шеңбері Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамызда қаламыз. - Жарайсыңдар, балалар! - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем айларын атаңдаршы? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Көктемде қандай мерекелер тойланады? - Ия Аналар мерекесі, және жақында Наурыз мерекесін тойлаймыз. Бұл мереке біздің ұлттық мерекеміз. - Қандай ұлттық тағамдарды білесіздер? - Ал, қандай ұлттық тойларды білесіңдер? - Жарайсыңдар балалар! Балалар қараңдаршы, бүгін ауа-райы қандай керемет. Жарқыраған күн, сайраған құс, сылдырлаған су дауысы естіледі. - Балалар, бізге қонаққа Алдар көсе келді! Қарсы алайық. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді сағынып қалдым. Сендер қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер? -Жарайсыңдар, балалар! Мен сендермен осы ұлттық ойындарды ойнағым келіп тұр. Менің асықтарым бар. Сендер білесіңдер ме, асықты қандай жануарлардан алады? Үй жануарлары турлы не білесіңдер? Тақпақ білесіңдер ме? - Жарайсыңдар, балалар! | Тәрбиешімен бірге орындады Көктем наурыз, сәуір, мамыр Күн жылынады, ағаштар бүршік жара бастайды, шөптер, алғашқы гүлдер жайқалады. Құстар ұшып келеді. Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі Наурыз көже, қуырдақ, қазы қарта, ірімшік, шұбат, қымыз Шілдехана, сүндет той, тұсаукесер, беташар, қыз ұзату Балалар Алдармен сәлемдеседі Ақсүйек, қыз қуу, көкпар, асық, арқан тарту, сақина салу Үй жануарларынан, Сиыр, қой, түйе, жылқы, ешкі Нұриман: Кіп-кішкене момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам «қозым» деп, «Қошақаным» өзің деп. Айбар: Қара көзі мөлдіреген, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүні үлбіреп, Қарасам көз тоймайды. Нұрбол: Екі көзін мөлдіреп, Кекіл шашың желбіреп. Ерең жүрген далаға, Көп қарайсың елжіреп. Алуа: Момақаным маймағым, Келмейді әлі ойнағың. Қалтырайсың үйде де, Қошақаным қайда әлің. Маржан: Мынау тұрған лақ, Салпаңдаған құлақ. Су ішетін жері, Сылдыраған бұлақ. |
Сергіту сәті Ойын Билингвальды сыңары | Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Белімізді жазайық, Айналаға қарайық. Отырайық, тұрайық, Біз тынығып алайық. Ал тынығып болған соң, Ұлттық ойын ойнайық. - Жарайсыңдар, балалар! - Кәне «Асық ату» ойынын ойнайық. - Тақия, ол не өзі? Басқа қандай ұлттық киімдерді білесіңдер? - Қандай ою-өрнек білесіңдер? - Жарайсыңдар, балалар! - «Тақия тастамақ» ойының ойнайықшы. - Ұлттық ойындар – национальные игры Тақия тастамақ – такия тастамак Ойым бар бір ойын бастамақ, Аты оның – «Тақия тастамақ». Шеңбер боп отыра қалыңдар, Болмасын асығу сасқалақ. Ақырын, аспаймын, саспаймын, Шеңберді айнала бастаймын. Бәріңнің тұсыңа келгенде, Сездірмей тақия тастаймын. - Жарасыңдар, балалар! Ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Менің көңілім көтеріліп қалды. Рахмет сендерге, мен енді қайтайын. Сау болыңдар! Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде ұлттық ойындар туралы білімдеріңді кеңейттіңдер. - Сендерге қандай ойындар ұнады? Осы «Тақия тастамақ» ойынындағы тақияны өзіміз әшекейлейміз. Ұлттық ою жапсырайық және қандай ою жапсырғандарыңды айтыңдаршы. Өте жақсы. Балалар сендер ұлттық ойынды өте жақсы білетін болдыңдар. | Қимыл жасап орындады Ойынды қызыға ойнады Ұлттық бас киім Кимешек, сәукеле, шапан, камзол, қазақша көйлек, етік Ботакаөз, қошқар мүйіз, тарақ, қызғалдақ, тұмарша Балалар қайталайды Балалар ойынды қызыға ойнайды Балалар Алдармен қоштасады. Қошқар мүйіз оюын жапсырдық. |