kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?са? ?ол моторикасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:

  1. А? А4 форматты пара??а ?арапайым геометриялы? т?рлі-т?сті пішіндерді жапсырып ?йрету. 
  2. Та?ырып бойынша с?здік ?орын молайту, с?йлеу тілі мен іс-?имылды ?йлестіру. (?шб?рыш, д??гелек, т?ртб?рыш).
  3. Ойлау, есте са?тау ?абілеттілігін дамыту, ?са? ?ол ?имыл ?оз?алысын арттыру.
  4. ?арапайым н?с?ауларды орындай отырып, тазалы??а, ?демілікке т?рбиелеу. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?са? ?ол моторикасы»

Сабақтың тақырыбы: «Жапсырма»

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақ А4 форматты параққа қарапайым геометриялық түрлі-түсті пішіндерді жапсырып үйрету.

  2. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту,сөйлеу тілі мен іс-қимылды үйлестіру.(үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш)

3. Ойлау, есте сақтау қабілеттілігін дамыту, ұсақ қол қимыл қозғалысын арттыру.

4. Қарапайым нұсқауларды орындай отырып, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер,қапшықтар,түрлі-түсті моншақтар,жіп,тақта,бор.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!

Қуанасың сен де!

Келіп шыққан күнге!

Күніміз жарық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы-адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.

-Балалар, бүгін біз үйдің суретін пішіндер арқылы жапсырмалаймыз.

-Балалар,біздің жапсырмамыз қандай пішіндерден құралады? -Үшбұрыш, төртбұрыш

-Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш?

Сендердің алдарыңда конверттер жатыр, солардың ішінде бөліктері жатыр. Кәне, тексерейік барлық бөліктері жеткілікті ма?

-Жапсырмамызды немен жапсырамыз? Жұмыс барысында үлгіге назар аудару.

IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді

Саусақтарым ән салып берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады.

Кіші бөбек былдырлады.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

 Екі қырықаяқ                          (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті                    (Екі алақанды қосады).

Құшақтасқандары соншалық         (Сұқ саусақтарды айқастырады.)   

Құшақтасқандары соншалық          (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).

                                                            (Алақандарды айқастырады.)

Екеуін күштеп ажыраттық.             (Қолдарын жібереді.)

«Қомағай» саусақ жаттығуы:

Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.

Қарным менің қомағай

Бәрін-бәрін жұтады.

Қомағайдың қарны енді

Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.

Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады

Үзілмейді тартсаңда

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келеді

Достық үшін пілге мен

Гүл сыйлағым келеді.

"Үй тұрғызайық" ойыны.

Мақсаты: Балаларға пішіндерді салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені

таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Әрбір балада үйдің пішіндер бөлшектері (үшбұрыш, төртбұрыш,төбесі, есігі, терезесі т.с.с) бар. Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады, сол үлгіге қарап, оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастырып пішіндерді жапсыру.

Альбоммен жұмыс: Пішіндерді түрлі-түсті қарындаштармен, су бояумен бояу.

V. Бекіту.

Тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті

орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны. Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі

төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін,

үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік

қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып

көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды.

Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

Біз қандай жапсырма жасадық?-Олар қандай пішіндерден құралды?-Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?

-Сендердің алдарында екі сурет жатыр: бұлт пен күн. Егерде сабақ сендерге ұнаса,қызықты болса, сендер жаңадан бір нәрсе білдіңдер- күн бейнеленген суретті жапсырасындар.

-Ал егерде ұнамаса, және жаңадан ештеңе білмесендер, онда бұлт бейнеленген суретті жапсырасындар.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?са? ?ол моторикасы

Автор: Сейтова Гульмира

Дата: 12.06.2016

Номер свидетельства: 334117

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы. Тақырыбы: "Үй жағдайында кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы""
    ["seo_title"] => string(80) "ata_analarg_a_arnalg_an_shiebierlik_synyby_tak_yryby_ui_zhag_daiynda_kishi_zhast"
    ["file_id"] => string(6) "351866"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1477326456"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Кіші жастағы балалардың сенсорлық дамуы" шеберлік сыныбы"
    ["seo_title"] => string(62) "kishi_zhastag_y_balalardyn_siensorlyk_damuy_shiebierlik_synyby"
    ["file_id"] => string(6) "360439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1479568746"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«Су-Джок терапиясын балалардың тіл мүкістігін түзетуде қолдану»"
    ["seo_title"] => string(68) "su_dzhok_tierapiiasyn_balalardyn_til_mukistighin_tuzietudie_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "393784"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1487578600"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ірі және ұзақ қол қимыл моторикасын дамыту."
    ["seo_title"] => string(47) "iri_zh_nie_u_zak_k_ol_k_imyl_motorikasyn_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "445220"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513670103"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства