?рбір мемлекетті? к?ркейіп г?лденуі сол мемлекетті? т?л р?міздеріне ??рмет сезімінен ?рбитіні белгілі. Т?уелсіз ?аза?стан Республикасыны? т???ыш Президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев «Мемлекеттік р?міздер – Хал?ымызды? рухын, ?лтты? салт-санасын, ?а?арманды?ы мен даналы?ын, болаша??а ?міт арман тілегін жеткізетін ерекше ??нды белгілер», - деген еді.
Олай болса, мемлекеттік р?міздер б?л мемлекетімізді? бет-бейнесі ?ана емес, оны? тарихы ж?не ?рбір адамны? ?з еліне деген с?йіспеншілігіні? белгісі. Сонды?тан, бізді? мемлекеттік р?міздеріміз тарихты? тылсым тере?інен сыр тартып, б?гінгі азат елді? ас?а? келбетін айшы?тайды.
Бізді? елімізде жыл сайын 4 маусым мемлекеттік р?міздер к?ні ретінде аталып ?тіледі. Сонау 1992 жылды? 4 маусымында ел Президенті Н.Назарбаев «Мемлекеттік р?міздер туралы» За??а ?ол ?ой?ан еді. Ал, 2007 жылды? 4 маусымында «?Р – да?ы к?сіби ж?не ?зге де мерекелер туралы» жарлы??а ?згерістер енгізіліп, б?л к?н мемлекеттік мереке ретінде атала басталды.
Мені?ше мемлекеттік р?міздер ?зіні? к?ркемдік кейіпімен ?ана айшы?талмай, ел т?уелсіздігіні? идеялы? ?ырларын да аша т?сті. Б?л осы елді мекен етіп отыр?ан барша халы?ты? бейбітшілікке деген ынта-ы?ыласын білдіріп ?ана ?оймай, отан с?йгіштікке т?рбиелейтін ??ндылы?тарды? бірі ретінде ба?аланады.
?арап отырса? бізді? ашы? к?к т?сті туымыз адамадарды? бір-біріне сенім мен ??рметінде к?рсетеді. Таза бояумен безендірілген р?міз ел мен халы?ты? бірлігіні? де нышаны. Е? бастысы кешегі к?шпелі бабаларымызды? б?гінгі азатты??а дейінгі ?рпа? жал?асты?ыны? арасында?ы байланысы да айшы?талып беріледі. Туда?ы ?ыранны? бейнесі еркіндікті, т?уелсіздікті ж?не биікке ?ол соз?ан елдікті а??артады. ?н?ранымыз да ел м?ртебесін ас?а?татып ?рбір азамат?а к?тері?кі рух силайды.
Ал, Елта?бада?ы ша?ыра? орта? ?йіміз, ?аза?стан ынтыма? пен бірлікті? оша?ы екендігін бейнелейді. ?йткені, тілегі бір, ниеті орта? ?аза?станды?тар ?ашанда ?здеріні? орта? м?ддеге ??лшыныстарымен танылып келеді. Ша?ыра? биік болса, елді? іргесі де ны? болатыны аны?.
Сонды?танда, мемлекет басшысы Н.?.Назарбаев елдік істерді? е? басты ?ырлары – отан с?йгіштік ??ндылы?тар екенін баста атап к?рсетуде. ?йткені, Біз ?ашан да бейбітс?йгіш ел ретінде ?лемге танылып келеміз. К?п ?лтты елімізді бірлік пен ынтыма? жарасым тауып, саяси т?ра?тылы?ты? да са?талып отыр?анды?ы жа?сылы?ты? нышаны деуіміз ?ажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Әрбір мемлекеттің көркейіп гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне құрмет сезімінен өрбитіні белгілі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – Халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміт арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», - деген еді.
Олай болса, мемлекеттік рәміздер бұл мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан, біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды.
Біздің елімізде жыл сайын 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі. Сонау 1992 жылдың 4 маусымында ел Президенті Н.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға қол қойған еді. Ал, 2007 жылдың 4 маусымында «ҚР – дағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» жарлыққа өзгерістер енгізіліп, бұл күн мемлекеттік мереке ретінде атала басталды.
Меніңше мемлекеттік рәміздер өзінің көркемдік кейіпімен ғана айшықталмай, ел тәуелсіздігінің идеялық қырларын да аша түсті. Бұл осы елді мекен етіп отырған барша халықтың бейбітшілікке деген ынта-ықыласын білдіріп ғана қоймай, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін құндылықтардың бірі ретінде бағаланады.
Қарап отырсақ біздің ашық көк түсті туымыз адамадардың бір-біріне сенім мен құрметінде көрсетеді. Таза бояумен безендірілген рәміз ел мен халықтың бірлігінің де нышаны. Ең бастысы кешегі көшпелі бабаларымыздың бүгінгі азаттыққа дейінгі ұрпақ жалғастығының арасындағы байланысы да айшықталып беріледі. Тудағы қыранның бейнесі еркіндікті, тәуелсіздікті және биікке қол созған елдікті аңғартады. Әнұранымыз да ел мәртебесін асқақтатып әрбір азаматқа көтеріңкі рух силайды.
Ал, Елтаңбадағы шаңырақ ортақ үйіміз, Қазақстан ынтымақ пен бірліктің ошағы екендігін бейнелейді. Өйткені, тілегі бір, ниеті ортақ қазақстандықтар қашанда өздерінің ортақ мүддеге құлшыныстарымен танылып келеді. Шаңырақ биік болса, елдің іргесі де нық болатыны анық.
Сондықтанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев елдік істердің ең басты қырлары – отан сүйгіштік құндылықтар екенін баста атап көрсетуде. Өйткені, Біз қашан да бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге танылып келеміз. Көп ұлтты елімізді бірлік пен ынтымақ жарасым тауып, саяси тұрақтылықтың да сақталып отырғандығы жақсылықтың нышаны деуіміз қажет.