7.«Спорт түрлерінен сайыс» (Кір тасын көтеру, қол күрестіру,т.б) 1 - жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысы на қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп жарияладық.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.Олай болса жігіттеріміздің әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қолдамақ Ел намысын қорғамақ. Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ. Көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырды. Сайысымызға 3 топ: «Қыран», «Бүркіт», «Лашын» топтары қатысып, өз білімдерін, өнерлерін, шеберліктерін бәйгеге салды.
Сайысымыздың І кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталды.Осы кезеңбойынша 3 топта, өз таныстыруларын айтып өтті.
Жігіттер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дамытуға Қорықпастан сахнаға келіп жетті Әдеппен сіздерменен танысуға –деп жырлағандай өз таныстыруларын ортаға салды. Әділқазылар алқасы жігіттеріміздің таныстыруларына өз бағаларын беріп отырды. Сайысымыздың ІІ кезеңі «Сегіз қырлы бір сырлы» - яғни, өз өнерін көрсету .
Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай Ер өнері білінбес, Қоян - қолтық алыспай.
«Қыран» тобының жігіттері өлең айтып, «Бүркіт» , «Лашын» топтары Мұқағалидің өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.
«Талапты ерге нұр жауар» - дегендей ,ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек. Сонымен сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап берілді. Салт - дәстүр бойынша сұрақтар экраннан слайд түрінде берілді. 1. Жеті атаңызды атаңыз. 2. Жеті қазынаға нелер жатады? 3. Үш ұғымына байланысты, Үш жүз, үш тәтті, үш арсыз, атап беріңіз 4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады? 5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? 6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
Сайысымыздың келесі түрі «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымы .
Жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырды.
«Қыран» тобының жігіттері арқан өріп, «Бүркіт» тобы ат әбзелін дайындап әкеліп, «Лашын» тобы қағаздан гүл, жануар келбетін жасап таныстырып өтті. Әділқазылар алқасы өз бағаларын беріп отырды.
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті-дегендей ,сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап» деп аталды. Слайдтан «Кім тапқыр» деген ойын әдісімен әр терезе ұпай саны көрсетіліп, оқушылар өз қалаулары бойынша таңдалып, берілген мақалдың жалғасын айтып отырды, 1. Ағайын алтау, ана......(біреу) 2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық) 3. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер) 4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың) 5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің 6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол) 7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
VI кезеңі бойынша « Мергендер сайысы» деп аталды, бұл кезеңде асық ойыны беріліп , жігіттеріміз өз мергендіктерін көрсетуде «Лашын» тобы алда болды. Асығымыды тігіп ойынды жалғастырдық.
Сайысымыздың VIІ кезеңі « Спорт түрлерінен сайыс» деп аталды. Бұл кезеңде жігіттеріміз қол күреспен, жерге серпілу спорт ойынынымен бақ сынасып , өз намыстарын қолдан бермеді.
Жүргізуші соңғы сөзін жыр шумақтарымен аяқтап, әділқазылар алқасына өз бағаларын беруді сұрады. Достарым, түсініңдер сөздің нарқын, Әр кезде бола берсін жүздер жарқын. Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың, Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
Әділқазылар алқасы 3 топты бағалай келе, өз нәтижелерін хабарлады. «Бүркіт» тобы І орынмен, «Лашын» тобы ІІ орынмен, «Қыран» тобы ІІІ орынмен марапатталды. Сонымен бірге, көрермендер арасынан оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әртүрлі әндер орындады.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе, 3 топта өз білімдерін, шешендіктерін, шеберліктерін, өнерлерін көрсетуде жақсы деңгейде көрсете білді.
№6 орта мектебі жанындағы тәрбиеленушілерінің арасында «Жігіт сұлтаны-2017»топтық сайысы өтті.
Анықтама
Сайыстың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.
Сайыстың өту барысы:
Сайыстың шарттары :
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2. «Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін көрсету
3. Сұрақ – жауап. (салт - дәстүрге байланысты)
4. «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымы
5. Мақал – мәтелдің жалғасын тап.
6.Мергендер сайысы. Асық ойыны.
7.«Спорт түрлерінен сайыс» (Кір тасын көтеру, қол күрестіру,т.б) Сайысқа «Қыран», «Бүркіт», «Лашын» топтары қатысты. Топ мүшелері «Бүркіт» тобының топ басшысы Дастан, Саламат, Нұрзат, Әсет,Асылбек,Нұржан,
«Қыран» тобының топ басшысы Айсар, Азат, Ақжол, Мейірбек, Нұрзат, Нұрсұлтан,
«Лашын» тобының топ басшысы Нұрқасым, мүшелері Нұрмұханбет, Әлішер, Нұрбол, Ерасыл, Азамат.
Әр шарттың әр бөлімі бойынша берілген сұрақтар интерактивті тақтадан слайдттан көрсетілді.
Сайысымызды қорытындылай келе , әділқазылар өз ұпай сандарын айтты. «Бүркіт» тобы І орынмен, «Лашын» тобы ІІ орынмен, «Қыран» тобы ІІІ орынмен марапатталды.
«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.
1 - жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бармысыздар жан күйер әз - қауымдас! Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық. Біздерде ойын - сауық басталады, Тамаша күй тартылып, ән салайық. Қошеметтеп қол соғып отыралық, Ұмытарсыз күні бойға шаршағанды
2 - Жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан, Бойына бар асылды жиған ұлан. Қазақтың қасиетті жігіттері, Жанына нұр дарыған, жыр дарыған. Дария ой, даналардан бата алғандар, Айнымас алмас қылыш атанғандар. Қазақтың қасиетті жігіттері, Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Сайысымыздың бағдарламасы: 1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру 2. «Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін көрсету 3. Сұрақ - жауап(салт - дәстүрге байланысты) 4. «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарын жасай алуы
Сөз тауып күн қылатын көңіл – күйді, Мектепте өнерімен болған сыйлы. 9сыныптың ер жігіті, сұлтаны Шығарайық ортамызға Жандәулетті
Өнерменен білім жағын бір қосқан Кем қалмаған талантпенен табысқан Қараңыздар ортада Нұржігітті Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
Біледі ол жақсы менен жаманды Өнерменен тамсандырған адамды Қошеметтеп шақырайық ортаға Нүркен атты жігіт болған сарбазды
Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында, Барлық істі тыңдауы бар ойында Талғатұлы Қанаттай жігітті - деп сайыскерлерімізді жеребе алуға шақырайық.
І - жүргізуші Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І - кезеңі «Таныстырсам өзімді»деп аталады. Сонымен талапкерлерімізді ортаға шақырайық. ІІ - кезең «Еңбек ердің – санаты, білім - ердің қанаты»- демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, Ақылды жігіт ата - анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай атаған. «Көсем жігіт»- ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт»- дау шешетін жігіт, «Батыр жігіт»- еліне қамқор жігіт, «Сері жігіт»- аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Сегіз қырлы бір сырлы»деп аталады. ІІ - жүргізуші Ей, жігіттер! Сендерге биік ата салтын құрметтеп, Ақтай білсең ата - баба үмітін. Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп. Енді ақыл - ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты. Бұл кезеңде жігіттеріміз сұрақтарға жауап береді. І - жүргізуші Жігіттің көркі - өнері Талап кісі - мұраты. Өнер қалмақ артында, Дүниенің өшпес шырағы. Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті күні бүгінге дейін өз құнын жоғалтқан емес. Келесі кезең «Шебердің қолы ортақ»деп аталады. ІІ - жүргізуші Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай. Күш өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Күш атасын танымас»деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз 16кг кір тасын көтереді. Қорытынды.
«Жігіт сұлтаны» байқауы
«Жігіт сұлтаны» байқауының үміткерлері 8 ұл бала қатысады
Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Сурет - билборд, шарлар, гүлдер.
Байқауға қатысатындар: Топ тәрбиеленушілер.
Байқаудың қонақтары: ата - аналар, әріптестер, балалар.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
«Жан досым» әні орындалады.
ФАНФАРА
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Барымызды салайық.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар!
«Жігіт сұлтаны» сайысымызға қош келдіңіздер!
ФАНФАРА
Балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, біріміз күә болайық.
Әділқазы береді
Өздеріңе билекті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
- деп ең алдымен Сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.------
2.--------
3.--------------
Жүргізуші:
Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,
Сайыста көңіл менен қол соғайық.
Ұмытарсыз бүгін Сіздер шаршағанды - дей отыра сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.
КВН әні арқылы жігіттер сахнаға кіреді.
Әнші жігітіміз Елнұр!
Алғыр жігітіміз Нұрдаулет!
Мейірімді жігітіміз Мейіржан!
Шырайлы жігітіміз Бақытжан!
Салмақты жігітіміз Санжар!
Мықты жігітіміз Ержігіт
Өнерлі жігітіміз Рауан!
«Жігіт сұлтаны» сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы». Таныстыру.
2. «Адам көркі шүберек». Сән көрсетілімі.
3 «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы
4. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.
5. Мергендер сайысы. Асық ойыны.
6. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.
7. «Отан, туған жер, жеңісімізге 70 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлең жарысы.
8. Үй тапсырмасы. Ата аналардың қатысуымен.
Жүргізуші: Сайыс алдында жақсы тілек білдірейік. Ортаға Нұрдаулеттің атасын қошаметпен шақырайық.
БАТА
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» деп аталады.
Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз.....
Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер өзіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі әрі ақын, әрі әнші,
Таныстырып кетті ғой тегіменен.
Парасатты ер жігіт,
Ақылына сай жігіт.
Өнеріңді өркендет,
Тең келеді қай жігіт?
Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімі
«Адам көркі шүберек» сән үлгісін көрсету бөлімін бастаймыз.
ЖІГІТТЕР КИІМ ҮЛГІСІН ӘСЕМ ӘУЕН АРҚЫЛЫ КӨРСЕТЕДІ.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.
3 «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы.
Жүрг.: Құрметті көрермендер, әділ - қазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.
Өнерлері
1. Елнұр «Бөбектер» өлеңі
2. Санжар «Еліміздің мақтанышы» спорт биі
3. Бахытжан «Танго» биі
4. Нұрдаулет «Үнді» биі
5. Мейіржан «Сұлу қыз» өлеңі
6. Ержігіт «Казанова» әзіл көрініс би
7. Рауан «Қазақ» биі
4. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.
Жүрг.: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
Жүлде сенде, қуана бер күлімде –
Келді кезек тапқырлықты танытар - деп
«Білімді мыңды жығады» деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Балабақшамызда білім алып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.
ӘДІЛ БАҒА БЕРЕТІН МҮШЕЛЕРІНЕ, АТА - АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ КӨРСЕТУ.
5. Мергендер сайысы. Асық ойыны
Жүр.: Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Мергендер сайысы.
1 м. – дәл тигізсе – 5 ұпай;
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)
6. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.
Жүр.: Қамшы тарту. Ата көрген оқ жанар демекші. Әкелері ұлдарына қамшы өрүді қалай үйреткенің, балалары қалай орындайтынын бағалайсыздар. Берілген уақытта кім қанша өргенін көреміз. Балалар қамшы өріп тартады.
Алтыншы сайысымыз бойынша әділ – қазы алқалары бағаларын берсе
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)
7. «Отан, туған жер, жеңісімізге 70 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлең жарысы.
Жетінші сайысымыз бойынша әділ – қазы алқалары бағаларын берсе...
Сайысымыздың соңғы бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Балалар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
1) Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша «Ия солай» әсем әнін тамашалаңыздар.
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
Жүргізуші:
Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!