kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"IT STARS" топты? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л 2 топ арасында ?ткізілетін топты? сайыс. Сайыс жеті кезе?нен т?рады. Ма?саты: о?ушыларды? ойлауын, компьютерлік сауаттылы?ы мен іскерлігін, танымды? ?абілетін, логикалы? сауаттылы?ын дамыта отырып, оларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын, белсенділігін арттыру.

Білімділік:о?ушыларды? лидерлік ?асиетін ?штап, аналитикалы? ?абілетін ашу, интеллектуалды? де?гейін арттыру.

Т?рбиелік: п?нге, білімге, шы?армашылы??а, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе ж?мыс істеуге т?ртіптілікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу. 

Дамытушылы?: логикалы? ойлауын, танымды? ?ызы?ушылы?ын, о?ушыларды? а?ыл - ойын жан - жа?ты дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"IT STARS" топты? сайысы»

IT stars» топтық сайыс

Сабақтың тақырыбы:«IT stars» топтық сайысы.

Сабақ түрі: топтық сайыс

Сабақ әдісі: слайд сұрақтар, жасырын және ситуациялық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Білімділік:оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.

Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.

Көрнекіліктер: компьютер және кабельдер, слайд, телевизор, плакат, музыкалық аппаратура, сұрақтар мен суреттер.

Қатысушы топтар: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

мамандығының 201,301 топ студенттері.


Сабақтың барысы:


Жүргізуші:

Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!


Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «IT stars» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар:

1._______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________

Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;

I топ – « »
II топ – « »
Жүргізуші:

-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.

Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
I-кезең.
Таныстыру.
II-кезең.Үй тапсырмасы.
III-кезең.Блиц сұрақтары.
IV-кезең.Ойлан тап!

V-кезең. Кім жылдам?

VI-кезең. Мен кіммін?

VII-кезең. Жасырын тапсырма.

Қорытындылау.

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын беріп отырады.

I-кезең.Таныстыру.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Топтар өз ұрандарын, эмблемасын және топтың атауыларымен таныстыру керек (5 немесе 10 ұпай).

II-кезең. Үй тапсырмасы.

Топтарға алдын ала «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңалықтары» атты үй тапсырмасы берілген. Әр топтан бір оқушы экранда өздері дайындаған кемінде 3 жаңалықтарын баяндауы керек (20 немесе 30 ұпай).

Жүргізуші:

Келді кезек доданы да  шешуге,
Жауаптарды табу керек лезде.
бөліктерін тез арада білсеңіз,
5-тік ұпай, шәкірт саған несібе.

III-кезең.Блиц сұрақтары.

Әр топқа 20 сұрақ қойылады, 30 секунд ішінде оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

I топ – « ».

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)

  2. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)

  3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)

  4. 1 терабайт нешеге тең? (1024 гигабайт)

  5. Мәтін енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)

  6. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  7. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

  8. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

  9. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)

  10. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)

  11. Қатарлардан және бағандардан құрастырылған ұяшықтар жиынтығы нені береді? (кесте)

  12. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Беббидж)

  13. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)

  14. Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)

  15. Алдыңғы символды өшіру пернесі? (BaskSpace)

  16. Ең қарапайым графикалық редактор? (Paint)

  17. Ақпараттық процесстердерді зерттейтін ғылым? (информатика)

  18. Интернетке шығатын құрылғы? (модем)

  19. Мәліметті уақытша сақтаушы құрылғы? (оперативті жады)

  20. Принтерлерге арналған стандартты қағаз? (А4)


II топ – « ».


  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).

  2. Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)

  3. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылығы? (микрофон)

  4. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)

  5. Windowsтың атасы? (Билл Гейтс)

  6. F1 – F12 қандай пернелер? (функционалдық)

  7. Ең қарапайым мәтіндік редактор? (WordPad)

  8. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл-хорезми)

  9. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

  10. Зиянкес бағдарлама (вирус)

  11. Презентациялармен жұмыс жасайтын бағдарлама (Power Point)

  12. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

  13. Компьютер сымдары (кабель)

  14. «Ақпарат» сөзінің ағылшынша атауы? (information)

  15. Программа жазатын маман (программист)

  16. Бүкіләлемдік желі (интернет)

  17. Мини флешкаларды ашатын құрылғы? (картридер)

  18. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

  19. Суреттерді енгізуші құрылғы? (сканер)

  20. Лазерлік принтерге салынатын порошок? (тонер)

Жүргізуші:

Білім деген биік шың 
Бақытқа сені жеткізер 
Білім деген ақылшың 
Қиындықтан өткізер- дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз.

IV-кезең.Ойлан тап! Бұл кезеңде жұмбақтар қойылады.Толық айтылған жауапқа

5 ұпайдан беріледі.

Жұмбақтар:

І топ « »

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын. (тышқан)

II топ – « »

1.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн барда, бір күн жоқ.

Оны есепке алсаң,

Ұзын саны 107 (пернелік тақта)

2.Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның.

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің,

Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)

3.Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылға жатады.

Қозғала салса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

4.Төрбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

5.Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отырып келесі кезеңге өтейік.

V-кезең. Кім жылдам? Топтан бір оқушы ортаға шығады. Бұл кезеңде әр топтың оқушысы компьютер құрылғыларының кабельдерін жалғау тапсырмасы беріледі, ойынның шарты – көздері байланып, жылдам түрде кабельдерді жалғау керек. Қайсы топ бірінші жалғап бітірсе, сол топ жеңіп шығады. Екі топқа бірдей компьютердің құрылғылары мен кабельдері беріледі. (жеңген топқа 20 ұпай беріледі).

Құралдар және кабельдер тізімі: жүйелік қорап, тінтуір, пернетақта, монитор,кабель

Жүргізуші:

«Жарыс заңы ежелден, 
Жеңімпазды анықтау. 
Жеңімпаз болу шарты сол 
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз. 
VI-кезең. Мен кіммін? Бұл кезеңде көрермендер арасынан әр топтың жанкүйерлері ортаға шығады. Ойын шарты: жанкүйер өз бетін контурлық суретке қояды, бірақ суретті ол көрмеуі керек. Жанкүйер топ оқушыларына Мен жануармынба? Мен темірмінба? Мен ұзынмынба? Деген сияқты сұрақ қою арқылы суретті табу керек, ал оқушылар тек «иә» немесе «жоқ»деген сөздерді айтып жауап бере алады.Әр топқа 1 суреттен беріледі.

(Суретті тапқан топқа 20 ұпай беріледі).

І

топ: « »





ІІ топ: « »


ІІ топ: « »








VII-кезең. Жасырын тапсырма.

Бұл кезеңде әр топтан ортаға кезе

VII-кезең. Жасырын тапсырма.Бұл кезеңде әр топтан ортаға кезекпен бір оқушы шығады.

І топқа « » - тапсырма орындаудан бұрын қолына белгілі бір тақырыпта лекция беріледі, лекция оқып жатқан кезде бірден әр уақытта әр түрлі музыкалар қойылады.Музыка ойнаған кезде оқушы әрі лекция оқып – әрі би билеп беруі керек.

ІІ топқа « » - тапсырма орындаудан бұрын қолына белгілі бір тақырыпта лекция беріледі, бірақ лекцияны белгілі танымал минуска музыкамен сәйкестендіріп ән етіп оқып беруі керек. Бұл ойында оқушы өз артистік қабілетін көрсетуі керек. Ойын 20 немесе 30 ұпай мен бағаланады.

І-топ. « »

Лекция:

Интернет (оқылуы [интернет]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерліксерверлердің бүкіләлемдік желісі.Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

ІІ-топ. « »

Лекция:

Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);

  • қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).

Қорытындылау.Осымен кезеңдер аяқталды, оқушылардың ұпайларын есептеп болғанша көрермендермен бір ойын ойнай тұрайық. Жеңімпаз топтарды анықтау, І немесе ІІ орын беру.

Жүргізуші:

Компьютердің әр сөзі,

Толып жатыр кәдеге.

Көңілділер сайысы,

Келіп жетті мәреге.

Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз.

Осымен «IT stars» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.


Сау саламат болыңыздар!




























Интернет (оқылуы [интернет]; ағылш. Internet —

International Network) — компьютерлік серверлердің Бүкіл

әлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әрбір топтарда көбінесе UNIX

 операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.









Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиент

тер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау компанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен



  • бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"IT STARS" топты? сайысы

Автор: Киікбаева Айтол?ын Киікбай?ызы

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319803

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "intellectual show "ZEREK""
    ["seo_title"] => string(21) "intellectualshowzerek"
    ["file_id"] => string(6) "293004"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455383430"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "intellectual show "ZERDE"""
    ["seo_title"] => string(21) "intellectualshowzerde"
    ["file_id"] => string(6) "293006"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455383599"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жас географтар cайысы "
    ["seo_title"] => string(25) "zhas-ghieoghraftar-caiysy"
    ["file_id"] => string(6) "188806"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426754328"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства