Просмотр содержимого документа
««Тілім – асыл ?азынам».»
Сабақтың тақырыбы: «Тілім – асыл қазынам».
Мақсаты: Оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөйлеуге, Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тілім –асыл қазынам» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
-Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы «Өнер алды-тіл» дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,-деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін меңгеруі тиіс.
Енді сіздерді сайысқа қатысушылардың жауаптарын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырамын.( Әрқайсысының аты-жөні, дәрежесі айтылады, бағалау нормасы - 3,4,5 ұпаймен).
«Аққу» биі, орындайтын қыздар тобы.
І кезең. Таныстыру.
І топ «Тапқырлар».
Гүлденіп жалын атқан бүгін дала,
Даңқымен талай жылдар мен де келем.
Бүгінгі достық туын тіккен дара,
«Ойшылдарға» «Тапқырлардан» мың бір сәлем!
ІІ топ «Ойшылдар».
Достармыз бірге жүрген біз талайдан,
Қазақ тілде кездестік бір орайдан.
Сәлеміңді «Тапқырлар», қабыл алдық,
Біз де жауап береміз «Ойшылдардан».
ІІ кезең. Дода.
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Қ Р-ның мемлекеттік тілі қай Тіл?
Қазақстанның Туының авторы кім?
Наурызда пісірілетін басты тағам?
Күздің бірінші айын атаңдар?
ҚР тәуелсіздігін қашан алды?
Қ Р-ның рәміздерін ата.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Қазақстанның Президенті кім?
Қазақ тілінде буын түрі нешеу?
Айыртау ауданының әкімі кім?
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақтың ұлы ақыны кім?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Діни мерекелерді ата.
Қазақтың тұңғыш ғалымы кім?
Ұлттық тағамдарды ата.
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Дауыссыз дыбыс түрлерін ата.
Мемлекеттік тілді білу кімнің парызы?
ІІІ кезең. «Тапқырлық». Мақал-мәтел, жұмбақтар оқылады, тастап кеткен сөзді табады орыс тіліне аударады.
Отансыз адам – ормансыз ( бұлбұл - соловей).
Ата – бәйтерек, Бала – (жапырақ – лист).
Кітап – білім (бұлағы - родник).
Мектеп – кеме, Білім – (теңіз - море).
Өнер алды – қызыл (тіл - язык).
Денсаулық – зор (байлық - богатство).
Ақыл азбайды,( білім – знание) тозбайды.
Батыр туса-ел ырысы, (жаңбыр – дождь) жауса-жер ырысы.
ә) «Қызғалдақтар» деген сөзден бірнеше сын есімдер тауып жазыңдар.
V кезең.«Полиглот» жұмбақтың жауабын үш тілде беріңдер. (қазақ,орыс,ағ-ылшын тілдерінде).
1. Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. ( Слон,піл, элефан)
2. Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Верблюд, түйе, кэмэл)
3. Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан. (Солнце, күн, сан)
4. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. ( Луна, ай, манз)
VІ кезең. Грамматикалық тапсырма.
Зат есім дегеніміз не?
Үзіліс сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Ана сөзін септе.
Сан есім дегеніміз не?
VІІ кезең. «Өнерпаз болсаң ...». Әр топ өзінің дайындаған ән,би, тақпақ өнерін көрсету. (Күн бұрын берілген үй жұмысы).
Мұғалім: -Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
« Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-ба-бамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрмет-теп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйле-сейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт дей отырып, бүгінгі «Тілім – асыл қазынам» атты сайысымыз осымен өз мәресіне жетті.