Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту. Тақырыбы: " Үй жануарлары".»
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру.
Д.М: Сөздік қорын, есте сақтау қабілетін, кейіпкердің бейнесіне ене
білу іскерлігін дамыту.
Т.М: қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекіліктері: Үй жануарлары суреттері, жайлау көрінісі, ноутбук, малдан жасалған өнімдердің суреттері.
Сөздік: үй жануарлары - домашние животное - home animals (хом әнималс)
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу- ең алдымен әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Сондықтан да алдымен сабағымызды бастамас бұрын, сабағымызға қатысып отырған қонақтармен амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello!
Шаттық шеңбері : «Жылы сөз»
Шашы алтын, көзі-от,
Шыға ғой, Күн тезірек:
Шуақ берші,жылу берші
Маған, қозы,лағыма
Тағы-тағы, тағы да.
Алдыңғы сабақтарда үй жануарларымен танысқан болатынбыз. Соны үш тілде қайталап көрейік. өткен төрт түлік туралы мақал-мәтелдерді сұрау.
Жаңа сабақ:
Балалар бүгінгі сабағымыз «Үй жануарлары» деп аталады. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды атаймыз иа. Ал, үй жануарларына не жатады? ( Оқушылардың жауабы)
«Ерте кезден ата-бабаларымыз малмен айналысқан. Малды ерекше құрметтеген. Оларға су,шөп, жем беріп күтіп, баптап, жазда жайлауға жайып, қыста жылы қорада ұстаған. Ғасырлар бойы қазақ халқының негізгі шаруасы мал болғандықтан, төрт-түлік малға ерекше көңіл аударып дәріптеп қадірлеген.Қазақ халқы көшпенді ел болып,төрт-түлік мал- көшсе көлігі,жесе тамағы, кисе киімі, ауырса емі болған. Терісінен тон тігіп, жүнінен байпақ, пима жасаған. Олар тұрақтанғаннан кейін де төрт-түлік малдан қол үзбей негізгі шаруасы болып қала берді.Қазақ халқы төрт-түлік малдың әр біреуіне ерекше ілтипатпен қарап, қамқорлық көрсеткенекен.»
Ал, қане кімнің үйінде үй жануарларынан не бар? (Оқушылардың жауабы)
Итті не үшін ұстайды? Мысықты ше?
Иа балалар дұрыс айтасыңдар, мысық үйді тышқандардан тазартқан, итті қорамызды, қорадағы малымызды күзету үшін асыраған екен.
Біздің жайлау тап таза бұлағы да,
Ән салады майысып, құрағы да.
Жазда барамын жайлауға демалуға,
Асау тайдың ойнаймын құлағында. Балалар бүгін біз жайлауға саяхатқа шығамыз. Бірінші біз « Жұмбақ» ауылына тоқталайық.
1. «Жұмбақтар» ауылы Кішкене ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
(ешкі)
Үстінде екі тауы бар,
Кезекті бір жануар.
(түйе)
Көкке шаншып құйрығын
Келеді шауып жүйрігім.
(құлын)
Үй сыртында өмір сүреді,
Біреу келсе үреді.
(ит)
2. Келесі ауылымыз «Дыбыстар» ауылы. «Не қалай дыбыстайды?»
Ноутбугтан үй жануарларының дыбыстарын тыңдатамын, балалар дауысын есту арқылы қай жануар екенін табады.
Сергіту сәті
3. «Ойын» ауылы
Бұл ойында үй жануарларының суретінің астындағы қалташаға төлдерінің суретін дәл тауып салады : қой-қозы, жылқы-құлын, түйе-бота, ешкі-лақ, сиыр-бұзау, ит- күшік, мысық- марғау.
4. «Пайда» ауылы
Балалардан үй жануарларының пайдасы туралы сұрау
Сиыр-сүт, қаймақ, май, айран, қатық, құрт, ірімшік;
Қой-сүт, ет, жүн, тері;
Ешкі –ет,сүт, жүн;
Жылқы-ет, қымыз;
Түйе –жүн, шұбат.
5. «Тәжірибе» ауылы
Балалар бір уыс жіп алып,оны қоқымнан, тікеннен тазалап түтеді және тәрбиеші көмегімен жіп иіріп көреді.
6. «Сөздік» ауылы
Жылқы- лошадь- horse ( хос)
Қой – баран- ram (рәм) sheep
Сиыр – корова- cow ( кау)
Түйе – верблюд- camel (кәмэл)
Ит- собака-dog
Мысық – кошка- cat
Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік -биік өседі.
7. «Ертегі» ауылы «Төлдер айтысы» кейіптендіру
Қорытынды: Енді сабағымызды қорытындылайық.
« Түйе, жылқы, сиыр, қой
Төрт түлік осы біліп қой»
Сұрақ- жауап: Үй жануарларын атап, төлдерін қайталау, пайдалары туралы сұрау