Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық- түзетушілік | Шаттық шеңбері -Балалар, «Амандасу –адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы»сондықтан да,алдымен қонақтармен амандасып алайық. Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Көп танысты көреміз Алдымыздан кезіккен Бәрінен де ізетпен Иіліп сәлем береміз. Балалар,мына үйге қараңдаршы неше терезесі бар? Дұрыс бес терезесі бар. -Ал енді,балалар,сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Мұқият тыңдаңдар.Сендер дұрыс тапқан кезде мына терезелер ашылып,жауабы шығады. 1.Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.Ол не? 2.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. 3.Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар, Бірақ тағы сақалы бар. 4.Екі найзасы бар, Екі айнасы бар, Төрт сылдырмағы бар, Бір сыпыртқысы бар. 5.Қамыс құлақ,тастаған тұяқ. Мінсе көлік,сүті дәрі,еті ем. Жұмбақ шешілген соң терелер ашылып,ішінен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. -Балалар ,барлығын бір сөзбен не деп айтамыз? Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз.Оларға:қой,түйе,ешкі,сиыр,жылқы жатады.Қазақ халқы малды қастерлеген.Сондықтан көптеген мақал-мәтелдер,жұмбақтар,өлеңдер айтып кеткен. -Кәне,балалар,кім төрт түлік туралы мақал-мәтел біледі? Ақтоты:1.Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір. Ғазиз:2.Мал төлімен жарасты Жер гүлімен жарасты. Аяна:3.Жылқы –малдың патшасы, Түйе-малдың қасқасы. Ернұр:4.Ер қанаты-ат, Сөз қанаты-хат. Жарайсыңдар, балалар. Енді ойын ойнасақ қалай қарайсындар?Ойнаймыз ба?Ойынның аты: «Суретті сөйлет»деп аталады. Шарты:тақтада ілінген үй жануарларының біреуін алып,сол туралы әңгіме құрау. Заңғар:Бұл жылқы.Жылқының төлі құлыншақ.Жылқы бидай,арпа,жем жейді.Құлыншақ сүт емеді.Жылқының сүтін-саумал деп айтамыз.Жылқы мінсе көлік,сойса ет,сүті дәрі.Жылқының пірі –Қамбар ата. Ернұр:Бұл сиыр.Сиырдың төлі бұзау.Сиыр жем,шөп жейді,су ішеді.Бұзау сүт емеді.сиыр сауса сүт,сойса ет,терісінен киім тігеді.Сиырдың пірі- Зеңгі баба.Сиырдың сүтінен қаймақ,айран,сүзбе,құрт,май,ірімшік алынады. Бекзат:Бұл түйе.Түйенің төлі бота.Түйе тікен жейді,су ішеді.Ботасы сүт емеді.Түйенің сүтін шұбат деп атайды.Түйе мінсе көлік,сойса ет,сүті дәрі.Түйенің пірі- Ойсылқара. Ғазиз:Бұл қой.Қойдың төлі қозы.Қой шөп,жем жейді,су ішеді.Қозысы сүт емеді.Қойды сойса ет,терісінен түрлі заттар жасайды.Қойдың пірі- Шопан ата. Қолқанат:Бұл ешкі.Ешкінің төлі лақ.Ешкі шөп,жем жейді,су ішеді.Лақ сүт емеді.Ешкіні сойса ет.терісінен түрлі заттар жасайды.Ешкінің пірі – Сексек ата. -Жарайсындар ,балалар.Ойын ұнады ма сендерге? -Ал маған Гүлсезім осы үй жануарлары туралы санамағыңды айтып берші. Гүлсезім: -Түйе төлі-ботақан Мөлдіреп көзі ойнаган. -Жылқы төлі-құлыншақ Тұяғы жерге ұрыншақ. -Қойдың төлі – қошақан Өріске қашқан қорадан. -Сиыр төлі-бұзау Сүйкімді әрі асау. -Ешкі төлі –лақ Тыныш тұрмайды бірақ. Сергіту сәті: Біздің үйдің ешкісі Күнде тәртіп бұзыпты, Балаларды сүзіпті, Жемістерді үзіпті. Міне осындай алыпты Анам көріп қалыпты, Мүйізін қағып алыпты. -Балалар,мен ұмытып бара жатыр екенмін.Бізге таңертең топқа хат тасушы хат әкелген.Осы хатты ашып көрейік.Мұнда бірнеше тапсырмалар бар екен. 1-тапсырма «Үй жануарлары туралы тақпақ айтып беріңдер» Ерасыл: Мінезі жайлы сиырмын, Байлығымын бір үйдің Етім дәмді,сүтім бал, Сырымды менің ұғып ал. Әлемби: Арғымақ тұлпар жылқымын, Мақтанышы жұртымның Ерге қанат тұлпар мен, Қандай түлік келер маған тең. Ақтоты: Қой-ешкі бір түлікпіз, Бірге өстік еш күдіксіз Еті тәтті,сүті бал Қой-ешкі ең құнды мал. Ақниет: Ең зор түлік түйемін, Тікенді шөпті сүйемін. Пайдалансаң сүтім шұбат, Дертке дауа,жанға қуат. 2-тапсырма: «Төлдер туралы тақпақтар айтып беріңдер» Аяна: Ақ бұзауым ұнайды. Мө-мө деп сүт сұрайды. Келеді өсіп күн сайын. Тұмсығын созып қарайды. Тілімен мұрнын жалайды. Ильяс: Кіп-кішкене момақан Қошақанды ұнатам Сүйеді апам қозым деп, Қошақаным өзің деп. Әміржан: Айналайын ботам, Қандай күлте жотаңтабандарың жалпақ, Теріп жейсін жантақ. Арслан: Құлыншағым құндызым, Құлдырайды шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады. Айғаным: Шөре-шөре лағым, Тентек болма шырағым, Секектемей деміңді ал, Селтеңдемей құлағын. 3-тапсырма: ойын «Мекеніне апар» Шарты:қалтада әртүрлі үй жануарлары мен жабайы жануарлар салынған.Аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады.Жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып,орманға немесе үй қасына қояды. 4-тапсырма: «Үй жануарларының көпше түрін атаңдар және қалай дыбыстайтынын айтыңдар» 5-тапсырма:ойын: «Бұл ненің дене мүшесі?» Шарты:Балаларға үй жануарларының дене бөлігі беріледі,бала қай жануардың денесі екенін айтады. Балалар,біз тапсырманың бәрін орындап аяқтадық,енді шығармашылық орталыққа барып жұмыс орындаймыз. 1-топ Үй жануарларына жаипайтын жануарларды анықтап,оларды қоршайды. 2-топ Қай сурет артық екенін табады. 3-топ Үй жануарларының төлдерін табады. -Балалар,ортаға жиналайықшы.Біз бүгін нелер туралы әңгімелестік? Нелер туралы тақпақ айттық? Ал енді оқу іс-әрекетімізді «Қошақаным»өлеңімен аяқтасақ қайтеді? | Балалар шаттық шеңберінде тұрып өлең жолдарын айтады. Бес терезесі бар Қой Түйе Ешкі Сиыр Жылқы Үй жануарлары Балалар мақал-мәтел айтады Балалар суретке қарап әңгіме құрайды Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды Балалар тапсырманы орындауға келіседі Балалардың төлдер туралы тақпақтар айтады Ойынды қызыға ойнайды Түйе боздайды Ешкі маңырайды Жылқы кісінейді Шығармашылық орталықта жұмыс жасайды Сұрақтарға жауап береді «Қошақаным»әнін орындайды |