Мақсаты: Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы йта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету. Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой – өрісін дамыту.Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Тазалықты сүйемін"»
«Ақыл – ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп - интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тәрбиеші: Суюндикова Райхан Нұрпейісқызы.
Тақырыбы: «Тазалықты сүйемін»
Мақсаты: Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы йта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету. Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой – өрісін дамыту.Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі:түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу,ойын.
Өтілу барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашақан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір – бірімізге сыйлайық.
Жарайсыңдар, балалар, көңіл – күйлерің жақсы болса орнымызға отырайық.
ІІ. Негізгі бөлім.
Суретпен жұмыс.
Тақтадағы суретке назар аударайық. (Тақтада кір бала суретімен таза киінген бала суреті)
Қараңдаршы балалар, қандай сурет көріп тұрмыз?
Балалардың жауабы: Кір киінген баламен таза киінген бала суреті тұр.
Сендерге мына баланың сыртқы келбеті ұнай ма?
Балалардың жауабы.
Осы суреттен қай баланы үлгі тұта аламыз?
Балалардың жауабы.
2.Тақырыпты ашу.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тазалықты сүйемін» деп аталады.
Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуыну.
Мысалы: тамақ ішер алдында қолды міндетті түрде жуып отыру керек. Адам уйқыдан тұрғанда қолын, бетін, тісін тазалап жуу керек. Аптасына бір рет моншаға жууыну керек. Уақытылы тырнақ алып, шашты қысқартып отыру қажет. Тазалық бар жерде деніміз сау, көңіл – күйіміз көтеріңкі, шымыр болып өсеміз. Тазалық іс- шараларын кішкентай кезімізден бастап дағдыланумыз керек.
3.Күн тәртібіне тоқталу.
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (бала)
- Бала не істеп жатыр? (төсегін жинап, бетін жуып, тісін шайып, жаттығу жасап жатыр)
- Дұрыс. Яғни бала күн тәртібін дұрыс сақтап, өз денсаулығын күтеді.
4.Сергіту сәті:
Шынықтырып денені,
Тісін жуып тазалап.
Мектебіне келеді,
Міне нағыз азамат.(іс- қимылмен көрсету)
5.Жұмбақ шешу.
- Енді мұқият тыңдап, мына жұмбақтарды шешіп көрейікші. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын тауып айтасыңдар, ал Алан, Алинұр қима суреттерді құрастырып шығасыңдар.
1. Қолы жоқ сөзі жоқ, бірақ тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? (тарақ)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (айна)
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап – таза боласың? Бұл не? (сабын)
Жарайсыңдар, балалар.
6.Жеке жұмыс: Ойын «Қима суреттерді құрастыру»
Жұмбақтың шешуіне байланысты тазалық заттарының суретін құрастыру.
7.Ойын: «Сиқырлы қапшық»
Ойынның шарты: Қазір балалар ойын ойнаймыз. Мына қапшықтың ішінде заттар бар. Қолымызбен ұстап сыйпау арқылы сол заттардың ішінен тазалық заттарын тауып алып көрсетеміз, атаймыз.
8.Қауіпсіздік ережесі.
Қайшы, желіммен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін түсіндіріп, айту.
9. Жапсыру.
Осы тазалық құралдарының ішінен өздерің ұнататын заттың суретін қырқып алып қағаз бетіне жапсырамыз.
ІІІ.Қорытынды:
Тазалық бізге не үшін керек?
Күн тәртібін күнделікті орындаймыз ба?
Бәрекелді! Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге риза болдым. Әрқашан осылай таза жүріңдер, ауырмаңдар.
Бағалау: Сабққа жақсы қатысқан балаларды атап мақтап, мадақтау.