Просмотр содержимого документа
«Тазалықты сүиеміз»
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.
Сабақтың мақсаты:
Балалардың тазалық, саулық, туралы ұғымдарын кеңейту.
Бастаушы: «Тазалықты сүйеміз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тазалық, ұқыптылық туралы білетіндерімізді ортаға салып айтамыз. Кәне, әр уақытта таза, жинақы, ұқыпты жүретін баланың достары нелер атаңдаршы!
Балалар: - Айна, тарақ, су, сабын, орамал, т.б.
Бастаушы: - Дұрыс айтасыңдар, енді жұмбақ шешуге қалайсыңдар?
Қалтамда жатыр тісі бар, тістемей-ақ істер ісі бар (тарақ)
Балалар жұмбақтарды шешіп берді.
Бастаушы:
Жарайсыңдар, рахмет! Шаң-ласпен достаспайтын,
Тапқыр балалар екен деп, Тазалықпен қоштаспайтын.
Жұмбақтарым дән риза! Аппақ балалар сөйлесін!
1-оқушы: Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
2-оқушы: Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Тоңбайды аяз,боранда
Салқын суға үйренген.
3-оқушы: Кім жек көрер пысықты,
«Ылғи бетін жуады»-
Деп тәтеміз мысықты
Бізге үлгі қылады.
Болғанымен үлгілі,
Жумайды ол құлағын.
Ал мен құлақ түгілі
Желкемді де жуамын.
4-оқушы: Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
5-оқушы: Сыпыр, сыпыр, сыпырғы!
Тазарсын аула ауасы.
Таза аула мен таза ауа-
Денсаулықтың дауасы!
6-оқушы: Сынып іші айнадай
Шаң мен тозаң ұшрайды.
Үзілісте ойнаймыз,
Кіршіксіз қып ұстаймыз.
7-оқушы: Шалшыққа да аунаған,
Балшыққа да аунаған.
Қожалықты көрсең ғой,
Қорсылдақтан аумаған.
8-оқушы: Айдың беті аппақ,
Аянның беті сатпақ.
Неге олай?
Ай
Аунамайды жерге,
Шомылады көлге.
9-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Саусағыңды сормағың
Салдыр-салдыр болмағың.
Әдет қыл бұл ісіңді-
Тазалап жүр ісіңді.
Мұғалім: - балалар, тазалықтың пайдасын ұққан екенсіңдер. Таза жүретін баланы қалай атайды.
Балалар: - Таза, аппақ, ұқыпты, жинақы, әдемі, кіршіксіз, т.б.
Ал тазалықты сүймейтін, таза жүруды білмейтін баланы қандай десек болады?
Сатпақ, сатпақ, қожалақ, лас,т.с.с.
М.Дулатов атамыз женсаулық жайында қандай ақыл-кеңес айтқан?
Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты өткір ұшты нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін әбден сүртіп құрғат.
Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің ешнәрсе істеме. Тездеп дәрігерге көрін.
Бұық болса, тез дәрігерге көрін, ол - өте зиянды.
Бәрі: сонда құлағың аман болады.
Мұрныңды әрдайым таза ұста. Жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңнмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
Дем алғанда, аузың үнемі жабулы болсын. Шаңды, я ауасы бұзылған орында шамаң келгенше дем алма (тұрма). Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде шаң көтеруші болма.
Үйдің ішінде еденге қақырма, түкірме.
Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқанды күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен, жеген сайын және де ертеңді – кеш аузыңды тазалап шайқа.
Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (жүр, ойна жүгір)
Осымен «Тазалықты сүйеміз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.