kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шың дос болу - бақыт

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныптарға арналған сынып сағаты. Тақырыбы "Шың дос болу - бақыт"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шың дос болу - бақыт»

Сабақтың тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»

Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.

Міндеті: адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

КІРІСПЕ.

І. Сәлемдесу.

Оқушылар: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз»,

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз.

Сабақтың ұраны: Мұғалім: Әрбір адам-

Оқушылар:Туысым, досым, жұрағат.

Мұғалім:Әрбір сабақ-

Оқушылар:Үйрену, ұғу, ұлағат.

Мұғалім:Әрбір ісің-

Оқушылар:Тірлік, тірек, адалдық.

Мұғалім:Әрбір сөзің-

Оқушылар: Шындық, бірлік, адамдық.

Топқа бөлу: «Молекула» (Достық туралы әндер)

Топпен танысу: (Әркім өзінің көршісінің есіміне сын есім қосып таныстырады.) Мысалы: Әдепті Айсұлу, Оқымысты Дана, Ажарлы Диана , Ақылды Досымжан деген сияқты таныстырасыңдар.

Мұғалім:

Абай атамыз айтқандай:

1 топ: Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.

Немесе оны Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:

2 топ: Дос табу оңай-сақтауы қиын,

Жау табу оңай-тоқтауы қиын.

Ал, Мұқағалиша айтсақ:

3 топ: Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен.

Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?

Дос деген кім?

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы айтамыз? Қалай ойлайсыңдар?

Тақырыбымыз «Шын дос болу-бақыт»

«дос» туралы әңгімелесіп, мына сұрақтарға жауап іздеп пікір алысамыз.

1) «Дос», «дос болу ережелері», сұрақтарға жауап бермей тұра, әр-бір уақытта достықты қалай түсінгендігін көрейік.

Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікіріміз бар екені белгілі. Ал осы «дос» деген сөздің мәні неде екен?

Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан да жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейді. Бұл-өте қажетті табиғи тілек. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді.

Аристотель айтқандай «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім, ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес».

Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Ал адалдық деген-рухани тазалық.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

«Дос болу-киелі ұғым». (Слайд арқылы көрсетемін).

1)Скифтер дос болу үшін арнайы келісім-шартқа отыратын болған.

Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан қан шығарып, бір ыдысқа құйып ант қабылдаған. Осыдан соң оларды ешкіім де, ешнәрсе де айыра алмайды деп сенген.

2)Капказдықтар дос болу үшін үш қадамға барған. Алдымен жасы үлкендердің алдында ант қабылдаған. Бірнеше жылдан кейін екінші дәстүрді жасаған:

достықты тот баспау үшін алтын жүзік салынған ыдыстан сүт ішіскен.

3)Үндістер достық шартын бүкіл ел алдында қабылдайтын болған. Бір ерекшелігі үш реттен ант қайталап, ант қабылдаған достардың жынысына көңіл бөлінбеген. Ер мен ер не әйел мен ер де жолдас бола алады дескен. Бірақ дос боламыз деп ант берген ер мен әйел кейін қосыла қалса, “қан араласты” деп қарсы болған.

4)Австралия аборигендері тек өздерінен үш рет бір нәрсе сатып алған адамды ғана

дос деп санаған.

Сендердің достарың бар ма? Сендер үшін Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам

Хаттарға жауап:

1- Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды, өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Сенің ой-пікірің.

2- Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің?


1-Досың сенің үйіңе қонаққа келді. Оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувенир ұнады. Қайта-қайта сувенирді қызықтаумен болды. Сенің іс-әрекетің. Қимас досың сұраса бересің бе?

2- Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?


1- Жақын досың сенің жақсы көретін киіміңді үтікке күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?

2- Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің. 2 күн болды, ол сен көрсе үндемей қашқақтайды. Сенің іс әрекетің.

Нағыз дос болу ережелері: топтық жұмыс

1.

2.

3.


«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны. Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.

І бағанаға «Сатамын», ІІ бағанаға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.

Музыка ойналады. Оқушылар өз бойындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.

Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.

-Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?

-Не себепті сатып алғыңыз келеді?

-Не себепті сатқың келеді.

Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі.

«Кемшіліксіз адам болмайды. Өзіңнің кемшілігіңді мойындау-ол да бір ерлік».



Х.Балалар, сендер достарыңның бойынан қандай қасиеттердің табылғанын қалайсыздар? «ДОС» күншуағын құрастырайық.

шыншыл



саналы

адал



мәдениетті

ДОС


білімді



сенімді

жомарт



қайырымды




Қорытынды бөлім.

Достық-алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген-рухани тазалық.

Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос та бола алмайды. Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды, қатесін, кемшілігін кешіре біледі. Ондай адам жан дүниеңді түсініп, әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады. Бұл-нағыз достық.

Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық.

Қорытынды:

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды алдамай, оған адал бол.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.












































КММ «Опытное поле орта мектебі»











АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Шындос болу-бақыт»





















Сынып: 5 А

Дайындаған: Арғынбай Ботагөз Қайнарқызы























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Шың дос болу - бақыт

Автор: Арғынбай Ботагөз Қайнарқызы

Дата: 02.12.2019

Номер свидетельства: 529796

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Т?рбие са?аты  «?ш ба?ытым» "
    ["seo_title"] => string(28) "t-rbiie-sag-aty-ush-bak-ytym"
    ["file_id"] => string(6) "195670"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427954196"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашу д?шпан а?ыл дос"
    ["seo_title"] => string(18) "ashudushpanakyldos"
    ["file_id"] => string(6) "285037"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454079560"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "М. Ма?атаев. « ?ш ба?ытым» "
    ["seo_title"] => string(27) "m-mak-ataiev-ush-bak-ytym-1"
    ["file_id"] => string(6) "222673"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1436687131"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Еңбек еткен адамға бақыт басын иеді."
    ["seo_title"] => string(43) "ien_biek_ietkien_adamg_a_bak_yt_basyn_iiedi"
    ["file_id"] => string(6) "398569"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1489038583"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ертеңгілік Отбасым-бақыт мекені.docx"
    ["seo_title"] => string(43) "iertien_ghilik_otbasym_bak_yt_miekieni_docx"
    ["file_id"] => string(6) "416523"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495084903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства