Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: Біріккен сөздер»
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Эшмуханова Рада
Пәні Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі
Жалпы мақсаты: оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес тақырыпты түсіндіру. Тапсырма үйрете отырып интертақтаны дұрыс пайдалана білуге үйрету; сыни ойлау стратегиясы арқылы дарындылық қабілеттерін дамыту; шығармашылық тапсырма беру кезінде бірбірін сыйлауға тәрбиелеу.
Миға шабуыл:
«Адасқан сөздер» ойыны:Сөздерді сызық арқылы қосып, біріккен сөз шығару.
Бел құлақ
қырық қосақ
саңырау аяқ
кемпір қазық
темір беу
Осы сөздерді тауып болған соң, жаңа тақырыпқа өтеміз. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар. "Ой қозғау" стратегиясы
Біз бір-бірімізбен не аркылы қатынас жасаймыз?
Тілдің негізгі байлыгы не?
Создер қалай жасалады?
Сөзге косымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші—аяқкиім— етік тігетін адам.
Бүл сөз жасаудың кандай түрі? (Туынды сөз)
Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)
7. Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма? Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші - еңбекақы Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Біріккен сөздердің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Біріккен сөздер эрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақүс, элденеше, Ақтөбе, т.б.
Біріккен сөздердің эрбір тулғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады. Мысалы: ендігәрі ( ендігіден әрі емес), сөйтіп ( солай етіп емес) бүгін (бүл күн емес), т.б.
Еш, Бір, кей, элде деген сөдер есімдіктермен (мысалы: еш сөзі кім, бір, қандай, қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңғай, келкі, жола, жолата, қыдыру сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, кайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу сөздерімен) бірігіп жазылады. Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде жүмсалғанда, бул сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір мектепте, т.б.
1-тапсырма Интерактивті тақтадан көрсетіп тұрады. Өлеңді көшіріп жаз. Біріккен сөздерді тап, астын сыз. Ақ маңдай Алатаудың Асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан,
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті
Бурабай, Баянауыл бастарынан.
2-тапсырма Дәрі шөптен шығады, Дана көптен шығады,- дегендей қандай шөптердің атын білесіңдер? Балалар білетін шөптерін айтады. (итмұрын, таңқурай, аскөк, түймедақ, қырықбуын, шегіргүл, түйеқарын т.б)
3-тапсырма Тақтамен жұмыс. Топтық тапсырма.
« Білгенге маржан» 84 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын дефис арқылы көрсетіңдер.
Халық – аралық, аудан – аралық, пән – аралық, жаратылыс – тану т.б
4-тапсырма «Тіл стратегиясы» диктант.
Қыс түсті. Күн суытты. Қар қалың жауды. Орман іші тыныш. Орманда бозторғай, қараторғай, бірқазан қыстап қалыпты. Осы оқылғаннан біріккен сөздерді табыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 87-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде өздерің оқып жүрген көркем эдебиеттерді пайдаланып, күрделі сөздердің эрқайсысына бес- бестен мысал тауып жазыңдар. Сыныпта оларға мағыналық талдау жасаңдар.