kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок 7-9класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок прошла очень успешно.Все школьники были рад

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок 7-9класс»

ОҚО,Шымкент қаласы Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектепте жүргізілген жұмыс

Дайындаған кітапханашы –Есмаханбетова Ботагөз Пернеханқызы

Күні: 01.10.2016

Сынып сағаты.

Тақырыбы: « Қариясы бардың- қазынасы бар.» 7-9сынып.

Қатысушылар: Оқушылар, мұғалімдер,

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға,инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қариялар суреттері, буклеттер, реферат,альбомдар, газет-журналдар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау, көрініс.

1.Жүргізуші: Айгерім

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі-соқпақ,сөзі-нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2.Жүргізуші: Нұрсұлтан

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз.Неткен шіркін уақыт десеңші,осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп,көңіл аударып,жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне,еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

1.Жүргізуші: Айгерім

Қарттарды құрметтемейтін,олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын,әдептілік, кішіпейілділік,сергек сезімталдық көрсетпейтін,бұл қасиеттер қанына сіңіп,жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа,не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып,өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

1-оқушы: Бекжан

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында,бала-шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

2-жүргізуші: Нұрсұлтан

Балалар енді мен сіздерге сұрақ-жауап жүргізіп көрейінші

1.Қарттар үйі дегеніміз не?- Жасы ұлғайып,қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын,әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. (Данагүл)

2.Қартаю дегеніміз не?- Биологилық процесс,белгілі бір жақа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.(Азад)

3.Қарт кісіге құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіз?- Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды.Қарт адамдардың үйретуге де,ақыл айтуға да моральдік құқы бар.Әрдайым сыйлап тұруымыз керек.(Диана)

2-оқушы: Диана. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі.Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

3-оқушы: Жазира. Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам.Ата, бала, келін, немере.Кәрі тәрелкені сындырып алады деп,келіні атасына тамақты темір табақпен береді.Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:-Балам, не істеп отырсың?-деп сұрайды.-Ертең сендер қартайып,атам сиқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,-депті баласы.»Әкесін сыйламағанды,баласы сыйламайды",-деген бар емес пе?.Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп,адамдық ардан безген жан болып саналады.Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға,қатты қарғысқа ұшыраған. Алайда,»Ананың көңілі-балада,баланың көңілі –далада»,-демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген,сөйтіп,ата-анасын жерге қаратып,көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған,қазір де жоқ емес.

Көрініс: Алихан(ата), Диярбек( бала),Надира( келін),Бекжан (немере).

4-оқушы: Жумахметова Гулдана. Бабалар сөзі-кешегі өткен қариялардан,ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден,ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра,мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор.Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі.Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады.Бұның бәрі-тәрбие.В.А Сухамлинский:» Қарт адамдардың үйретуге де,ақыл айтуға да қақысы бар.Бұл моральдық қақыны құрметтей біл»,-деп айтқан.

5-оқушы: Нурметова С. Турашова А би »Толқын» 9-сынып.

6-оқушы: Мухтарова У. 9-сынып

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетісесің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі келіп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнекей жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр

7-оқушы: Бақтияров С. 9-сынып

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

8-оқушы: Қуаныш

Ия,кәрілік дегенің,бажайлап көрсең,қуанышы аз кезең сыңайлы.Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей,бір-бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, »жүз жаса», »жағың түскенше, жаманшылық көрме», »шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады.Дүние кезек.Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

9-оқушы: Несібелі

Жас ұлғайып,кәрілік кезеңге аяқ аттау-қазақ қауымының қай уақытта да ойланып,толғандырған.Өзі де дәулетті әулеттен,не ішем,не кием деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:

«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман»,-деп күңіренген.Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да: «Қартайдым, елім, қартайдым,келеде береді жантайғым,»-демеп пе еді.

10-оқушы: Досмахан

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған.Бірақ кәріліктің өзінің сәні –мәні бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді,ешкім мың жасамайды,тек өсіп-өнген,тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.Ия,ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар? Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы- «Ұрпағым» деп шыр-пыр болатыны.Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл-біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасау.Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамқорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

11-оқушы: Дарын

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар

12-оқушы: Мұхтар

Атаң келеді артыңда!

Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.

Сенің сәби сәттеріңнің мысқылын

Айырбастап ала алмай жүр алтынға.

Тоқта,ботам!

Тоқта, ботам!

Атаң келеді артыңда!

Жүзе жүріп,жүз құбылған сағымда,

Жастық дейтін көктемінің шағында,

Өскен едік сенің анаң екеуіміз

Осы қарттың мәпелеген бағында.

Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,

Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегі.

Жинап алып жүрер еді жарықтық

Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.

Ей,болашақ!

Қарт келді зиялы,

Кейімесін ата-қыран ұялы.

Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін,

Атаң саған ұзақ өмірін қиады.

Ақылына айырбаста күлкіңді,

Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!

Бейқам күліп өспеген соң өз басым,

Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...

Тоқта,ботам!

Атаң келеді артыңда.

Дария шалқар даналығын ал,тыңда!

Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын

Айырбастап таба алмай жүр алтынға.

Тоқта, ботам

Атаң келеді артың

Жүргізуші: Айгерім

«Бабаларым,рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым,рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімдіболу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок 7-9класс

Автор: Есмаханбетова Ботагөз Пернеханқызы

Дата: 24.12.2016

Номер свидетельства: 372929

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Открытый урок : «КЛАСС ПТИЦЫ»"
    ["seo_title"] => string(26) "otkrytyi-urok-klass-ptitsy"
    ["file_id"] => string(6) "263238"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449505149"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Открытый урок "Класс птиц""
    ["seo_title"] => string(25) "otkrytyi_urok_klass_ptits"
    ["file_id"] => string(6) "537864"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1580325057"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Открытый урок "Класс Земноводные""
    ["seo_title"] => string(33) "otkrytyi_urok_klass_ziemnovodnyie"
    ["file_id"] => string(6) "360105"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479466364"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Открытый урок по столярному   делу . На тему: «Табурет детский». "
    ["seo_title"] => string(61) "otkrytyi-urok-po-stoliarnomu-dielu-na-tiemu-taburiet-dietskii"
    ["file_id"] => string(6) "168736"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423294142"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Открытый урок по русскому языку. 5 класс Имя прилагательное как часть речи"
    ["seo_title"] => string(68) "otkrytyiurokporusskomuiazyku5klassimiaprilaghatielnoiekakchastriechi"
    ["file_id"] => string(6) "291779"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455187228"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства