САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ |
Күні:27.11.2017 ж | Мұғалімнің есімі: Жансеитова И |
СЫНЫП: 8 «Ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
ТАҚЫРЫБЫ: Оқшау сөздер |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгертемін, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығартамын |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Оқшау сөздер туралы түсінеді,жаттығу арқылы тақырыпты меңгереді. |
Оқушылардың басым бөлігі: Оқшау сөздердің түрлері мен жасалу жолдары туралы біледі, мәтін ішінен тауып жұмыс жасай алады |
Кейбір оқушылар: Оқшау сөздер туралы реферат жұмысыг жаза алады |
Алдыңғы тақырып | Оқшау сөздер туралы біледі |
Жоспар |
Жоспарланған іс әрекет және берілген уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сабақтың басы | -Оқушылармен сәлемдесу; - «Мейірімділік» тренингі - Ұйымдастыру -Үй тапсырмасын тексеру. -Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру; | -Мұғаліммен сәлемдеседі; -Бір-біріне жылы тілектерін айтады; -Үй тапсырмасына дайындалады; |
Сабақтың ортасы
| Үй тапсырмасын пысықтау 1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не? 2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай? 3.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? | Сұрақтарға тез, нақты жауап береді |
Мағынаны тану | Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық! Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен бастайық. Мағынаны тану. («Оқшау» дегенді қалай түсінесіңдер?) «Адасқан сөздер» ( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту) 1 сынақ ертең оқушылар болады 2. келмейтін сірә бүгін ол шығар 3. шіркіннің па дауысын-ай Оқшау сөздердің белгілері: 1)Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды 2)Өзге сөздермен байланысқа түспейді 3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады. Қаратпа сөздер – тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылады Қыстырма сөздер - сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді Одағай сөздер - айтушының көңіл- күйін,сезімін білдіру үшін қолданылады | Жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды, өзара талқылайды, пікірлеседі |
Оқулықпен жұмыс | «Бар білім-кітапта» 67-жаттығу. | Жаттығу жұмысын дәптерлеріне жазады |
Сәйкестендіру | 1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! Қыстырма 2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. одағай 3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында. Қаратпа | Кестемен жұмыс жүргізеді |
Деңгейлік тапсырмалар | І деңгей. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат -Уа,Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек. ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. 1.-----------------------, ақсақал. 2.-----------------------, қап! 3.-----------------------, сірә,----------------------. ІІІ деңгей. Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» әңгіме құрау. | Тапсырмаларды орындайды |
Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау) | 1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою 1) Түс ауа үйге Рахат келді. 2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды. 3) Жолдастар келер ұрпақ жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр. Жолдастар- сатылай кешенді талдау ( фонологиялық талдау) | Сөйлем мүшесіне талдау жасайды |
Өзіндік жұмыс | Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз. 1) –Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай. 2) Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой! 3) –Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып. | Берілген сөйлемдерден одағайларды табады |
Семантикалық карта | Мысалдары Түрлері Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз Байғұс – ау, саған не болған? «Қош бол, Қараой» Аға, бұл кімнің аты? Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын | Семантикалық картамен жұмыс жүргізеді |
Сабақтың соңы | 1. Оқшау сөздер дегеніміз не? 2. Оқшау сөздер түрлері қандай? 3. Оқшау сөздердің белгілері? | Сұрақтарға жауап береді |
Қосымша ақпарат |
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
| | |
Рефлексия Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|