kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мейірімділік - асыл қасиет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары өзін-өзі тану пәнінен 6-сыныпқа арналған. Сабақ жоспарында тақырып толық ашылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мейірімділік - асыл қасиет"»

Күні: 8.02.2017 ж.

Сыныбы: 6
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет 
Құндылық: Сүйіспеншілік 
Қасиеттер: мейірімділік қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық,түсіністік 
Мұғалiм: Каримова Айгерим Бакытовна Оқушылар саны: 5
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділіктің мәнін аша отырып сүйіспеншілік құндылығын ұғындыру. 
Міндеттері: 
- Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек мейірімділік нұрын себе білуге тәрбиелеу. 
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. 
- Оқушылардың бойында қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық, түсіністік қасиеттерін дамыту; Ресурстар: оқулық, оқушы дәптері, Ш.Құдайбердиевтің суреті,слайдтар. 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңi. (Амандасу, хормен өлең оқу)

Жақсы, қазір тыныштық сәтіне дайындаламыз.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

Балалар енді, өз сезімдерімен бөлісіңдерші?
2. Үй тапсырмасын тексеру 

Барша әлемге жақсы тілек жазу.

3. Дәйек сөз
Тақтаға назар аударып, бүгінгі сабақтың дәйек сөзін оқимыз:

Мейірімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. 
Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамдарға, айналаңа мейірімді болу жақсылық жасауға жетелейді. 

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
4. Әңгiмелеу: (Мұғалім сыйы) 

Бүгін мен сендерге дайындаған сыйым бар. Соны тақтаға назар аударып тамашалайық.
Мейірімділік жөнінде бейнебаян көрсету.

5. Бейнебаянның тақырыбы не?

Сендердің ойларыңша мейірімді адам қандай болу керек?

Сендер қандай мейірімді іс жасадыңдар?

Өз ойларыңмен бөлісіңдерші?

Ойланайық, пікірлесейік. (слайд көрсету, сұрақтар)

6. «Мейірімділік» кестесің толтыру. Бірінші бағанға – мейірімді істердің, екінші бағанға – мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесің жасаңдар.

7. Мейірімділік гүлін жасау. (түрлі түсті қағаздар беріліп гүл жасап, олардың жапырақшаларына мейірімді сөздер жазу.

8. «Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),

Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ….! (болмайды).

Үй тапсырмасын беру

Мейірімділік туралы мақал-мәтелдер дайындау.

Сабақтың қорытынды сәті

Көзімізді жұмып тыныштық күйде отыра, бүгінгі сабақтан қандай маңызды ақпаратты алғанын ой елегінен өткіземіз.

Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!
















Мейірімділік кестесі


Мейірімді істер:

Мейірімді адамның қасиеттері:


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мейірімділік - асыл қасиет"

Автор: Каримова Айгерим Бакытовна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394604

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мейірімділік асыл ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-9"
    ["file_id"] => string(6) "306701"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458187822"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "«Мейірімділік  - асыл ?асиет» "
    ["seo_title"] => string(27) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "173298"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423953569"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Мейірімділік  -асыл ?асиет "
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-4"
    ["file_id"] => string(6) "239286"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1444752176"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-7"
    ["file_id"] => string(6) "292494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285291"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "292495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285298"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства