kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің құқықтарым мен міндеттерім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға құқықтық білім беру. Көз жаттығулары, сергіту сәті, көріністер арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің құқықтарым мен міндеттерім»

ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Тәрбиеші: Қанапия Ж.С.

Топ: 1-3 «А» сыныбы

Тақырыбы: «Менің құқықтарым мен міндеттерім»

Мінедеті: Оқушыларға құқықтық білім беру

Мақсаты: Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру, оқушылардың ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту. Құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Көз жаттығуларын жасату.
Көрнекіліктері: ҚР Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.
Қанатты сөздер: 

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»  Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. 

Әдісі: тәрбие сағаты


Ұйымдастыру кезеңі . Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Қуанайық қонақтар

Арайлап атқан күнге!

Барысы:

Ұйымдастырушылық кезең.


Есімдерімен таныстыру

- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Балалар, бәріміз өз есімдерімбен таныстырайықшы, бізде қазір қонақтар бар. Өз есімдеріміз қай әріптен басталса,есімдеріміздің алдына сол әріптен басталатын сын есім қосып таныстырамыз. Мен бастайын. Мен , жайдарлы Жансая Сейлханқызымын.

- Өте жақсы балалар! Сендердің есімдерің осындай екенін қалай дәлелдейсіңдер? Дұрыс айтасыңдар, сендердің туу туралы куәліктерің бар. ҚР әр азаматы есім алуға құқылы. Біздің өзге құқықтарымыз бен міндеттеріміз өте көп. Олар туралы бүгінгі «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты тәрбие сағатымызда толығырақ ашатын боламыз.

- Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.

- Назарымызды экранға аударайық.

1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда жаңа Конституциясы өмірге келді. Ата Заң 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

   20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні « Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған.

Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы» Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.

Бұл құжат бойынша:

  1. Әрбір бала нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан , осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарға ие болады.

  2. Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар.

  3. Әрбір бала дүниеге келгеннен бастап есім және азаматтық алуға, сонымен қатар өз ата-анасының кім екенін білуге құқылы.

  4. Егер адамдарға зиянын тигізбесе және мемлекеттік қауіпсіздік пен тәртіпті бұзбаса, бала өз ойын еркін айтуға, ақпарат алып, таратуға құқылы.

  5. Баланың жеке өмірі болуы тиіс. Баланың ар-намысына нұқсан келтіруге, оның рұқсатынсыз үйіне кіруге ешкімнің құқығы жоқ.

  6. Ақпарат алу мүмкіндігі болуы тиіс.

  7. Өз денсаулығын күтуге: медициналық көмек алуға, таза су ішуге, толыққанды тамақтануға құқылы.

  8. Мектепті тегін оқып, білім алуға құқылы

  9. Демалуға, ойнауға және мәдени, шығармашылық өмірге қатысуға құқылы.

  10. Әрбір бала қауіпті, зиянды және әлі келмейтін жұмыстан қорғалуы тиіс.

Құқықтарымыз туралы мәліметтерді толық түсінгенімізді келесі көрініс арқылы білейік.


Көрініс. Ғажапстанға саяхат

(Есікті қағып пошташы кіріп келеді, амандасып хат береді.)
Тәрбиеші: Балалар, бұл хат кімге екен, оқып көрейік.

Қайда: «Семей қаласы. 3-ші арнайы мектеп-интернатының 1-3 «А» тобына.
Қайдан: Ғажайыпстан қаласынан.
- Хаттың ішінде сиқырлы таяқша бар екен. Хатты оқимын.
«Жедел хат. Ғажайыпстан қаласының тұрғындарынан. Қатыгез Мыстан кемпір қала тұрғындарының құқықтарын бұзуда. Ол қала тұрғындарын өзіне бағындырғысы келеді. Адамдарды өз құқықтарын білетіндер ғана құтқара алады. Бізге көмектесіңдер! Ертегілер әлеміндегі Ханшайымға барсаңыздар ол сіздерге не істеу керектігін айтады. Құрметпен, Ғажайыпстан қаласының тұрғындары.»
Тәрбиеші: Балалар, не істейміз? Көмектесемізбе?
Балалар: Көмектесеміз.
Тәрбиеші: Эллаға біз сиқырлы таяқшаның көмегімен бара аламыз. Барлықтарың қолдарыңды ұстап, көздеріңді жұмыңдар. Ал мен сиқырлы сөздерді айтайын:
Бір, екі, үш - сиқырлы таяқша,
Ертегілер әлеміне ұш.
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздер 3 А сыныбының балаларысыңдар ма?
Тәрбиеші: Сәлеметсің ба? Бізге Ғажайыпстан қаласындағы сенің достарыңнан хат келді. Біз сендерге көмектесуге келдік.
Ханшайым: Ия, бізге өз құқықтарын білетін балалар ғана көмектесе алады. Өз әлемімізде бақытты өмір сүру үшін құқықтарымызды білгіміз келеді. Бізді қатігез Мыстан кемпір ылғи ренжітеді.

Тәрбиеші: Балалар, сендер не айтасыңдар?

Балалар: Бала еркін өмір сүруге құқылы. Әрбір бала зұлымдық көрмей, еркін ойлап, өз ойын айтуға құқылы.
Ханшайым: Отыншы аурып қалды. Бірақ, Мыстан кемпір оның емделуіне бөгет жасады.

Тәрбиеші:Мыстан кемпір қандай құқық туралы білмейді?
Балалар: Әр баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар. Ол ауырса, дәрігерге барып тегін емделуге құқылы.
Элла: Мыстан кемпір орманшынын үйін бұзды.
Балалар: Әрбір бала баспанаға, дүние - мүлікке құқылы.( балалар кезектегі суретті алады)
Ханшайым: Ол бізге білім алуымызға кедергі жасайды.
Балалар: Баланың білім алуға құқығы бар. Әрбір бала мектепте тегін оқып, білім алады.
Тәрбиеші: Міне, біз сендермен өзіміздің құқықтарымыз туралы білетінімізді дәлелдедік. Қанекей , Элла, біздің балалармен бірге бір сергіп алайықшы.


Сергіту сәті

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Біз енді өз құқықтарымызды білетін болдық және қорғай аламыз. . Рахмет сендерге. Сау болыңдар!

- Сау бол!

Тәрбиеші: Ал, енді біз өз мектебімізге қайтамыз. Қолдарыңды ұстап, көздеріңді жұмыңдар.
Бір, екі, үш - сиқырлы таяқша,
Мектебімізге ұш. (Музыка)

Міне, мектебімізге оралдық.


- Балалар біздің құқықтарымыз бен қатар міндеттеріміз де бар. Нақтырақ білу мақсатында назарымызды экранға аударайық!

1. Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға.

2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті.

3. Әрбір бала мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті.

4. Тарихи, мәдени мұраларды сақтауға

5. тарихи ескерткіштерді қорғауға,

6. табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға

7. Ата-анасына қамқорлық көрсету.

8. Мектеп ғимараты мен мектеп ауласын таза ұстауға.

9. Мектеп мүліктерін ұқыпты пайдалануға,

10. Мектеп қызметкерлері мен оқушылардың ары мен абыройын сыйлау.

11. Жақсы оқу



Көріністер.

1-көрініс.

Айым: Нурали, сен неге бүгін орыс тілінен жаттамай келдің?

Нурали: Менің демалыс күні демалуға құқым бар.

Тәрбиеші: Балалар, бұл көріністен не байқадыңдар?

2-көрініс.

Айсұлтан: Асылжан , сен неге партаңа атыңды жазып қойғансың?

Асылжан: Өйткені бұл менің партам, басқа ешкім отырмасын деп атымды ручкамен жазып қойдым.

Көз жаттығуы.


Қорытынды. «Жылдам фото» әдісі

Балалар, сабағымызды қорытындылайық, бір ойын ойнайық. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерді қаншалықты деңгейде меңгергенімізді «Жылдам фото» ойыны арқылы білгім келеді. Ол үшін ортаға 5 бала шықсын. Мына заттарды алыңдар. Қалған балалар, кімнің қолында қандай зат бар екенін жылдам фотоға түсіріп алыңдар. 1, 2, 3. Енді көздеріңді жұмыңдар. Ал, сендер орындарыңды ауыстырыңдар. (Туу туралы куәлік, үй, мектеп, жалау, шашки деген заттар балалардың қолдарында болады. Отырған оқушылар бұл заттарға байланысты құқықтары мен міндеттерін айтады.)


Балалар, барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар! Бүгінгі тәрбие сағатымды Бауыржан Момышұлының мына бір сөздерімен аяқтағым келеді. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқандай, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді орынды пайдала біліңіздер дей келе сабағымды аяқтаймын. Барлықтарыңызға көп рахмет!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің құқықтарым мен міндеттерім

Автор: Қанапия Жансая Сейлханқызы

Дата: 03.12.2021

Номер свидетельства: 593357

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Менің құқықтарым-менің міндеттерім" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(58) "mienin_k_u_k_yk_tarym_mienin_mindiettierim_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "438082"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510302020"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Менің құқығым-менің міндетім!" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(57) "mienin_k_u_k_yg_ym_mienin_mindietim_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "460855"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1520301631"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Конституциялық құқықтар міндеттер"
    ["seo_title"] => string(41) "konstitutsiialyk_k_u_k_yk_tar_mindiettier"
    ["file_id"] => string(6) "410700"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492753976"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Мен ж?не мені? ???ы?ым""
    ["seo_title"] => string(32) "mien-zh-nie-mienin-k-u-k-yg-ym-1"
    ["file_id"] => string(6) "290074"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454920388"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Мені? ???ы?ты? ала??айым "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-k-u-k-yk-tyk-alan-k-aiym"
    ["file_id"] => string(6) "198624"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428425435"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства