4. Әңгiмелеу . Мұғалімнің сыйы Ашу дұшпан Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты. Ол өзінің міндеттірін жақсы атқарыпты. Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді. Осы кезде бөлмеге қлжайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының сыйлығы ретінде өте қымбат болатын, сондықтан президент қатты ашуланып, қызметшіге енді оның жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынының аяғына жығылып, оны кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпайды, ашулы кейіппен ол қызметшінің бөлмеден кетуін талап етеді. Түнде президент осы оқиғаны есіне түсіреді де, ойланып қалады: «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы мен оны ашық, қағаздардың арасына тастап кеткендіктен сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес, ол әрқашан шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім». Осындай өкінішті ойлар мен опық жеу оны қатты мазасыздандырғандықтан, ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент бірден Бекті алып келуге жібереді. Ол келген кезде, қожайын оған: -Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай жұмысыңды жалғастыра бер,-дейді. Бұл сөздер қызметшіге қатты әсер етеді. Ол өзінің қожайынын одан қатты бағалап, жақсы көреді. Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай тұрып, ойланып алуға шақыратын. «Ашу қабаған ит сияқты,» дейтін ол. – Оны іште қамап ұстау керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамды қауып алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез-келген адам қателесетінін, бірақ оны кешіру құдайшылық екенін ұмытпауымыз керек». Сұрақтар: • Президент неге қатты ашуға булықты? • Бектің әрекеті қандай? • Президентті не мазасыздандырды? • Неліктен президент кешірім сұрады? •Президент және Бек қандай адамдар? •Президент дер кезінде ойламағанда Бекке қаянат жасарма еді? •Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің? |