kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дін-тәрбие бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Дін - тәрбие бастауы»
 

Мақсаты:

Оқушыларға ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру.Оқушыларды тазалыққа, имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кездесу сағаты

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, видеоролик «Иманға кел»
Барысы:

І.Кіріспе. Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні туралы айтылмақ. Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған «Дін-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған ____________________________________________________________                                                               ____________________________________________________________________________ортамызда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.
Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
                                                /экраннан көрсету/

Енді осы «ИСЛАМ» сөзін өздеріңіз кеңінен таратып өтсеңіздер.
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойынұсыну, бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз.
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Дархан:«Дін- ғылымның анасы» өленің тыңдайық

Дін- ғылымның анасы,
Дін- ғылымның әкесі,
Ғылым- діннің баласы,
Дін- ғылымның көкесі!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар.

Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)  /экраннан көрсету/

Олай болса сыныбымыздың оқушыларының «Бес парыз» өлеңін тыңдап көрелік.
Мөлдір:Тұтпаса уағымен Оразаны-
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,
Инша Аллах қабыл болса қажылығың-
Анаңнан туылғандай тазарасын!
Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Тыйым жоқ бес парызда,
бізге Алла-
Келместі қолымыздан жүктемейді.
Келесі тыңдайтындарыңыз сынып оқушылары мәнерлеп оқуында «Ақиқат жолы» өлеңі.

Маржан: Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ
Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.
Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

                       / Видеоролик «Иманға кел» /
 Мұғалімнің сөзі:Алла тағала өзінің ақыл-кеңесін Пайғамбарлар арқылы айтып отырды. Олар өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жандар болды. Алланың қалауы бойынша соңғы Пайғамбар Мұхаммед болды. Алладан басқа тәңірі жоқ.

Олай болса сыныбымыздың оқушыларының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін тыңдап көрелік.

Нұрдәулет:Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер: /экраннан көрсету/
1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.        

Мұғалімнің сөзі: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
Нұрдәулет: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
Серікбол: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
Жібек: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
Бексұлтан: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
Азамат: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
Дархан: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
Мөлдір: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
Анель: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Азамат: Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
Анель: «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
Өркен: Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар.
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
Нұршат: «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
Асқар: Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
Нұргүл: Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
Айжан: Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
Мағжан:Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
Жібек: Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.

Мұғалімнің сөзі: Қонақтарымызға  оқушылардың қояр сауалдары бар:                                                                                            1.Діни ағымдарға көзқарасыңыз?

 2.Жастардың діни сауаттылығын қалай бағалайсыз?

 3.Діннің адамдарға пайдасы мен зияны?

 4.Қажылық сапарға бардыңыз ба? Барған болсаңыз алған әсеріңіз жайлы айтып берсеңіз

Мұғалімнің сөзі:Құрметті қоңақтар әңгімелеріңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыңыз  бізді қызықтырады. Сіздерге осы  оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Біздің оқушыларымызға айтар тілектеріңіз, бата берсеңіз.

                                                      /бата сұрау/

- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дін-тәрбие бастауы»

Тақырыбы: «Дін - тәрбие бастауы»

Мақсаты:

Оқушыларға ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру.Оқушыларды тазалыққа, имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кездесу сағаты

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, видеоролик «Иманға кел»
Барысы:

І.Кіріспе. Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні туралы айтылмақ. Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған «Дін-тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ортамызда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.
Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
/экраннан көрсету/

Енді осы «ИСЛАМ» сөзін өздеріңіз кеңінен таратып өтсеңіздер.
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойынұсыну, бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз.
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Дархан:«Дін- ғылымның анасы» өленің тыңдайық

Дін- ғылымның анасы,
Дін- ғылымның әкесі,
Ғылым- діннің баласы,
Дін- ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар.

Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру) /экраннан көрсету/

Олай болса сыныбымыздың оқушыларының «Бес парыз» өлеңін тыңдап көрелік.

Сымбат: Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.
Иманды баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.
Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар-
Құранан ешқашан да ара үзбейді.
Мөлдір:Тұтпаса уағымен Оразаны-
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,
Инша Аллах қабыл болса қажылығың-
Анаңнан туылғандай тазарасын!
Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Тыйым жоқ бес парызда,
бізге Алла-
Келместі қолымыздан жүктемейді.
Келесі тыңдайтындарыңыз сынып оқушылары мәнерлеп оқуында «Ақиқат жолы» өлеңі.

Маржан: Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ
Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.
Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

/ Видеоролик «Иманға кел» /
Мұғалімнің сөзі:
Алла тағала өзінің ақыл-кеңесін Пайғамбарлар арқылы айтып отырды. Олар өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жандар болды. Алланың қалауы бойынша соңғы Пайғамбар Мұхаммед болды. Алладан басқа тәңірі жоқ.

Олай болса сыныбымыздың оқушыларының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін тыңдап көрелік.

Нұрдәулет:Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Фариза:Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер: /экраннан көрсету/
1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.

Мұғалімнің сөзі: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
Нұрдәулет: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
Серікбол: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
Жібек: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
Бексұлтан: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
Азамат: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
Дархан: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
Мөлдір: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
Анель: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Азамат: Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
Анель: «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
Өркен: Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар.
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
Нұршат: «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
Асқар: Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
Нұргүл: Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
Айжан: Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
Мағжан:Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
Жібек: Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.

Мұғалімнің сөзі: Қонақтарымызға оқушылардың қояр сауалдары бар: 1.Діни ағымдарға көзқарасыңыз?

2.Жастардың діни сауаттылығын қалай бағалайсыз?

3.Діннің адамдарға пайдасы мен зияны?

4.Қажылық сапарға бардыңыз ба? Барған болсаңыз алған әсеріңіз жайлы айтып берсеңіз?

Мұғалімнің сөзі:Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Мұғалімнің сөзі:Құрметті қоңақтар әңгімелеріңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыңыз бізді қызықтырады. Сіздерге осы  оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Біздің оқушыларымызға айтар тілектеріңіз, бата берсеңіз.

/бата сұрау/

- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дін-тәрбие бастауы

Автор: Сырымбетова Гүлнар Жалғасқызы

Дата: 23.10.2016

Номер свидетельства: 351667

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Наурыз - жыл бастауы!"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryz_zhyl_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "403100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490417375"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Мемлекеттік р?міздер –?лт ма?танышы "
    ["seo_title"] => string(41) "miemliekiettik-r-mizdier-u-lt-mak-tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "132093"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416288815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства