kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құқық бұзушылық профилактикасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

құқық бұзушылық профилактикасы жоғарғы сынып кеңесі бойынша жүргізіледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құқық бұзушылық профилактикасы»

Құқық бұзушылық профилактикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуiрдегi № 271-IV Заңы

 "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 12 мамырдағы № 181-183 (26029); "Казахстанская правда" от 12.05.2010г. № 118 (26179); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат (2561)

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесi!
      ҚР Заңының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 31-баптан қараңыз.

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтiк бейiмдеу - қоғамдағы мiнез-құлықтың нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабiлеттi жеке адамды қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерi жүзеге асыратын шаралар кешенi;
      2) әлеуметтiк оңалту - құқыққа қарсы мiнез-құлқы бар адамға құқықтық, әлеуметтiк, психологиялық, педагогтiк көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерi жүзеге асыратын шаралар кешенi, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
      3) заңға мойынсынушылық мiнез-құлық - адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiнез-құлық нормаларына сәйкес келетiн, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзбайтын саналы мiнез-құлқы;
      4) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртiптi сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерi жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық шаралар кешенi;
      5) құқық бұзушылық профилактикасының субъектiлерi - құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары;
      6) құқықтық тәрбие - азаматтардың заңға мойынсынушылық мiнез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетiн қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық
             профилактикасы туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Қазақстан Республикасының осы Заңынан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның мақсаты мен мiндеттерi

      1. Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылық профилактикасы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат белгiлеу болып табылады.
      2. Осы Заңның мiндеттерi:
      1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
      2) құқық бұзушылық деңгейiн төмендету;
      3) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ оларға итермелейтiн себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою;
      4) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту;
      5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
      6) азаматтардың құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру;
      7) азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады.

      4-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының принциптерi

      Құқық бұзушылық профилактикасы:
      1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және сақтау;
      2) заңдылық
      3) жариялылық
      4) құқықтар мен мiндеттердiң бiрлiгi;
      5) iзгiлiк;
      6) ғылыми негiздiлiк;
      7) жеке өмiрге қол сұғылмаушылық
      8) құқық бұзушылық профилактикасында алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
      9) кешендiлiк пен жүйелiлiк принциптерiне негiзделедi.

2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құқық
             бұзушылық профилактикасы саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды бекiтедi;
      3) құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi республикалық ведомствоаралық комиссияны құрады және таратады;
      4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын және олардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      5) құқық бұзушылық санының өсуiне әкеп соғатын дағдарыстық демографиялық процестерге жол бермеу, жұмыссыздықтың күрт өсуiн және халықтың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауын тежеу жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етедi;
      6) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      6-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
             құзыретi

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
      1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өңiрлiк бағдарламалық құжаттарды бекiтедi және олардың орындалуы жөнiндегi есептердi қарайды;
      2) әкiмнiң ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi жергiлiктi ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекiтедi;
      3) жергiлiктi бюджеттердi құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлiгiнде бекiтедi және олардың орындалуын бақылайды;
      4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өңiрлiк бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және оларды iске асырады;
      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын жергiлiктi деңгейде қамтамасыз етедi;
      3) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар мен ұйымдарды есепке алуды жүргiзедi, оларды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн айқындайды;
      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдеседi;
      5) тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекiту үшiн ұсынады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесiнiң ұйымдарын құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      7) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң ұсынылуын ұйымдастырады;
      8) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданады;
      9) азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      7-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi

      Iшкi iстер органдары:
      1) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және оларды iске асырады;
      1-1) өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп халықтың көшi-қонын реттеу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi және iске асырады;
      2) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      3) азаматтарға құқықтық тәрбие беруге қатысады, құқық тәртiбiнiң жай-күйi және iшкi iстер органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруы бойынша шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
      4) құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      5) профилактикалық есепке алуды жүргiзедi және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      6) қоғамдық тәртiптi қорғауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      7) күзет қызметi субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      8) өздерiне белгiлi болған, өзге де құқық қорғау органдарының құзыретiне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактiлерi туралы осы органдарға хабарлайды;
      9) қылмыстық қудалауды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      10) iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi бойынша арнаулы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      11) жалпы қылмыстық қылмыстар саласында криминологиялық болжам жасауды және құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi профилактикалық iс-шараларды жоспарлауды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Қаржы полициясы органдарының құзыретi

      Қаржы полициясы органдары:
      1) экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да лауазымдық құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы құқық бұзушылық профилактикасы, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласудың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысады;
      2) азаматтар арасында құқықтық тәрбие берудi және құқықтық насихатты жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      9-бап. Әдiлет органдарының құзыретi

      Әдiлет органдары:
      1) мемлекеттiк органдардың құқықтық насихат жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн нормалар қабылдануының алдын алу мақсатында нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заңдық сараптама жүргiзедi;
      3) сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң тергеу изоляторларында ұсталушы адамдардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, профилактикалық және жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      4) сотталғандармен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес тәрбие жұмысын жүргiзедi;
      5) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, сондай-ақ шартты түрде немесе жазасын өтеу кейiнге қалдырылған жазаларға сотталған адамдардың профилактикалық есепке алынуын және оларға профилактикалық бақылауды жүргiзедi;
      6) өздерiне белгiлi болған, құқық қорғау органдарының құзыретiне жататын дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактiлерi туралы осы органдарға хабарлайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      10-бап. Прокуратура органдарының құзыретi

      Прокуратура органдары:
      1) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасының дәл және бiркелкi қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
      2) қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнаулы есепке алуды жүргiзедi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      11-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi
              органның құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне құқықтық тәрбие беру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      2) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiнде заңға мойынсынушылық мiнез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi және оларды бiлiм беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгiзедi;
      3) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерi арасында құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi iс-шараларды өткiзедi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
              органның құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      2) алкогольдiк iшiмдiктердi үнемi пайдалануды, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуды ерте анықтау және олардың профилактикасы әдiстемелерiн әзiрлейдi;
      3) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп алкоголизмнiң, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды әзiрлейдi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретi

      Денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) салауатты өмiр салтын насихаттауды жүргiзедi;
      2) наркологиялық, психологиялық, психиатриялық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетедi және оны қажет ететiн адамдарға медициналық оңалтуды жүргiзедi;
      3) алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын, психикасының бұзылуынан зардап шегетiн адамдарды анықтауды, есепке алуды және оларды байқауды жүзеге асырады;
      4) алкоголизмнiң, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу жөнiндегi бағдарламалық құжаттарды iске асырады;
      5) құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына хабарлайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      14-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы
              уәкiлеттi органның құзыретi

      Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және кедейлiктi азайтуға бағытталған мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысады;
      2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi нысандарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
              уәкiлеттi органның құзыретi

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалық құжаттарды iске асыруға қатысады;
      2) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп құқық бұзушылық жасауға бейiм адамдарды дене шынықтыру және спорт сабақтарына тартуға жәрдемдеседi;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      16-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 
              уәкiлеттi органның құзыретi

      Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн жазып-көрсетуге ықпал етедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      17-бап. Азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық
              профилактикасына қатысуы

      1. Азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектiлерiне ерiктi түрде жәрдем көрсету жолымен жүзеге асырылады.
      2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысушы азаматтар мен ұйымдар өздерiнiң қызметiн заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысушы азаматтар мен ұйымдар өздерiнiң қызметiн:
      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
      2) консультативтiк-кеңесшi және сараптама органдарының жұмысына қатысу;
      3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектiлерiне жәрдемдесу арқылы жүзеге асырады.

      18-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы
              субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру

      1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру құқық бұзушылықтың уақтылы алдын алу, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi келiсiлген iс-әрекеттердi әзiрлеу және оларды өздерi жүзеге асыру арқылы профилактикалық жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялар жүзеге асырады.
      Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жанынан құрылады.
      3. Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Ведомствоаралық комиссиялар қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау;
      3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды iске асыру барысын қарау;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдану;
      7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне, тиiстi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға жiберу;
      8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерi басшыларының және лауазымды адамдарының жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдау және олардың қызметiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      9) мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн тәртiптiк және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзу болып табылады.
      4. Ведомствоаралық комиссиялардың құрамы, өкiлеттiктерi және қызмет тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн ережелермен айқындалады.

      19-бап. Үйлестiру қызметiнiң нысандары

      1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялар мынадай негiзгi:
      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу;
      2) ақпаратпен алмасу;
      3) оң тәжiрибенi зерделеу және тарату;
      4) бiрлескен жедел-профилактикалық iс-шараларды өткiзу;
      5) отырыстар мен кеңестер өткiзу;
      6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару нысандарында жүзеге асырады.
      2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерi өздерiне белгiлi болған, мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын, дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактiлерi туралы осы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.

3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ

      20-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы шараларының жүйесi

      Құқық бұзушылық профилактикасы жалпы, арнаулы және жеке шаралар арқылы жүзеге асырылады.

      21-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары

      Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары:
      1) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарын қорғау жөнiндегi шараларды;
      2) экономиканы, әлеуметтiк саланы, құқық қорғау қызметiн басқарудағы қателiктер мен кемшiлiктердi жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасын нормативтiк, ақпараттық, әдiстемелiк және ресурстық қамтамасыз етудi жетiлдiруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларын;
      3) азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетiн арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мiнез-құлыққа, құқыққа қарсы мiнез-құлыққа төзбеушiлiкке бағдарланған адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыру арқылы криминогендiк факторларды жоятын немесе шектейтiн идеологиялық шараларды;
      4) құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетiстiктерiн қолдану арқылы iске асырылады.

      22-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының
              арнаулы шаралары

      Құқық бұзушылық профилактикасының арнаулы шараларына:
      1) құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерiнiң профилактикасына;
      2) халықтың белгiлi бiр әлеуметтiк топтары арасында құқыққа қарсы мiнез-құлықты қалыптастыруға итермелейтiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған республикалық және өңiрлiк бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу және оларды iске асыру кiредi.

      23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары

      1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары адам не адамдардың шектеулi тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мiнез-құлқына жүйелi түрде мақсатты ықпал ету үшiн қолданылады.
      2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:
      1) профилактикалық әңгiмелесу;
      2) қорғау нұсқамасы;
      3) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
      4) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
      5) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу;
      6) профилактикалық есепке алу және бақылау;
      7) әкiмшiлiк жаза қолдану;
      8) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшiн жою, қамқоршыларды және қорғаншыларды өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешiнiң тәрбиесiне беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу;
      9) сот үкiмi бойынша қабылданатын шаралар;
      10) әкiмшiлiк қадағалау орнату;
      11) жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеу болып табылады.
      3. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары оған қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшелiктерi, оның жасаған құқық бұзушылығының қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейi ескерiле отырып айқындалады.
      4. Мүдделi адамдар құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
      5. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
      6. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
      7. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану Қазақстан Республикасының осы Заңына және өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар айқындаған тәртiппен олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырылады.

      24-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы
              шараларын қолдануға негiздер

      1. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бiрi:
      1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтiнiштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
      3) мемлекеттiк органдардан және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар негiз болып табылады.
      2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатерi туралы өтiнiштер мен хабарламаларды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қарайды.

      25-бап. Профилактикалық әңгiмелесу

      1. Профилактикалық әңгiмелесудiң негiзгi мiндеттерi құқыққа қарсы мiнез-құлықтың себептерi мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтiк және құқықтық салдарларын түсiндiру және заңға мойынсынушылық мiнез-құлықтың қажеттiгiне сендiру болып табылады.
      2. Профилактикалық әңгiмелесудi құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретiне жататын құқық бұзушылық субъектiсi құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негiз бар адаммен өткiзедi.
      3. Профилактикалық әңгiмелесу құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiнiң қызметтiк үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жерi, оқу, жұмыс орны бойынша не тiкелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткiзiледi және оның ұзақтығы бiр сағаттан аспауға тиiс.
      4. Профилактикалық әңгiмелесу өткiзiлетiн адамға құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату қажеттiлiгi туралы ескертiледi.
      5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгiмелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi.

      26-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер
              мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

      1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда мемлекеттiк органдар тиiстi ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жiбередi.
      2. Тиiстi ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк органға ұсынысты қарау нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге мiндеттi.

      27-бап. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше
              талаптар белгiлеу

      1. Сот құқық бұзушының мiнез-құлқына оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
      2. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданылумен қатар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды әкiмшiлiк жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.
      3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның белгiлi бiр құқықтарын шектеуге және оған белгiлi бiр мiндеттер жүктеуге әкеп соғады.
      4. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу тәртiбi, оның қолданылу мерзiмi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiмен айқындалады.
      5. Мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген адамды iшкi iстер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.

      28-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау

      1. Профилактикалық есепке, оған қатысты:
      1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
      2) оның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген;
      3) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм қабылданған;
      4) әкiмшiлiк қадағалау белгiленген;
      5) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, сондай-ақ шартты түрде немесе жазасын өтеу кейiнге қалдырылған жаза белгiленген адам қойылады.
      Адамдарды профилактикалық есепке қою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.
      2. Профилактикалық есепке алуды iшкi iстер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.
      3. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын адамның белгiленген шектеулердi сақтауын және жүктелген мiндеттердi орындауын жүйелi түрде байқау болып табылады. Бұл адамдардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      4. Мүдделi адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
      5. Iшкi iстер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күнi не соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      6. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзiм iшiнде жүзеге асырылады. Белгiленген шектеулердiң қолданылу және жүктелген мiндеттердiң орындалу мерзiмi бiткеннен кейiн адам профилактикалық есептен шығарылып, оған бұл туралы үш тәулiк iшiнде жазбаша нысанда хабарланады.
      7. Профилактикалық есептегi қамтылған мәлiметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi мiндеттердi шешу шеңберiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.
      8. Профилактикалық есепке алуды жүргiзу Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi айқындаған тәртiппен олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырылады.

      29-бап. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын-ала шектеу

      1. Жүрiп-тұру бостандығын алдын ала шектеу белгiлi бiр тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, оның iс-әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың белгiлерi болмаған және оның жеке басын анықтаудың өзге тәсiлдерi мүмкiн болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады.
      2. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеудi соттың санкциясымен iшкi iстер органдары қолданады және адамды iшкi iстер органдарының арнаулы мекемесiнде отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге уақытша оқшаулаудан тұрады.
      3. Жүрiп-тұру еркiндiгiн алдын ала шектеудi қолданудың тәртiбi мен шарттары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының арнаулы мекемесiнен босатудың негiздерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      30-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық
              профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны
              үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         Н. Назарбаев




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Құқық бұзушылық профилактикасы

Автор: Бөкебай Мерейгүл

Дата: 03.02.2018

Номер свидетельства: 454490

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "О?у   процесіндегі  т?рбиелік  ??рамдасын  к?шейту  ж?ніндегі  ?лгілік кешенді  жоспарды  асыру"
    ["seo_title"] => string(91) "okuprotsiesindieghitrbiielikkuramdasynkushieituzhonindieghiulghilikkieshiendizhospardyasyru"
    ["file_id"] => string(6) "286775"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454400057"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Бала құқығы туралы конвенция"
    ["seo_title"] => string(35) "bala_k_u_k_yg_y_turaly_konvientsiia"
    ["file_id"] => string(6) "363988"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480440323"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«?ылмыссыз жар?ын болаша?!» "
    ["seo_title"] => string(28) "k-ylmyssyz-zhark-yn-bolashak"
    ["file_id"] => string(6) "242621"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445509138"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "«Жас?спірімдерді? т?ртібіндегі мінез-??лы? ауыт?ушылы?ыны? себебі, т?рлері, алдын-алу жолдары»"
    ["seo_title"] => string(90) "zhasospirimdierdintrtibindieghiminiezkulykauytkushylygynynsiebiebiturlierialdynaluzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "327134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463396423"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "«Жас?спірімдерді? т?ртібіндегі  мінез-??лы?  ауыт?ушылы?ыны?  себебі, т?рлері, алдын-алу жолдары»"
    ["seo_title"] => string(104) "zhasospirimdierdin-t-rtibindieghi-miniez-k-u-lyk-auytk-ushylyg-ynyn-siebiebi-turlieri-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "330459"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464264367"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства