kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас?спірімдерді? т?ртібіндегі мінез-??лы? ауыт?ушылы?ыны? себебі, т?рлері, алдын-алу жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама та?ырыбы:

«Жас?спірімдерді? т?ртібіндегі  мінез-??лы?  ауыт?ушылы?ыны?  себебі, т?рлері, алдын-алу жолдары».
 

?азіргі кезе?дегі білім беру ж?йесіндегі ?зекті м?селелерді? бірі – мінез-??л?ы ?леуметтік «нормадан» ауыт?ы?ан балалар мен жас?спірімдер м?селесі болып отыр. Со??ы уа?ыттарда?ы статистикалы? м?ліметтерге с?йенер болса?, о?ушылар арасында?ы наша?орлы?, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам ?лтіру ж?не т.б. сия?ты жа?ымсыз іс-?рекеттері жылдан-жыл?а к?рт ?суде.

?азіргі уа?ытта балалар мінез-??л?ыны? б?зылу себеп-салдарын ?леуметтік-психологиялы? ж?не педагогикалы? т?р?ыда М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон,   Г.П.Медведев ж?не т.б., клиникалы? сипатта Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е.Сухарев, криминалогиялы? аспектілерін М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев сия?ты ?алымдар зерттеумен айналыс?ан.

Мінез-??л?ында ауыт?ушылы? бай?алатын балаларды ?леуметтендіруге байланысты Отанды? ?алымдарды? е?бектері аса ??нды болып табылады. Соны? ішінде ?.Б.Жары?баевты?, С.?.?алиевті?, Ж.Ы.Намазбаеваны?, Т.?.Б?леевті? ж?не т.б. ?алымдарды? е?бектерін атап ?туге болады

Мінез-??л?ында ауыт?ушылы? бай?алатын балаларды ж?не де ?о?амда ?алыптас?ан нормалар мен ережелерді са?тамауды ?ылымда девиация (латынны? «deviatio» ты?дамау, ауыт?у деген ма?ынаны береді) деп атайды.

Осы?ан байланысты ?дебиеттерде кездесетін «?иын бала», «девиантты мінез-??лы?», «ауыт?ы?ан мінез-??лы?» ??ымдары синонимдес болып табылады.

Девиантты мінез-??лы? дегеніміз – ?леуметтік нормалар мен ережелерге с?йкес келмейтін мінез-??лы?. Кей жа?дайларда «асоциалды?» немесе «антидисциплиналы?» деп те аталып жатады.

Девиантты мінез-??лы? немесе мінез-??лы? ауыт?ушылы?ыны? к?рсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, о?удан ж?не е?бектен теріс б?рылу, ?йден кету, алкоголизм, шылым??марлы?, наркомания, ?о?ам?а жат ?ылы?тар, жынысты? жат мінез-??лы?, суицид ж?не т.б. жатады.

Мінез-??лы? ауыт?ушылы?ы мына факторлар?а байланысты туындайды деген т?жырым жасалды. Олар:

Биологиялы? факторлар – баланы? ?леуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялы? ж?не анатомиялы? жа?ымсыз ерекшеліктер (генетикалы? факторлар, интеллектуалды? кемістіктер, психикалы? а?аулар, психофизиологиялы?  ж?не физиологиялы? факторлар).

Психологиялы? факторлар – балада?ы психопатологиялар мен мінездегі кейбір ?асиеттерді? басым болуы (ж?йкелік-психикалы? ауыт?улар).

?леуметтік-педагогикалы? факторлар – мектептегі, отбасында?ы, ?о?амда?ы т?рбие ?рдісіні? кемшіліктері мен ?леуметтік назардан тыс ?алу н?тижесі (о?уда?ы декомпенсация, дезадаптация, ?леуметтік бейімсіздік, криминалдылы?).

?леуметтік-экономикалы? факторлар – баланы? ?з отбасыны? материалды?-т?рмысты? жа?дайына ?ана?аттанбауы (кедейлік, ж?мыссызды?, инфляция, ?леуметтік кернеу).

Моральды-этикалы? факторлар – адамгершілік-рухани ??ндылы?тарды? т?мендеуі.

Атал?ан факторлар?а байланысты туында?ан «антидисциплиналы? мінез-??лы?ты» т?зетуді? жолы ?андай?

К?рнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамны? к?йзелісімен к?ресу, оны? себептерін жою жолымен ?ана емес, сонымен бірге адамды ж?нге салуды? белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жа?дай жасау ар?ылы да н?тижеге жетуге болады» дей отырып, «?иынды?ты т?рбие ар?ылы т?зетуді?», осы ?айшылы?пен к?ресуді? на?ты жолын аны?тап берді.

Мінез-??л?ында ауыт?ушылы?ы бар балаларды т?рбиелеуде мына ?станымдарды басшылы??а алу ?ажет.

  • Педагогикалы? ?рекетті? ма?сат?а ба?ытталуы.
  • Бірт?тасты?ы мен ж?йелігі.
  • Ізгілік ?станымы.
  • Т?л?аны? жа?сы жа?тарын тауып к?ре білу.
  • ??рмет к?рсете білу ж?не ?ажеттілік тудыра білу ?станымы.
  • Саналылы? ж?не белсенділік ?станымы.
  • Жан-жа?тылы? ?станымы.

Девиантты мінез-??лы?ты балаларды т?зету мына ба?ыттар бойынша ж?зеге асырылуы тиіс:

  • Баланы? ?леуметтік ортасына тікелей ?сер ету ар?ылы. Факторлары: таби?и, ?леуметтік.
  • О?у-т?рбие ?дерісіні? т?зетушілік ба?ыты. ?немі!
  • М?дени-к?пшілік ж?не сауы?тыру шараларын арнайы ?йымдастыру ар?ылы.

К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы? б?зушылы?тар, ?ада?алаусыз, панасыз ?алуды? ж?не ?о?ам?а жат iс-?рекеттердi? алдын алу?а, олар?а ы?пал ететiн себептер мен жа?дайларды аны?тау?а ж?не жою?а ба?ыттал?ан, к?мелетке толма?андармен, сондай-а? оларды т?рбиелеу, о?ыту ж?не ба?ып-к?ту ж?нiндегi мiндеттерiн орындамайтын не оларды? мiнез-??л?ына терiс ?сер ететiн ата-аналармен немесе бас?а да за?ды ?кiлдермен жеке профилактикалы? ж?мыстарды ?оса ж?зеге асыратын ???ы?ты?, педагогикалы?, медициналы? ж?не ?зге де шаралар ж?йесiн к?шейту ?ажет.

К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы? б?зушылы?тарды? профилактикасы мен балаларды? ?ада?алаусыз ж?не панасыз ?алуыны? алдын алу туралы ?аза?стан Республикасыны? 2004 жыл?ы 9 шiлдедегi N 591 За?ына с?йкес келесі іс-шараларды ж?зеге асыру ?ажет:

  • ата-анасыны? немесе оларды? за?ды ?кiлдерiнi?, сондай-а? педагогтарды?, т?рбиешiлердi? ж?не к?мелетке толма?андарды ?ада?алауды ж?зеге асыру?а мiндеттi бас?а да о?ыту, т?рбиелеу ж?не ?зге де мекемелер ?ызметкерлерiнi? тарапынан оны т?рбиелеу, о?ыту ж?не (немесе) ба?ып-к?ту ж?нiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оны? ?йден немесе бала ???ы?ын ?ор?ау ж?нiндегi функцияларды ж?зеге асыратын ?йымдардан ?з еркiмен кетуi салдарынан мiнез-??л?ына ба?ылау болма?ан к?мелетке толма?ан балаларды аны?тау;
  • ?алыптас?ан жа?дайларды? салдарынан тiршiлiк ?рекетi б?зыл?ан ж?не осы жа?дайларды ?з бетiнше немесе отбасыны? к?мегiмен же?е алмайтын балаларды дер кезінде есепке алу ж?не реабилитациялы? шараларды ж?ргізу;
  • бала?а ?о?амда ?алыптас?ан ж?не оны? рухани, дене бiтiмi, имандылы?, психикалы?, м?дени, зияткерлiк дамуына ж?не ?леуметтiк ортаны? терiс ы?палынан ?ор?ау?а ба?ыттал?ан мiнез-??лы? ережелерi мен нормаларын дарыту ж?нiндегi ата-анасыны? немесе ?зге де за?ды ?кiлдерiнi? жауапкершіліктерін арттыру;
  • к?мелетке толма?анны? ата-анасыны? немесе ?зге де за?ды ?кiлдерiнi? ?з ?аржылы? м?мкiндiктерi мен ?абiлеттерiнi? шегiнде оны? салауатты дамуы, оны? м?лiктiк ж?не м?лiктiк емес ???ы?тары мен м?дделерiн ж?не мемлекеттiк е? т?менгi ?леуметтiк стандарттарын ?ор?ау ?шiн жа?дай жасау;
  • к?мелетке толма?андарды ???ы?ты?, ?леуметтiк, дене бiтiмi, психикалы?, педагогикалы?, моральды? ж?не (немесе) материалды? ?алпына келтiруге ба?ыттал?ан шаралар кешенiн ??ру ж?не енгізу.

Енді на?ты суицидтік мінез-??лы?ты? психологиялы? ерекшеліктері, белгілері ж?не оны? шы?у себептеріне то?талып ?тейін. Орта Азия елдері арасында ?аза?стан ?з-?зіне ?ол ж?мсаудан І орын, ТМД к?лемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Я?ни, ?р 100 мы? ?аза?станды??а ша??анда 20,7 адамнан келеді. Б?л к?рсеткіш 1989 жылмен саластыр?анда ?ш-т?рт есеге есті. Б?л м?ліметтерді Б?? жанында?ы Балалар ?оры (ЮНИСЕФ) таратты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас?спірімдерді? т?ртібіндегі мінез-??лы? ауыт?ушылы?ыны? себебі, т?рлері, алдын-алу жолдары»»

32мектеп-гимназиясы







Баяндама тақырыбы:

«Жасөспірімдердің тәртібіндегі мінез-құлық ауытқушылығының себебі, түрлері, алдын-алу жолдары».



















Ақтөбе 2015ж







Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.

Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұрғыда М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон,   Г.П.Медведев және т.б., клиникалық сипатта Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е.Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысқан.

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, Ж.Ы.Намазбаеваның, Т.Қ.Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.

Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.

Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.

Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.

Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:

Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер (генетикалық факторлар, интеллектуалдық кемістіктер, психикалық ақаулар, психофизиологиялық  және физиологиялық факторлар).

Психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы (жүйкелік-психикалық ауытқулар).

Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – мектептегі, отбасындағы, қоғамдағы тәрбие үрдісінің кемшіліктері мен әлеуметтік назардан тыс қалу нәтижесі (оқудағы декомпенсация, дезадаптация, әлеуметтік бейімсіздік, криминалдылық).

Әлеуметтік-экономикалық факторлар – баланың өз отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына қанағаттанбауы (кедейлік, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу).

Моральды-этикалық факторлар – адамгершілік-рухани құндылықтардың төмендеуі.

Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.

  • Педагогикалық әрекеттің мақсатқа бағытталуы.

  • Біртұтастығы мен жүйелігі.

  • Ізгілік ұстанымы.

  • Тұлғаның жақсы жақтарын тауып көре білу.

  • Құрмет көрсете білу және қажеттілік тудыра білу ұстанымы.

  • Саналылық және белсенділік ұстанымы.

  • Жан-жақтылық ұстанымы.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

  • Баланың әлеуметтік ортасына тікелей әсер ету арқылы. Факторлары: табиғи, әлеуметтік.

  • Оқу-тәрбие үдерісінің түзетушілік бағыты. Үнемі!

  • Мәдени-көпшілік және сауықтыру шараларын арнайы ұйымдастыру арқылы.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңына сәйкес келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  • ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаларды анықтау;

  • қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балаларды дер кезінде есепке алу және реабилитациялық шараларды жүргізу;

  • балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жауапкершіліктерін арттыру;

  • кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасау;

  • кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенiн құру және енгізу.

Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Канатова Айсауле Канатовна

Дата: 26.05.2016

Номер свидетельства: 330459


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства