Просмотр содержимого документа
«?аза? биіні? ?алыптасу тарихы »
Пән: Би өнері үйірмесі
Сыныбы:5-сынып.
Мерзімі:28.11.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақ биіндегі «Бидай боз» қимылы
Сабақтыңмақсаты: Музыкалық ырғақты би сабақтарында балалардың эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, денсаулықтарын нығайту және артыру.
Мұғалімнің мақсаты:Би арқылы бұлшық ет күші мен иілімділігін және төзімділік қабілеттерін арттыру.Әуенге сәйкес ырғақ пен қимыл үйлесімділігінің көркем де мәнерлі болуын жетілдіру.
Сабақтың міндеті:
Баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру.
Қимылды өз ережесіне сай және таза жасауын қадағалау.
Жалпы ережеге, тәртіпке бағына білуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтипі: Аралас сабақ
Оқытуәдісі:Тәжірибе түрінде .Түсіндірмелі иллюстративті.
Пәнаралықбайланыс:Музыка,Ритмика.
Қолданылатын көрнекіліктер:Үн таспа,музыкалық орталық, бейне таспа.
Бірінші ұқсас қимыл қандай? «Қызғалдақ», «Білек сыбану»
Екінші ұқсас қимыл қандай? «Кереге көз», «Үкі»
Үшінші ұқсас қимыл қандай? «Ұялу», «Беташар»
Музыкамен үш тұқсас қимылды қайталау.
Жаңа сабақ
1.Жаңа сабақты түсіндіру : «Бидай боз» қимылы. Қазақ биінде барлық қимылдар атына байланысты болып келеді.Бұл қимыл да аты айтып тұрғандай бидайды бейнелейді. Егістікте бидай өсіп тұрғанда жел соғады, сол желдің ескенінен бидай қозғалады. Сол қозғалысты би арқылы көрсетеді. «Бидай боз» қимылы І және ІІ қалыптар арқылы жасалады. Қолдың алақаны сыртқа қаратып, оң жақтан сол жаққа тербетеді.
2.Жаңа сабақты бекіту:Қимылды барлық оқушыға толық үйретіп, қай оқушы қалай меңгергенін текскріп, баяу меңгеретін оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Қимылды бірге санау арқылы содан кейін арнайы дайындап келген әуенге салып жасау.