Просмотр содержимого документа
«Іздегенде табылатын қасыңнан.»
Тақырыбы:Іздегенде табылатын қасыңнан...
Мақсаты: достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштау ,өмірден адал да шыншыл дос таба білуге баулу.
Жоспары:
І.Жылы сөз-жанға шипа
ІІ.Мақал-мәтелді жалғастыр.
ІІІ.Жағдаяттар ойыны
ІҮ.Достарыма сыйлық.
Ү.Жіпті шешу
ҮІ.Қасиеттер жәрмеңкесі
ҮІІ.Сызбанұсқа
ҮІІІ.Ән шашу.
Барысы.
Жүргізуші:Ерте заман ойшылы,асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші!Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді ол барлық жерде бар ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды.Ол сәттілікке жаңа сәулет береді,ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» дейді.
Достық адам өмірінің сан бояулы,көп қырлы қасиеті.Сондықтан достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес.Әйтсе де ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде достық ұғымының басты мәндері көрегенділікпен ашып көрсетілген.
І.Жылы сөз-жанға шипа.
Өзінің оң жағындағы құрбысының мінезіндегі ерекшекліктерін атап айту.Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыздар.Бірге бір сыныпта оқығандарыңызға 7 жыл болды.Осы уақытта сіздер бір-біріңіздің ерекшеліктеріңізді,кемшіліктеріңізді жақсы білесіздер деп ойлаймын.Соны анықтау үшін сіздер әрқайсысыңыз оң жағыңыздағы құрбыларыңыздың мінезіндегі ерекшеліктерін айтамыз.
ІІ.Мақал-мәтелді жалғастыру.
Заттың................жақсы
Достың ескісі.................
Біреу жаныңы жолдас
Біреу..........жолдас.
ІІІ.Жағдаяттар.
1-жағдаят.Сенің жан досың бұрынғы досыңды тастауыңды,өзімен ғана дос болғаныңды қалайды.Сенің ой-пікірің?
3-жағдаят.Жақын досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды.Қандай шешім қабылдар едің?
4-жағдаят.Саған досың өкпелі,неге екенін білмейсің.2 күн болды,ол сені көрсе үндемей қашқақтайды.Сенің іс-әрекетің?
ІҮ.Достарыма сыйлық.
Қажетті құралдар:Ақ парақ,түрлі түсті қалам,фломастер.
3 минут уақыт беріледі.Осы уақытта алдарыңыздағы ақ параққа сурет салатындығыңызды ойластырыңыз.Белгі берілген кезде суретіңізді бастайсыз.Келесі белгі берілгенде суретіңізді оң жағыңыздағы оқушыға беріп,сол жағыңыздағы оқушыдан суретін алып жалғастырасыз.
Келесі сәтте ойын шарты өзгереді.Бірінші белгі соғылғанда суреттің арғы жағынан сурет авторына өз жүрекжарды ақ тілегіңіз жалғастырылады.
Ескерту.Біреудің суретін өшіріп жөндеуге болмайды.
Қорытынды.Өз суретіңіз өздеріңізге қайтып келгенде сіз қандай сезімде болдыңыз?
Суретіңіз бастапқы сіздің ойластырғаныңыздан өзгерді ме?
Релеаксация:Қалай ойлайсыз тренинг неге «Досыма сыйлық» деп аталады?
Достық –алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы.Адалдықсыз достық болмайды.Ал адалдық деген-рухани тазалық.Онсыз сен досың үшін ешқандай жақсылық жасай алмайсың.Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың,оған шын жүректен жәрдем ете де алмайсың.Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап кешіре білмеген адам нағыз дос та таба алмайды.Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды қатесін,кемшілігін кешіре біледі..Ондай адам жан дүниеңді түсініп,әрдайым қасыңнан табылып көмектесуге дайын тұрады..Бұл нағыз достық.
Жіпті шешу.
Сынып оқушылары топтасып отырды.Әр топқа шиеленіп байланған жіп тартылады.Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артына ұстап,оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек.
Қане қай топ жеңімпаз атанар екен?
Балалар ,сіздер достарыңыздың бойынан қандай қасиеттердің табылғанын қалайсыздар?