Сабақтың барысы: -Амандасу. Оқушыларды еңбек түрлерімен 3 топқа бөлу. 1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: Балалар, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүрген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жайнаған сұлу далаға да жақындап қалдық. Әсем гүлдер де көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі, көздің жапуын алады. Біз осының бәрін бірге көргенімізге іштей қуанамыз. Міне көп ұзамай ақ мамықтай ақша бұлт бізді «Балалар әлеміне» де әкеліп түсірді. Бұл әлемде үнемі еңбек ететін балалар тұрады. Олар әрдайым бір-біріне көмек береді. Оларды шаршамай, талмай еткен еңбектерін көре тұра біздің де бойымызға еңбек әрекеті дари бастағандай. Осы сезімдерімізді бойымызға сақтай отырып, бұрынғы қалпымызға келіп, көзімізді ашайық. 2.Үй тапсырмасын тексеру Саханалау: Ө Тұрманжанов «Қайдан келдің бауырсақ?» Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, Қарап тұрып кзін сап: -Қайдан келдің бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ. -Дүкеннен келдім Нан сатқан,- Деді оған бауырсақ. -Дүкенге келдің қай жақтан? -Наубайдан келдім нан жапқан. -Наубайға келдің қай жақтан? -Диірменнен келдім нан тартқан. -Диірменге келдің қай жақтан? -Даладан келдім кең жақтан Жер анам менің көсілген, Дихандар мені өсірген. Дастарханға нан қалай келеді? (Еңбекпен) Адамдар неге еңбек етеді? (Отбасын асырау, киім-кешек алу) Еңбек адамға не береді? (Жақсы өмір, күш, қайрат т.б) | Нұрға бөлену Орман-релакс |
Әңгімелеу (тырма, күрек, пышақ, егеу, қайшы, біз, қашау т.б) Б.Әбілов «Еңбексіз- өмір сүреңсіз» мысалды әңгімелеу. Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, асқамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бал кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иеснің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. –Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!....» Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін болды. Бір күні: -Әй, туысқан,- деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарық-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті. - Төмен секір, - деді Қара пышақ, - бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді. -Ол жерде не бар? -Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой,қандай рақат! -Ал жұмысты кім істейді? -Жұмыс бізсіз де істеледі. -Рақымет! –деді Сары пышақ. –Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір –сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер. Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді. Қара пышақ неліктен өзін сынып бара жатқандай сезінді? Сары пышақтың әрекеті ұнады ма? Неліктен? Қара пышаққа қандай ақыл кеңес берер едіңдер? Сендер еңбектің қандай түрімен айналысып жүрсіңдер? «Еңбексіз өмір – сүреңсіз дегенді қалай түсінесіңдер? | Б.Әбілов «Еңбексіз –өмір сүреңсіз» бейнебаян. |
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс I топ: «Адалдыңтың өтемі» ертегіні көрініспен аяқтау. II топ: Ас мәзірін дайындау. III топ: «Еңбектің жемісі» тақырыбында сурет салу Дәптермен жұмыс: «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу. | «Адалдыңтың өтемі» ертегі бейнебаян |
8.Соңғы тыныштық сәті: -Балалар ыңғайланып отырып көзімізді жұмайық. «Аспан патшалығы» жіберген ақ мамықтай ақша бұлттарға мініп, келген бетімізден кері аттанайық. Жайқалған гүлдерден, айдын шалқар көлдерен, орманды алқаптардан өте барып еңбек ете отырып өзімізге деген сенімімізді арттырайық, бақыт, байлыққа кенелейік! | |