kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел боламын десе?...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Жас ?рпа?ты имандылы??а, адамгершілікке, білімге т?ртіпке, ?дептілікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел боламын десе?...»

Мақсаты: Жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, білімге тәртіпке, әдептілікке тәрбиелеу.


- Құрметті оқушылар!

Бүгінгі пікірталасқа қош келдіңіздер! «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» - демекші,

«Тілекті тәңірім ақтасын,

Кісіге бақыт, бақ қонсын.

Жетесіз ұлдан сақтасын,

Желікпе қыздан сақтасын», -

деп тілеген данышпан ата-бабаларымыздың сөздерімен пікірталасымызды бастаймыз.

Құрметті оқушылар, «Тәрбиеленушінің өзі тәрбиелі болу керек» деген нақыл сөзді есте сақтайық.

«Жақсымен сөйлессең,

Лағыл гаухар төгілер.

Жаманменен сөйлессең,

Атаң, анаң сөгілер».

Отбасы – ошақтың үш тағаны сынды, үш тіреуден тұратыны белгілі. Олар: әке, ана. бала. Осылардың бірлігі – отбасының берекесі, ал отбасы – қоғамның іргетасы. Мемлекетіміздің мықты болуы осы іргетасқа тікелей байланысты. Бала тәрбиесінде ананың рөлі ерекше. «Әйел – ұлтты тәрбиелейді» деген нақыл төңірегіндегі ойымызды ортаға салсақ. (Оқушылардың пікірлері)

Әке – отбасының пірі, қарашаңырақтың қожасы. Әке – бас ие, үй-ішінің тірегі, баласының жүрегі.

«Әкесіз бала – панасыз балапан» немесе «Әке тәрбиелеген - есті болар, шешесі тәрбиелеген епті болар» деген бабаларымыз. Бүгінгі күнгі әке тәрбиесі қандай? Есті бала тәрбиелей алдық па? – деген сауалдар жөнінде пікірлерімізді ортаға салайық.

Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзінен тәрбие тамырының терең екендігіне көз жеткіземіз.

Төмендегі сұрақтар төңірегінде ой өрбіту.

  1. Жетесіз ұл, желікпе қыз қайдан шығады?

  2. «Қиын бала» деп қандай баланы айтамыз?

Әр ата-ана өз ұрпағының жоғарыдан көрініп, бақытты өмір

сүруіне мүдделі. Бірақ, өкінішке орай, бәрі біз ойлағандай бола бермейді-ау. Кеше ғана алақанға салып әлпештеп өсірген сәби күндердің күнінде теріс жолға түсіп кетсе, ата-ана үшін одан үлкен өкініш бар ма?

Шынында да, жасөспірімдер жаман жолға неге түседі? Тәрбиенің қай мерзімінде, біз өз баламызға деген ықпалдан айырылып қалып жүрмі? Осы сауалдар төңірегінде пікрлер.

«Ұстаз пейілді болса, шәкірті зейінді болады» немесе «Ұстаз мейірімі мен ана мейірімі егіз».

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға. (Абай)

«Құлықсыз оқитын оқушы – қанатсыз құс».

«Ештеңе сұрамайтын адам – ештеңн үйренбейді».

«Ұлт болашағы – ұрпақтан» дей отырып, алдымен отбасын түзейік. Бір қария: «Қарынымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан жылаймын» деген екен. Бүгінгі өмір шындығы осылай деуге мәжбұр етіп отыр.

Келешек ұрпақтың, заманның қалай болатының Мөңке би бұдан 300 жыл бұрын бұлай сипаттапты.


Мөңке бидің болашақты болжауы

Құрамалы, қорғанды үйің болады,

Айнымалы, төкпел биің болады.

Халыққа біртиын пайдасы жоқ,

күн сайын бас қосқан жиын болады.

Ішінен шынтақ айналмайтын,

Ежірей деген ұлың болады.

Ақыл айтсаң ауырып қалатын,

Бежірей деген қызың болады.

Кекірей денег келінің болады.

Ішкенің сары су болады,

Берсең ит ішпейді.

Бірақ адам оған құмар болады.

Домалақ, домалақ түймедей дәрің болады.

Жастарға билігі жүрмес кәрің болады.

Ертеңге сенбейтін күнің болады.

бетіңнен алып түсетін інің болады.

Алашұбар тілің болады.

Дүдамалау дінің болады.

Әйелің базаршы болады.

Еркегің қазаншы болады.

Бұхараны құм алады

Төртқүлді су алады.

Халықтың қанын сорған надандар болады.

Қабағын түйір қайы тілейтін адамдар болады.

Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.

Ит пен мысықтай ырылдасқан

Еркек пен қатының болады.

Сарылып кеп тосасын

Құны жоқ қағазды судай шашасың.

Соның бәрін көресің, Көріп барып өлесің.

Жоғарыда айтылған болжам бүгінгі заманға дәл келіп тұрған жоқ па? Олай болса, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзбен ойымызды қорытындылайық. Ел болып, ұрпақ тәрбиесін қолға алайық, ағайын! Ел сәні – атаға қарап өскен ұл, анаға қарапөскен қыз.

Пікірталасымызға қатысқандырыңызға көп рахмет. «Көш жүре түзеледі» дегендей, кемшілігіміз болса, ғафу етіңіздер.

«Ақылы жоқты аға тұтпа,

Қасиеті жоқты қдір тұтпа,

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле,

«Жақсыдан жаман туса, жыннан пайда болғаны,

Жаманнан жақсы туса, нұрдан пайда болғаны».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ел боламын десе?...

Автор: Адилева Динар Маратовна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327644

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Салт-д?ст?рлер "
    ["seo_title"] => string(15) "salt-d-sturlier"
    ["file_id"] => string(6) "139142"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417669693"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Денсаулы?- зор байлы?»"
    ["seo_title"] => string(23) "diensaulyk-zor-bailyk-8"
    ["file_id"] => string(6) "289455"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454827267"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Патриотты? т?рбие беру " "
    ["seo_title"] => string(24) "patriottyk-t-rbiie-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "178788"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424880025"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Ана тілім - алтын тіл"  атты сыныптан тыс саба?"
    ["seo_title"] => string(43) "ana-tilim-altyn-til-atty-synyptan-tys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "258161"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448454787"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»"
    ["seo_title"] => string(70) "rukhani_adamghiershilik_t_rbiie_bieru_bag_ytyndag_y_t_rbiieshinin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "463626"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522083407"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства