Сынып жетекшінің аты-жөні | |||
Күні: | 26.11.2024ж | ||
Сынып | Қатысушылар саны:19 | Қатыспағандар саны: | |
Сынып сағатының тақырыбы | Менің денсаулығым-менің болашағым! | ||
Тәрбие жұмысының бағыты | |||
Мақсаты | 1.Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу 2.Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. 3.Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. | ||
Бағалау критерийлері: | |||
Тәрбие сағатының барысы
Барысы | Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар |
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Психологиялық дайындық: \Оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды.\ Армысын,асыл күн! Армысын,жан досым! Армысын,асыл жыр! Жылуыма жылу қос, Армысын,көк аспан! Міне,менің қолым! 2. «Ой қозғау» \Балалар,адамның көңілді болуы неге байланысты деп ойлайсыздар? \Оқушылар өз ойларын айтады\ 2.Кіріспе сөз.\мұғалім\ Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі –салауатты өмір сүру,оны насихаттау мәселесі. Ал, енді біздерді «Салауатты өмір» еліне саяхатқа бастап апаратын П.К.Иванов деген атамыз көмекке келіп тұр. Ол «Салауатты әдеттер» елінде тұрады. Мен барлығыңызға «Салауатты өмір» шыныңа сүрінбей жетулеріңізге тілектеспін. Енді, Иванов атамызды тындайық.\үнтаспа- дағы дауыс\ Достар мен сендерді «Салауатты әдеттер» елінің әр түрлі шаһарларына саяхатқа шақырамын.Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боласыздар. Әр шаһардың біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Егер сол заңдар мен ережелерді толық біліп менгерсеңіздер келешекте салауатты азамат пен азаматшалар боласыздар. Мұғалім: Иванов атамызбен бірлесіп жасалған саяхаттың жоспарымен танысайық: Кубизм стратегиясы. 1.Тазалық шаһары. 2.Күн тәртібі шаһары. 3.Дұрыс тамақтану шаһары. 4. «Дене салмағын қалпында ұстау»аялдамасы\салмақты есептеу \ 5.Сауықтыру шаһары. 6.Спорт шаһары. 7. «Сергіту» аялдамасы\Қара жорға биі\ 8.Табиғи шынығу шаһары. 9.Салауатты өмір шаһары. | 1.Жеке бас гигиенасын сақтау. 2.Дене тәрбиесімен шұғылдану. 3.Күн тәртібін дүрыс ұйымдастыру. 4.Дене салмағын қалпында ұстау. 5.Дұрыс тамақтану. 6.Темекі тартпау. 7.Ішімдік ішпеу. 8.Қоршаған ортаның тазалығын сақтау. 9.Тиімді демалу. 10.Денсаулықты сақтау. 11.Денсаулықты нығайту. 12.Табиғатты қорғау. 13.Ерте тұрып,кеш жату. 14.Таза ауада серуендеу. 15.Табиғи күштермен шынығу. 16.Спортпен шұғылдану. 17.Күннің сәулесімен шынығу. 18.Жалаң аяқ жүру керек. |