Просмотр содержимого документа
«Бердібек Соқпақбаев - балалар жазушысы»
Әдиби кеш
Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы
Бердібек Соқпақбаев әлем таныған жазушы. Балалар әдебиетін Хантәңіріндей биікке көтерген қаламгер. Бүгін ХХI ғасырда кітаптары сөреден таптырмаса да, жүректерде жатталып қалған Бердібек Соқпақбаев бақытты жазушы. Халық сүйген, қалың оқырманы бағасын беріп, құрметпен мәңгі есінде сақтаған жазушы. Бердібек Соқбақбаевтың ел жүреғінде орын лып, ұялап қалған « Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың Гауһар ?», «Боз тобенде бір үй бар», «Ақбозат», « Жекпе –жек», «Он алты жасар чемпион» атты шығармалары әдебиетте бір төбе болса, ал кітапқа да, киноғда да арқау болған« Менің атым Қожаның» орыны бір бөлек, дара да, асқақ балалар әлемінде бір шың секілді. Елімізде бабаларымыздың ізі қалған ұлы далада келбетіне жыр мен сыр тұнған өлкенің құшағында тауларындай асқақ, көлдеріндей тұнық, жерлеріндей көркем де келбетті де да Бердібек Соқпақбаевтай балалар әдебиетінің атасының мектебімізде кештер, ертеңгіліктер өтуде. Сынып сағаттың мақсаты: Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармаларымен таныстыру. Шығармаларындағы Отанға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін, махаббатын балалар жүрегіне ұялату. Сынып іші ақын суреті, шығармаларынан алынған көрністер, Бердібек өлеңдерінен алынған шумақтар ілініп, «Қазақ балалар әдебиетінің классигі»
атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар Нарынқол тобы, Әулиеағаш тобы болып өз өнерлерін көрсетті. Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелерінен үзінді оқып, өлеғдерін мәнерлеп оқыды.
« Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы және шығармалары» атты баяндама жасалынды. « Кім көп біледі » деген сұрақ-жауппен екі топжарысқа түседі.
1. « Менің атым Қожа» кімнің шығармасы ?
2. « Менің аты Қожа» шығармасының кейіпкелерін ата.
3. Спорт тақырыбына арналған шығармасын ата.
4.Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларыната,т.б. сұрақтарға жауап берді.
Сонда кейін екі топ « Менің атым Қожа» фильміндегі Қожа мен Жантасқа мінездеме берді. Қожа маған қандай мінезімен ұнайды ?-деген тақырыпта өз ойларын, пікірлерін жазды. Бердібек Соқпақбаев шығармалары бойынша салынған сүреттерге өздерінше әңгіме құрастырды.
Сынып сағаты Бердібек соқпақбевқа арналған «Бәйтерек» өленің мәнерлеп оқумен аяқталды. Балаларға ғана сүйікті жазушы болмай, үлкендердің де есінде зор құрметпен қалған Бердібек Соқпақбаевқа арналған бір көңілді кеш, сынып сағаты болды.
Ақиқатты, шындықты суреттеген дүние болмысты бала тілімен сөйлете білген Бердібек ата туралы оқырманға қалай жеткізіп,бала жүрегіне қалай жол салам десең де тәрбиелік тағлымы мол болашақ көшінен қалмайтын, бірге жасайтын жазушы.