kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту.

   Менің ұстаздық жолымда қалыпты балалармен жұмыс істегеніме 20 жыл, ал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма екінші жыл. Осы аз ғана уақыттың ішінде мен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін сезініп те үлгердім. Себебі, қалыпты балаларға сабақ беру барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл - күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды.Мұндай балалардың ата - аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік қиыншылықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл көптеген жұмыс уақытты талап   етеді.

     Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне-өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыз ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығының өзі де осында.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
1. Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
2. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
3. Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру;
4. Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау;
5. Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу;
6. Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді.    

     Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту болып табылады. Өйткені қандай бала болмасын ойын арқылы өсіп жетіледі. Ойын ойнау кезінде бала ешнәрсеге тәуелді болмау керек, яғни өзін еркін сезінген дұрыс. Ал, еркіндік — дамудың қажетті баспалдағы болып саналады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында дидактикалық, үстел үсті ойындарымен бірге саусақпен ойналатын ойындардың маңызы зор деп саналады. Саусақпен ойналатын ойындар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан, адамзаттың даму тарихында үлкен орны бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жәндіктер мен құстарды тануға мүмкіндік алады. Саусақ қозғалысына қарай бала қуанып, шаттанады, сөзді қайталауға тырысады, ұсақ қол моторикасы мен есте сақтау қабілеті дамиды, ойынға деген құштарлығы артады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыруда мына нұсқаулар ұсынылады:

— баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
— баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдау;
— ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау;
— ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болу қажет;
— баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп ойнауына жағдай құру;
— ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру;
— ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек.

4. Сабақта қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері.

Сабақ жоспарын құруда технологиялық картада баланың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері есептеліп отырады. Мотивациялық-қозғаушы бөліміне 2-3 минут бөлінсе, негізгі кезең — ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі негізінен ойын түрінде құрылады. Жаңа тақырыппен танысу, сөздерді қайталату, сол арқылы тілдерін жаттықтыру, суреттермен жұмыс жүргізу, ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау, дыбыстық жаттығу, сергіту сәті, суреттерді санату, түстерін атату, бекіту жұмыстары — барлығы 20-22 минут ішіне кірігеді. Балаларға мемлекеттік тілді үйрету — өте күрделі үрдіс. Әсіресе, өзге ұлт балаларын сөйлету, ерекше дыбыстарды бұрмалатпай дұрыс айтқызу, қайталату — үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі немесе психикалық даму тежелген балалар үшін сабақта қолданатын түрлі дидактикалық, үстел үсті, логикалық, сөздік ойындарды құрастыруда олардың жас ерекшеліктерін де ескердім. Көрнекі үлгілеу әдісі баланың жаңа сөздерді есте сақтауына көп септігін тигізетіні белгілі. Өкініштісі кейбір балалар мүлдем сөйлемейді, кейбірі сөйлей білгенмен қайталамайды, біреулері қазақша сөздерді айтуда қиналып, мұғалімнің аузына қарап қана айтылған сөзді қайталап айтады. Сабақтың мотивациялық-қозғаушылық кезеңінен бастап ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңінің барлығы ойын түрінде құрылады. Жиі қолданылатын ойын түрлері «Тыңда да, қайтала», «Мынау не?», «Дұрыс ата», «Қарап ал да есіңе сақта», «Аудармашы», «Дұрыс көрсет», «Мынау кім?», «Не жоқ?», «Тыңда, қайтала, көрсет» кез келген тақырыпқа байланысты «Қоянды көрсет», «Доп қайда?» және тағы басқалары. Одан басқа дыбыстық жаттығу жүргізіледі, балалармен алдымен буындарды одан соң сөзді қайталаймыз. Мыс; -ю-ю-ю-аю-аю, -шақ-шақ-шақ-қуыршақ-қуыршақ т. б. Дыбыстық жаттығудың ерекшелігі ерекше дыбыстардың дұрыс, анық айтылуы қадағаланады, жаңадан үйренген сөз бірнеше рет қайталанып, бекітіледі. Сабақ ортасында сергіту сәтін өткізудің де маңызы зор. Балалар отырып жалыққан соң, сергігенді қалайды. Сабақ тақырыбына сай сергіту сәтін де дұрыс таңдаған жөн. Айтып кететін болсам;
Бір, екі, үш (бірінші қолдың саусақтарын кезекпен ашқызу)
Жинап алдым күш. (білекті ашып-жұмғызу)
Бір, екі, үш (екінші қолдың саусақтарын кезекпен ашқызу)
Ұш, ұш, ұш (екі қолдарын жоғары көтереді)

Одан басқа:
Отырамыз, тұрамыз, (қолдарын алға созып жүресінен отырады)
Топ-топ, топ-топ басамыз. (қолды белге қойып, 4 рет аяқты топ-топ басады)
Отырамыз, тұрамыз. (қолдарын алға созып жүресінен отырады)

Демаламыз, бәріміз. (үлкен шеңбер жасап, мұрынмен дем тартып, ауыздан шығарады) Осылайша, балалардың сабақта жалығып кетпеуіне жол бермеу, ойлағаныңды кез-келген әрекет арқылы жүзеге асыру үлкен мақсатқа қол жеткізеді.

• баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
• баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдай білу;
• ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау;
• ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болуы қажет;
• баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп ойнауына жағдай құру;
• ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру;
• ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту.»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Дыбысбаева Нурбахыт Рахметоллаевна

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 361256

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства