kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауған ардагерлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

ауған  ардагерлеріне арналған тәрбие сағатына Шалқар ауылында ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кешін ұйымдастырылып отыр. бұл кеште оқушылар өз өнерлерін ардагерлерге көрсете отырып әңгіме дебат өткізе отырып, кеш қоңақтарына сыйлықтар  ұсынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауған ардагерлері»

Интернационалист-жауынгерлер.

Мақсаты: 1.Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 21 жыл толған айтулы күнді атап өту, қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру;

2. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу,

3. Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шар, жалаулар, гүлдер.

Барысы:

1-жүргізуші:1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналады. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

2-жүргізуші:1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22000 қазақстандық қатысты.

1-жүргізуші:Құрметті кеш қонақтары, мектеп мұғалімдері, оқушылар, Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 21 жыл толуына байланысты «Интернационалист-жауынгерлер» атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

Мұғалім сөзі:

«Қажетсіз соғыстың қасіреті»

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және орта Азия округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушлар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бар түрінен ату, бетпе-бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеруге дайындалды. Мұсылмандық батальон 10-12 қарашада Ташкент, Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10-желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізуүшін алдын ала шешім қабылданғанын айтып 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Соңгы шешім 16-желтоқсан күні 12-де шағын ғана Кеңес басшыларының тобымен шешілді. 16-желтоқсанда 40-армия құрылып, оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты тағайындады. 40-армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды. Барлық 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерді жасақтау үшін резервтен 50 мың аға офицерлер, сержанттар шақырылды. Ауыл шаруашылығынан 8мыңға жуық автомобилдер мен басқа техникалар бөлінді. 24-желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. 1979жылы 25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО Қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел әрекеті болды. Бұл дүние жүзінде Кеңес Одағына деген қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды. Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты, 35мың адам жараланды.кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25-желтоқсанда басталып 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты. Оның 780-і соғыста құрбан болды, 22-сі із-түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.

Ауған соғысына Шалқар ауылынан қатысқан ардагерлеріміз:

1.Айтпаев Абылай Меңдібайұлы.

2.Смайлов Молшылық Төлеуұлы.

3.Смайлов Асқар Төлеуұлы.

Кеш қонақтарына арналған ерлік сабақтарымызды әрі қарай оқушылардың өлең жырларымен жалғастырсақ. Сөз кезегі оқушыларда.

1-оқушы:

Бұлт тоүнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан бұл соғыс,

Бейбіт күнде басталған.

2-оқушы:

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайды,

Тарихта аңыз болып қалары анық.

3-оқушы:

Біліммен қашанда жақсы өлмесін,

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі есім.

Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін.

4-оқушы:

Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

Менің де бар әлі саған берерім.

Ел боламыз ойым таза, сенемін.

Өзгелермен терезесі теңескен,

Өтіп кетті талай асу белестер.

Биіктерден әрқашанда көрініп,

Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.

2-жүргізуші:Ауған жеріне жіберілген Кеңес әскерлерінің денін Орта Азиялық және Қазақстандықтар құрғаны белгілі. Соғыс қасіретін көрген бүгінгі кешіміздің қоңақтарымен танысайық.

5-оқушы:

Айтпаев Абылай 1965 жылы 15 қаңтарда шалқар ауылында дүниеге келген. 1979 жылы 4-қаңтардан 1980 жылғы 3-мамырға дейін Ауған жерінде азаматтық борышын өтеп елге аман-есен оралған.

6-оқушы: Смайлов Молшылық Төлеуұлы 1963 жылы 14 желтоқсан Шалқар ауылында дүниеге келген. Отбасында үш қыз тәрбиелеп отырған әке.

7-оқушы:

Смайлов Асқар Төлеуұлы 1969 жылы 5 мамыр Шалқар ауылында дүниеге келген. Отбасын 1997 жылы құрды. Отбасында аяулы жары бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке.

Ән. «Туған жер» орындайтын Нысанбаев Ербол


8-оқушы:

Топырағыңмен тамырласып кіндігім,

Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.

Нығайтамын елдігімніңтұғырын,

Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.

9-оқушы:

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантқан,

Міне, осындай Қазақтан деген ел.

10-оқушы:

Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса Қазақстан!

Баянды болсын бақытың, халқым,

Жасай бер, жаса Қазақстан!

11-оқушы:

«Менің Республикам»

Менің оның тауын сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

12-оқушы:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Ән: «Елім менің» орындайтын Искаков Әбілмәнсүр.

13-оқушы:

Республикам арай тұнған күншуақ,

Кең төсіңде ырыс, бақыт, ынтымақ.

Келелі іске, кең өріске ұмтылып,

Жаңаруға таба білдің тың қуат.

14-оқушы:

Республикам мейірімді мәрт ана,

Тосқауылды бұзып өттің қаншама.

Қазыналы ұлан байтақ өлкеге

Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.


1-жүргізуші: Енді осы атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап, сол бір жылдарды көзімен көрген арқаттық ауған соғысының ардагерлерін әңгімеге тартайық.

Еркін микрофон, сұрақ қоям деушілерге рұқсат. (Сұрақтар қойылады).

1) Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?

2) Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума-туыстарыңыз білді ме?

3) Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?

4) Бұл сұм соғысқа өз еркімен аттандыңыз ба?

5) Ауған соғысы туралы фильмдердің шындыққа жанасатындары бар ма?

6) Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?

7) Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме, әлде қару беріп жібере салды ма?

8) Қазіргі кезде сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

9) Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз. Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

(Кеш аяқталысымен естелік сыйлықтар тапсырылады. Жерлес жазушылардың кітаптары құттықтау сөздерімен естелікке ұсынылады.)


Қорытынды:

Ерлік –елдің туы. Ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.

«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.












Целиноград ауданы




















Өткізген: Тулешова Ә.М.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ауған ардагерлері

Автор: Кобегенова Сандугаш Касымхановна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404668

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Ер есімі -ел есінде" сынып са?аты   Ау?ан со?ысы- ж?ректегі жара "
    ["seo_title"] => string(72) "ier-iesimi-iel-iesindie-synyp-sag-aty-aug-an-sog-ysy-zhuriektieghi-zhara"
    ["file_id"] => string(6) "230207"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442043971"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Презентация:    «Ау?ан со?ысы ж?ректерге жара салды»   9сынып"
    ["seo_title"] => string(65) "priezientatsiia-aug-an-sog-ysy-zhuriektierghie-zhara-saldy-9synyp"
    ["file_id"] => string(6) "321032"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1461214315"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(250) "Ке?ес ?скерлеріні? Ау?ан жерінен шы?арыл?анына 20 жыл толуына байланысты ?ткізілген «Ау?аныстан- ж?ректегі жара» та?ырыбында?ы кездесу кеші."
    ["seo_title"] => string(140) "kieniesskierlierininauganzhierinienshygarylganyna20zhyltoluynabailanystyotkizilghienauganystanzhuriektieghizharatakyrybyndagykiezdiesukieshi"
    ["file_id"] => string(6) "255539"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447947454"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Тәрбие сағаты "Руxани жаңғыру-болашаққа бағдар" атты апталық аясында өткен "Ауғанның отты жылдары""
    ["seo_title"] => string(80) "t_rbie_sagaty_ruxani_zhang_yru_bolashakk_a_bagdar_atty_aptalyk_aiasynda_otken_au"
    ["file_id"] => string(6) "500200"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1550425266"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Ау?анны? отты жылдары" "
    ["seo_title"] => string(23) "aug-annyn-otty-zhyldary"
    ["file_id"] => string(6) "176913"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424517187"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства