Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсеңді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке мұлғанің ғылыми дүние танымының қалытыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндетгерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психодогиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Атамекен - алтын бесік"»
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсеңді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке мұлғанің ғылыми дүние танымының қалытыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндетгерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психодогиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
^ Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің жұмысы туралы" методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөліміндс көрсетіледі.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетскшілері деп атады
1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтан оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты, топ жетекшілері, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиелік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды.
Сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемсн бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітідді.
^ Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметі. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып; «Тек ата-аналармен бірге. жалпы, күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бакыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: Оқу жәнс тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзкарастары, олардың өзара карым-катынасы сабактың формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оку пәндерін оқытудағы жана көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университтері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс баланың отбасына бару т .с.с. Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көз қарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалпы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондыктан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оку-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін кажет етеді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уакыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып оларды әрлуан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрагасы сайланады. Байланыс нысандарының бірі-педагогтардың окушылар үйіне баруы. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі-педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасындағы психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өтс зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К. Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындык жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығ ның салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі-отбасы. Отбасы тәрбиесі көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері аукымын кұрайды. Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы баска жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымдары да дос-жарандары да, отбасы-бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педаготар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлганың қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектің тәрбиесінің өнімі де жоғары. Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одактасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастықа негізделеді. Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау кызметі.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оку-әрекеті, бос уакытын ұйымдастыру жатады. Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ыргағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ыргағының негізгі құрамды элементтері-еңбек, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйкы, т.б
Отбасылық тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.
Отбасылық тәрбие бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының көзқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасыда болатын өктемдіқ баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай-күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан біріңгай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздыкпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Мектептің ата-аналарымен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекеі бірлігінің тұрактылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуіне қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен кұрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны окушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуте міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналарымен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әр; жүйелі зерттеуді кажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;
-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатын тэрбиенің біріңғай ұстанымдарын қою табаланың жан-жақты үйлесімді даму үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;
-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;
-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;
-сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара кызметінің маңыздылығы түсінікті.
^ Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінін мегізгі
міндеттері.
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата -ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі- бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұгалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру.Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру оның жұмыс жоспарын жасау, оларда мектептегі қоғамдық жұмыска қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университтетерінде, лекторияларды, семинарларда ғылыми-практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық бітімдерді насихаттау.
^ Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті аткаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оку-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәлімімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шакыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлкын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктіктің болмауына сенімдерін орныктырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық -педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибссіндс ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал етуөорісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әртүрлі формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш,спорттық жарыстар т.с.с);
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы. Наурыз оушылардың жазғы демалысын өткізу т.б,);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б:
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға; .
- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек көрсету т.б.
4. 0тбасы тәрбиесіне ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділермен жұмыс жәнс ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылыкпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, көлкабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына отбасында ата-ананың балаға ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары Қазақстан Республикасының Конститудиясында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құкығы әрі парызы" деп отбасының міндеті анық көрсетілген. "Қазакстан-2030" бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге "Отбасы туралы Заң", "Жоғары және орта білім тұжырымдамасында"әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп,отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігін бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің"кім" және "қандай" екенін, басқалардың "кім" және "қандай" екенін практикада сынап байқап кереді. Отбасында әр түрлі жағдайлар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазалынатынын әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, эконимикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанмен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес ана да оған елеулі үлес косу себепті олардын ролдік кызметі тенеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті әз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі: толық емес отбасылар көбейіп, ата, әке, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа, өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Қарым-катынас — адамзат өмірінін аса манызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікіралмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззаталу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең аукымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-катынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі немесе бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық жорыктар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс талас - тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі - әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информаиионное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелеренің рухани кемелденуіне алып келсе мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас аркылы біріктіретін, өзара
Туыскандық байланыстарын нығайта түсетін аса манызды сфера - мақсатты (отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы) бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері -әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, сонын өзі балаға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта енбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса манызды құрал — қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психологиялық ахуалына, сезімі, ой- санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны алмасып отырады, Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар ересектерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ыкпал етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей, кейде жанама түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты әдет, дағдыларды менгерту, іскерлікке баулу, ұкыптылыкка, ерінбеуге т.б. дағды мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру, баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық мотивтерден туындауыда мүмкін.
Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктеуге болады. Баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігін гиперпротекция деп атаған.
Қазымырлық пен көзден бір елі таса қылмай бақылаудын да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіре қамқорлықтың (гиперпротекция) күшті түрі деп белгілейді. Бұған душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланы болашағы күмәнді істерге соқтырады. Баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен аланғасарлық, қанағатсыздыққа, тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады.
Ауруын, әлсіздігін сылтаулатып ата-анаға дегенін істеу өзімшілдік, тәкәппарлық, бағасын арттыру секілді қылыктардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек. Баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, сезіну тұрлаусыз, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады.Отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы, олардың балаларға қатынасындағы қаталдық ракымсыздық пен қатыгездікке, жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастык, содырлыққа соқтырады "Таз ашуын тырнадан алады" дейді қазақ мұндай мінезді.
Балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта болып, шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен әзін нашар, әлсіз сезінеді. Тәрбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы бір іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, акыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп ол ешкімнің ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тән мойын, тілазар болып өседі.
Ата-ана тәрбие мәселесінде өз тәжірибесің, түйген- білгенін, ұстанған қағидасын жолай, уакытпен үндестіре түзетіп, өзгертіп, жаңалап жаңғыртып отырады. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе -әрине халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұкыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керекті. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинскийдің "Тәлім-тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс"дегені белгілі. Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құраушы жеке адамдардың мінез-құлық жағынан пісіп-жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алыл, пікір күресін тудырып келген. Жалпы шығыс пен батыс гуманистерінін бәрі де "Дүниенін ең асылы, бағалысы –адам ал оның бақыты -бала"деп білген ойшылдардың пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: "Адам бақыты — бала, егер ол саналы болса". Сондықтан қазақ кұдайдан бала сұрағанда
"О, кұдай, бала - бер,
Бала берсен - сана бер!
Санасыз болса,
Қайта өзін ала бер" дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын "сегіз кырлы, бір сырлы" өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені - тарихи шындық.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу деңгейі — бала. Дүниеге келерінде де, келген сон да әке-шешесің бірден-ақ боямасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақыратын, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы, қызығы қырқылып, үзіліп қалатынын әділетшіл халықшықта айтады, ашып та айтады. Сондықтан да ол "Бесіксіз үйде береке жоқ" деп түйеді. Бұл - халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Осы ойды ертеден келе жатқан "Ата — бәйтерек, бала — жапырақ"деген бейнелі мақал да растайды. Әрине, өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Келешекке үміт артуды кеп балалы болумен де ұштастырады халық. Жокшылық жомарт ердің қолын байлаған қысымды, қытымыр заманда "Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, екі баласы бардың арты бар да, алды бар үш баласы бардың Орынборда жұрты бар, Қарғалыда кұты бар, Казанда казынасы бар, Мекержада малы бар" деуде кандай үлкен сенім жатыр! Балаесіргенболашакка кызмет етеді...
Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмасада, сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса бірде қайталайды. Баланың балғын ойы мен сенімі -алдында ен беделді тұлға әке, әлеуетті, акыллы, білім дарәке. Жаны сұлу жайсан азамат өсіруде әке орыны айрықша бөлек. Герман Титов өз әкесінің тәлімі болашак ғарышкер тағдырын белгілеуте көмектескенін айтады. Сенбі кештерінде әке мен ұл ойша қиялмен сонау жұлдыздарға ұшып, келешек кереметтерді топшыласкан... Ерлікке, енбекке еліктіру, романтика көгіне қанат қактыру - бұл рухани егіс, ертеңгі күні ізгілік жемісін ұсынатын егіс.
Адамгершіл саналылығы биік ата-ананың, отбасы мүшелерінің бір-бірімен сыйласуы, сенісуі, колдасуы, көмегі, татулығы мен ынтымағы, бір-біріне талап қоя білуі, әркашан әділ болуы, өзара қамкорлығы салтка кірген отбасынан қашанда көргенді, білікті, іскер азаматтар өсіп шығады. Міне, осындай өнегелі отбасында туып өскен, оқып білім алып, коғамдық енбектің бір-бір тұткасына ие болып жүрген азаматтардың қай-қайсысынан да "Өмірден арманына адастырмай қанат қактырған ең қымбат адамың кім?" деп сұрай қалсаңыз, солардың дені дерлік ең әуелі өз ата-аналарын айтады.
Әке-шешесінің ауыз бен айтып жеткізгісіз аяулы еңбегін, баға жетпес үлгі-өнегесін жыр ғып шертеді. 7-сынып окушысы Әділ Имашев "Мен және менін ата-анам" деген тақырыпқа жазған шығармасында әкесі өрт сөндіруші
Қанат Имашевтің қиын михнатты әрі қауіпті жұмысты ширек ғасыр бойы қажымай-талмай, адал атқарып келе жатқаны жөнінде, әкесінің отбасындағы айрықша орны, мінез-құлкы, адамгершілігі, қамкорлығы жөнінде тебірене толғанып қаншама жылы сөздер жазған. Кішкентай жүректің кіршіксіз көңіл ілтипатын, занды мақтанышын жазған.
Ата-ананың ыкпалы өзінен-өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын кездерімен кереді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс-әрекетке айналады.
Қазак баласы сөзге, қызыл тіл өнеріне үлкен мән берген, қымбат бағалаған. Сөзге, сөйлеуге түрткі де, өзек те болатын — ой, киял. "Қамшы дағы етте, тілдің дағы жүректе", ендеше ақылға жүгініп сөйлеген абзал. Халықтық ғазиз тәрбие берудің алтын өзегі - асыл сөз. Сол себепті кез-келген сөз салмақты емес көпті ұйытып, тебіренткен сөз ғана құнды.
Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез-құлкы ғана емес, ондағы қоршаған заттарда әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми-педагогикалық, көркем әдебиеттерде де айтылып келеді. Баланың естігені оку-ғылым жайлы болса, әке-шешесінің сөзі де сол болса ондай баланың болашақта таңдап алар жолы да соған сәйкес болмақ, ә рине егер ата-анасы соған оны тарта білсе.
Жалпы тәрбиелеу әдістері педагогикада сана-сезіміне ықпал ету іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру болып топтастырылған. Отбасы тәрбиесіне байланысты ғылыми-педагогикалық практикалық бағыттағы, отбасы тәрбиесінің психологиясына байланысты әдебиеттерді зерттеу және өзіміздің практикалық жұмыстарымыздың нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін:
- ықпал ету аркылы баланың өзіне сенімін нығайту;
- ыкпал ету арқылы баланың психикасын тежеу;
- ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту;
- ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу деп топтастырдық.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана беделінің маңызын дұрыс түсінбеу және оны қолдану тәсілдерін психология-педагогикалық тұрғыда зерделей алмауы салдарынан отбасы тәрбиесінде жансақтықтар кетіп жатады.
Ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін топтастыру
Қазак халқы әсіресе өмір гүлін үздіксіз егетін ананың ақ сүтін, адал еңбегін айрықша атайды. "Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді" деп ана арқылы өмір желісі үзілмейтінін, бала арқылы жалғасатынын парасаты биік, білгір халық бейнелеп білдіріп отырады. Сондықтан "Анасың сүйгеннің баласын сүй", "Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің" деген мақал да балғын жасқа анау- мынау арзан әңгіме болмаса керек. "Өзіне дейінгіні сыйламасан, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды", Бұл – ұмытуға болмайтын аталар ескертпесі. Тәртіп - жалпы жеке адамның, не топтың алдына қойған мақсатқа жету үшін іс-әрекетін ұйымдастыру сипаты болып, ол құлықық мәнге ие болады.
Отбасы тәрбиесіндегі тәртіпке қатысты ғылыми-педагогикалық және психологиялық енбектерді зерделей келе және бақылауларымыз бен практикалық жұмыстарымыздың қорытындысына сүйене отырып, біз отбасының күн тәрбібі бала тәрбиесіндегі аса қажетті қомпонент екеніне көз жеткіздік.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, ата-аналар арасында жүргізілгін нақты практикалық материалдарды зерделей келе педагогикалық шарт баланы жақсы ой, жайдары мінез, пайдалы істерге жетелеп, еліктететін жағымды педагогикалық жағдай деп ұйғардык. Демек, отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз - балаға тәрбиелік ықпал ету үшін ата-ана және басқа да отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды жағдайлар. Ол отбасының материалдық, рухани ахуалын қамтиды деп анықтама беріп, оларды төмендегідей сипаттамаға келтірдік.
Бірінші, ата-ана отбасы тәрбиесіндегі алға қоятын мақсатын анықтап алғаны жөн. Бұны баланың болашақ кәсібімен ғана байланыстыру жаңсақ. Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ол мақсат бүкіл адамзат үшін біреу ғана - баланы адамгершілікті болуға тәрбиелеу, әрине бұл өте қиын. Адамгершілікке тәрбиелеудің алғашқы әліппесінің өзі де жаңа ғана өмір табалдырығын аттаған жас бүлдіршінге зор тәлім. Қабылдау қабілеті әлі дамымаған сәбидің ұғымына асқақ ой әуелінде ауыр, қиын. Сол себепті халық оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге деген әдісті негізге алады. Әуелі қарапайым көргенділікке үйреткенді жән көреді. "Екі кісі ұрысса - ағат, екі кісі сыйласса - санат". Бұдан әрі халық мораль талаптарына кешеді. "Атанның баласы болма, адамның баласы бол". Бұдан асқан гуманизм бола ма! "Қандасым деп қаныңа тартпа, жақсыны жатсынба, бауыр тұт", "Ақылы асқан жақсыны алысым деп ойлама, ақылы жоқ жаманды жақыным деп ойлама". Халық бір сөзін бір сөзінен асырып түсіреді. "Біреуге өлім тілегенше. өзіңе өмір тіле". Біреудің сорынан өзіме бақыт табамын деп арам ойға жүгірген абырой алмайды.
Екінші, тәрбиенің мақсатын айкындап алған соң енді осы жақсылыктың үлгі-өнегесін көрсету - ата-ананың жағымды ықпал етуінің екінші педагогикалық шарты. Бұны болашақтан үміті бар әр ата-ана өзінен бастауы керек. Айталық, отбасылық тәртіпті жүзеге асырудан бұрын тәртіптің не екенін және тәртіпті адам кандай болатынын мың ауыз "мыжың"сөзден гөрі ұрымтал ісімен көрсету. Одан соң барып балалардан және басқалардан тәртіпті талап ету.
Үшінші, арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата-аналар аздап болса да, осы ілімнен хабардар болғаны абзал. Бұл отбасы тәрбиесінде баланың мінез-құлық ерекшеліктері, ішкі жан-дүниесі, қалауы мен сұрау талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшері, жолдарын туратандап алуға көмектеседі. Бұл ретте педагог-ғалымлдр баланың сұрау талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшерден аспауын талап етеді, әйтпегенде шегінен шығып кетсе, пайдадан зияны көп болатыны психология-педагогикалық әдебиеттерде айтылып келеді.
Төртінші, ата-ана беделін орынды пайдалану. Осыған орай аса дарынды
педагог А.С.Макаренко, мынадай бедел түрлерін белгілеген:
аулактық бедел, өзімшіл, менмендік, өсиетшіл, қазымыр, тақуагершіл, сүйіспеншілік, қайырымды, достық, сатып алу арқылы балалар алдында өз беделін сақтауға, сол аркылы тәрбиелеуге ұмтылу. Осылардың ішіндегі ең тиімді, ықпалы қуаттысы - сүйіспеншілік, қайырым, достық арқылы пайда болған бедел.
Бесінші, отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт-дәстүр. Жалпы отбасы мүшелерінің қарым - қатынас сипаты. Ол сый- құрметке, не айкай-ұйкайға, ұрыс-керіс пен балағат сөзге құрылған ба? Міне, осының өзі-ақ отбасы тәрбиесіндегі ата-анаңын ролін көрсетеді. Егер отбасының ересек мүшелері, ата- ана ұлттық салт-дәстүрге құрылған тәрбие сипатын ұстанса қалт кетпейді. Мұнда береке-бірлік, сый-құрмет әр мүшеге тиісті болып, жағымды эмоциялық тыныс орнайды. Мұндай ата-аналардың болашағы нұрлы, балалары бақытты деуге болады. Ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген, халық әміршінің өзі шығарған занында аталған парызы бар, ол — "Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет". Ал парызын ұмытып жүргендер аз емес. Ондай парызды ешкім есіне салмай-ақ өзің жадында ұстап, ақтауға уәзипалысың. Неге десең, "Анасына орын ұсынбаған - әкесіне қолын ұсынбас".Халық әдетте қамкорлықтың ұсақ-түйектен-ақ көрініс табатынын осылай ескертеді. "Ана сүтін ақтамағанды ешкім де мақтамайды". Өте сыпайы айтылса да, өткір айтылған айып. Мақтағанды, марапатты айтасыз, ондай жігерсізді. Боз өкпені немесе бейнамысты әділ заңнын өзі айыптайды. Заңмен кесіп, тастап кеткен анасына нәпақа (алимент) төлету - соның дәлелі. Өйткені "Анасының қарғысын алған, ағайынның алғысын алмас".
Алтыншы шарт отбасы мүшелерінің бақытты болуына тура жол көрсетеді. Ол - қуаныш сезімі. Ал енді оның бакытты болу дегенін қалай ұғыну керек? Бақыт дегенді біреу — байлық, біреу — мансап десе, көпшілік адам өзіне не жетпесе соған мол қолы жетсе, бақытты болар едім дейді. Ғалым-педагог А.С.Макаренко"Өмірдің өзі-бақыт"дейді. Ал бақытты болудың басы — қанағатшыл болу. Барына риза болып, денсаулық пен адал еңбек теңізі бақыт емес пе? Сондықтан барына қуанып, отбасына да қуаныш орнату - ата-ананың үлкен бір манызды міндеті.
Бұл педагогикалық шарттардың әркайсысының өзі көптеген ереже, қағидаларды қамтиды. Сонымен, тәжірибе жұмысымыздың мақсатын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым- қатынастың сипатын және отбасы тәрбиесіне қатысты педагогикалық білім деңгейің анықтау деп белгілеп оның міндеттерін айкындадык:
1) отбасы қарым-қатынасының педагогикалық, психологиялық сипаты, қағидалары, әдіс-тәсілдері, мазмұны, құралдары т.б. айкындау;
2) отбасы қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалын ата-аналардың ұғынып, түсіну деңгейі;
3) отбасындағы бала тәрбиесіне ықпал ететін педагогикалық шарттар туралы ата-аналар ұғымын, түсініктерін, білім денгейін анықтау.
Көрсетілген өлшемдер төңірегінде тексеру эксперименті өткізілді. Оған барлығы 425 ата-ана қатысты. Сонымен ұшы-қиыры жоқ қажырлы еңбек, күн керу үшін күрес тұрмыс жағдайлары, кейде ата-аналардың бала тәрбиесіне көніл бөліп, жағдай жасауларына мүмкіндік бермейтіні; ақпараттану мүмкіндігінің төмендігі; бала тәрбиесіндегі көзқарастың кейбір жаңсақ тұстары; ата-ананың бала тәрбиесіне салғырт-салақтығы; педагогикалық сауатсыздықтың анықталуы ата-аналарға арнап отбасы тәрбиесі бойынша сауатын ашу, педагогика ғылымынан мағлұмат беру керек екендігін айқын көрсетті. Ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуды арнайы бағдарлама ретінде ұйымдастырдық. Бағдарламада 20 сағат дәріс, 20 сағат практикалық жұмыс белгіленген. Дәріс 1 сағат оқылады да, сабақтың екінші жартысында әлгі тыңдалған материал бойынша практикалық жұмыстар жүргізіледі. Практикалық сабақтар кейде қатысушылардың отбасында достық, жолдастық әнгіме- кеңес түрінде де өткізілді. Дәріс оқудан бұрын ата-аналармен әңгімелер өткізіліп, онда жүргізілген эксперимент жұмысының алғашкы кезеңінің нәтижелерімен таныстырып, мәселенің мән-жайы түсіндірілді, одан соң топтарға белініп сабақ кестесі жасалынды.
"Отбасы қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары" тақырыбындағы ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуға арналған оқуларды жүзеге асырудағы негізгі мақсат отбасында ата-ананың өзара қарым-қатынасы мен ондағы мүшелерінің қарым-қатынасы балалардың өзара қатынастарының тәрбиелік ықпалын түсіндіру және "шарт түзу"деген ұғымның мазмұнын жан-жақты ашып көрсету болып белгіленді. Эксперименттен соң ата-аналардан педагогикалық шарттарды тексеруге арналған тест бойынша жауаптар алынды.
Тәжірибе жұмысының нәтижелері мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1) отбасы тәрбиесіне ата-аналарды арнайы даярлаудың қажеттілігі, оны мектеппен бірлікте ұйымдастыруға болатыны анықталды;
2) отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары негізінде жүргізілген жұмыстардың тиімділігі ата-аналардың нақты білімдері мен іс-әрекет нәтижелерін тексеру арқылы жүзеге асырылды.
^ Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмүны
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелсйді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогакалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып, Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына , қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзегс асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оку-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге жәнс оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерің, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп оқушыларың қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінсн тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектедді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың манызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне бастады.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды тойжетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару ұйымынабасымдылық береді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді оқушылар тобына — бастауыш ұжымға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.
1930 жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрдс есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережсні 1934 жьшы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетскшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылдаңды. Онда сынып жстекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден,бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емсс, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық жәнс тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуінс, сынып жәнс мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұгалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ.
^ Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы окушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлганың дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұңдай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, оңда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамуына, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік әмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.
^ Сынып жетекшісінің ата-ана
лармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен әдістері
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады.
^ Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптықата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді.
^ Ата-аналар комитеті
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және "қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады.
^ Ата-аналар белсенділерімен жұмыс
Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конферснңиясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, енбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланы жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.
^ Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарыныңғ осындай басты мәселерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.
^ Конференция өткізу
Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатысады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: "Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі". Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конферепцияларда ата-аналардың "Үйіне берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем", "Біздің отбасындағы ецбек тәрбиесі", "Отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек'" сияқты баяндамалары тындалады.
Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып, кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жүмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуте болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текстісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.
Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады. Облыстық мұғалімдер білімің жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы. мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:
1. Қоғамдық және жанұялық тәрбие, олардың бірлігі.
2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялык өмірге дайындау.
Университеттер. Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиеиасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан лекциялар тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады. Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының" аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Уннверситетті бітіргендерге куәлік беріледі.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуакытта күмән туғыз-байды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрлісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынын жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практика - оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.
Олар
1- қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күші;
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;
- шефтік көмек,
- ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
2 – қызметі.Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- ата-аналар университеттері;
- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекториплері: дарынды балалар, қиын балалар педагогикалық кәсіпті тандаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады:
Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.
Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;
Тренингтер;
Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.
3 - кызметі.Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.
^ Оның формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу жорық, керуен, саяхат, өндеу жұмыстары, сенбіліктер турнирлер);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастуруға ата-аналарды қатыстыру түлектер кештері, туристердің мектептік елеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б);
республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындатуды ата-аналармен бірге жүргізу;
оқырмандар конференциясы;
отбасылық ойын байқаулары.
4 - қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу боыйнша психологиялық- педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.
Сынып жетекшінің отбасын арнайы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жұмыстың жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір педагог ғалымдардың пікірінше, бұл талас екі жақты мәселе. Өйткені, жұмыстың осы формасы туралы бұл отбасының жеке өміріне қол сұғу болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың бұл формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасағаны жөн. Немесе келесі шарттарды сақтағаны жөн:
отбасына ескертпей келмеу;
отбасында 5-10 минуттан артық болмау;
отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен
тұрып бастамау егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса, әдеппеп ғана өзіңіз ұсыныңыз.
- әнгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;
- ата-ананы үйретпеңіз тек кеңес беріңіз.
- негізінде әңгімені баланың көзінше оған да, анаға, өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.
- сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге, сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.
Сынып жетекшісі отбасы — салыстырмалы түрде тәрбиенің туйық институты, ал ата-аналардың тәрбиелік қүш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.
^ Ата- аналар жинлысының құрылымы
Ата-аналар жиналысын өз уакытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1.5 сағаттан аспағаны дұрыс.
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі — 5минут.
2. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекшісі, психолог. мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.
3. Такырып бойынша сөйлеу; шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі. Сол нақты дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс —5-15 минут.
4. Мәселені ата- аналармен бірге талқылау —20 минут.
Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.
Қорытындылау барысында сынып жетекшсі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутка кідіре тұруын сұрайды да, жеке-жеке әңгімелеседі.
^ Бастауыш сатыда өткізілетін ата-аналар жиналысылын үлгі тақырыптары:
1-сынып
1. Бастауыш мектеп жасы. онын ерекшедіктері
- Бастауыш мектеп жасындағы окушының физиологиялық ерекшеліктері.
- Баланың оқуға келгенде сұраныстарының қатынас құру формаларының өзгерілуі бірінші сынып оқушысының мінезі, қызығушылықтары.
- Баланың жеке дара ерекшеліктері (отбасының әлеуметтік паспортын толтыру)
2. Балаларды оқуға қалай үйрету керек;
- Кіші мектеп жасындағы оқушыны оқыту психологиясы. Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық процестерінің ерекшелікіері Зейін мен естің ерекшеліктері;
- Бастауыш сыныптарда мектеп білімінің мазмұны;
-Оқу материалын меңгерудегі жеке қиыншылықтар;
3. Оқушының үйде және мектептегі дене тәрбиесі Оқушы өмірінің табиғи ритмі. Күн тіргтібін қалыптастыру негіздері. Бірінші сынып оқушысының күн тәртібі. Баланың денсаулығын нығайтудағы қимыл ойындарының ролі. Әр іске - белгілі уақыт.
4. Кіші мектеп жасындағы оқушы өмірінде ойын мен еңбектің ролі.
- Ойын мен еңбек — кіші мектеп жасындағы оқушының іс-әрекет түрлері. Баланың еңбегіне қойылатын педагогикалық талаптар;
- Бірінші сыныптағы еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы ерекшеліктері.
5. Оқушылармен бірге ұйымдастырылған қорытынды ата-аналар жиналысы.
- Осы жылы нені, неге үйрендік. Оқушылардың жетістіктері;
- Марпаттау;
- Концерт;
2-сынып
1. Дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектепттің ролі.
- Медициналық тексеру қорытындысы;
- Мектептегі оқу іс-әрекетінің бала ағзасына әсері;
- Мектепте және үйдегі тамақтану тәртібі;
2. Кіші мектеп жасындағы оқушыда рухани, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу
- Отбасында және үйде кіші мектеп жасындағы оқушыда мәдениетті жүріс-тұрыс тәрбиелеу әдіс-тәсілдері;
- Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-"Өзіне және өзгелерге жақсы өмір сүру үшін не істеу қажет?" - оқушылар ережесі.
3. Кіші мектеп жасындағы оқушының дамуындағы оқу ролі
- Бала өміріндегі кітаптың орны. Отбасында, мектепте оқу барысына басшылық ету. Оқуға деген қызығушылықты арттыру. Оқу талғамын тәрбиелеу.
- Балалардың кітаптарды қабылдау ерекшеліктері. Оқылған кітаптардың әсері. Ата-ананың оқылған кітаптың мазмұны бойынша батасымен әнгімелесуі. Баланың сөздіқ қорын байыту. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған әдебиеттермен таныстыру.
4. Балаларымыздың жасырын әлемі.
- Оқушының бос уақыты. Анкеталарды сараптау;
- Ананың көнілі балада, баланың көңілі далада;
- Балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдары;
5. Қорытынды жиналыс.
- Оқу жылының қорытындысы;
- Марапаттау;
- Концерт. Ойындар;
3- сынып
1. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі баланың тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.
- Баланың жас ерекшеліктерін, дара ерекгеліктерін білу;
- Балаларда жақсы әдеттер тәрбиелеу;
- Жаңа оқу жылына қойылатын масат-міндеттер;
2. Сынып ішіндегі балалардың қарым-қатынас психологиясы.
- Дос, достық туралы анкеталарды сараптау;
- Кіші мектеп жастағы балалар арасындағы өзара көмек пен өзара сыйластық;
3. Отбасының бала тәрбиелеудегі ролі.
- Отбасындағы тәрбие ахуалы. Ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың, материалдық жағдайдың балараға әсері;
- Отбасы тәрбиесінде кездесетін қиындық пен қателер, олардың себебі жою жолдары;
- Ата-аналарға өсиет;
4. Сөздің тәрбиедегі ролі. Отбасындағы тәрбиелеу әдістері.
- Баланың өмірін ұйымдастыру;
- Мақтау;
- Педагогикалық ситуациялар;
5. Бала балалық шақтан қалыптасады.
- Кіші мектеп жасындағы оқушының мінез-құлық қалыптасу ерекшеліктері;
- Кіші мектеп жасындағы балалардың өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасы; Осы бағдарламаны іске асырудағы ата-аналар көмегі.
6. Мектептегі, отбасындағы эстетикалық тәрбие.
-Эстетикалық тәрбиенің мектептегі ойлау, еңбек, дене тәрбиесімен байланысы;
- Балаларды өнср түрлеріне баулудағы ата-аналар ролі. Балалардың сабақтан тыс уақытын өткізу;
- Біздің шығармашылығымыз, Балардың өнерін тамашалау;
4-сынып
1 Бастауыш мектептегі соңғы оқу жылы.
- Жаңа оқу жылының тәрбиелік бітімділік мақсат-міндеттері;
- Кіші мектеп жасындағы оқушының интеллектуалдық мүмкіцдіктеріне және ойлау дамуына қазіргі көзқарас;
- Оқушылардың ойлау тәрбиесінде отбасы ролі. Ата-аналардың балаларының үй тапсырмасын орындауын бағалау әдістемесі;
2. Балаңыз қандай болып өсіп келеді?
- Оқыту және тәрбиелеу психологиясы. Оқушылардың жеке ерекшеліктері.
- Теледидар: иә — жоқ. Балаларымыз не көреді, олардың психикасына қалай әсер етеді;
3. Әке-шеше — бірінші тәрбиешілер.
- Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі әсері.
- Ананың, әкенің отбасындағы ролі. Қыздары мен ұлдарына әкенің әсері.
- Ата-аналардыңөз-өзін тәрбиелеуі;
4 Әкем, шешем. мен - тату отбасымыз.
-Ата-аналардың хоббиі;
-Отбасылық тағамдармен таныстыру;
- Біріккен ойындар. Викториналар;
5. Қорытынды мерекелік жиналыс "Қош бол, бастауыш мектебІм!"
- Бастауыш сыныпта нені, неге үйрендік. 5 сынып жетекшісімен таныстыру.
^ Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылыктарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімнің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиені ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалы білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімнің ата-аналармен кездесуін ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу сенімді жұмыстар барысында атқарылады.
^ Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге сынып жетекшілері ата-
аналарды балаларының үлгерімі қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылыктары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің дс маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте кажет. Ғылымның кейбір салаларда баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылыктары үшін де шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұгалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.
^ Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары бекітіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарды сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем-өнерпаз үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.
Ата-аналар жиналысында балалардың үлгерімі мен сабаққа қатынасы, тәртіпсіздіктері, оқудағы үлгермеуі жөнінде ақпарат беріп шектелместен, келеңсіз құбылыстардың алдын алу жағдайларына орай нақты шаралар жолын сөз еткен пайдалы. Ата-аналар жиналысын құрғақ уағыз бен кейіп-сөгу, оқушымен оның отбасын әшкере ету де сынып жетекшісіне жараспайды.
Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты жақындатудың бір жолы баланың әке-шешесін мектепке шақырып, сабаққа қатыстырып, оқушы үлгерімі мен тәртібін хабардар етіп тұру. Бірақ, мұндайға себеп болатын бір келеңсіз жағдайдан гуманист сынып жетекшісінің аулақ болғаны жөн. Мысалы, әміршіл-әкімшіл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке шакырудың себебі біреу-ақ: оқушы тәртібі мен үлгерімінен қанататтанбаушылық, ал сылтауы-нақты факт. Ал осындай ата-аналардың көңіліне тиіп, ашу-ызаға бұлықтыратын мұндай шақырулар оларды мектептен бездіреді, мектеп-баладан безінеді.
Қызметтестік педагогикасын ұстанған мектепте келесідей ереже қалыптасқан: әрбір әке не шеше міндетті түрде аптасына бір рет мектептен хабар алып тұруы. Мұндай да кезекті мектепке келу алдынан болған оқушының қандай да болымсыз әрекеті қалыпты қабылданып, жалпы ұнамды фонда аса қатерлідей, ата-ана жанына батқандай сезілмейді осындай формада жүргізілген жұмыспен мектеп, сынып жетекшісі ата-аналарға өз балаларының тәрбиесімен жүйелі айналысуға көп септігін тигізеді, әрі осындай тәрбиелік іспен тұрақты шұғылдануға үйретеді. Әлбетте, мұндайда сынып жетекшісінің жүктемесі ауырлайды: әр күні ол 3-4 ата не анамен қатынас жасауына тура келеді, дегенмен бұдан түсер пайда отбасы үшін де, мектеп үшін де орасан. Уақыт озуымен ата-аналардың мектеппен хабар алып тұруының тұракты «кестесі» қалыптасады, ал бұл барша оқушылардың-үздіктердің де, үлгермейтіндердің де. тәртіпсіз не тәртіптілердің де жалпы оқуы мен қылықтарының жақсара түсуіне ұнамды ықпал жасайды.
Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушілерінің үй тұрмыстық жағдайларымен, үйдегі тәрбие жөнімен жақыннан танысуы үшін отбасынан хабар алып тұруы-міндетті істердін бірі. Үйдегі жалпы ахуал, отбасы мүшелері арасындағы үлкенді-кішілі қатынастар тәжірибелі ұстаға көп нәрседен ақпарат береді. Оқушы отбасының босағасын аттауды сынып жетекшісі аса әдептілік сақтап, келесі ережелерге бағынғаны өте қажетті:
- шакырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұксатын алуға тырысыңыз;
- отбасының ересек мүшелерімен әңгімелесуде аса жоғары әдептілік мәдениетін сақтаңыз, әркашан әңгімені көңілге жылу беретіндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;
- оқушыңыз үлгерімі не тәртібі жөнінде арыз айтуды тіпті де естен шығарыңыз, ойыңызда болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанамаластырып шешу жолдарына кеңес айтыңыз;
- әңгімелесу кезінде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз сөйлесулерді аса қажетті жағдайда ғана қоланыңыз;
- ата не анаға мін тағудан сақтаныңыз:
- оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпініңізді білдіруге тырысыңыз;
^ Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы ата-аналар комитеті.
Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және
«қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме ұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, қатарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалқк ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.
^ Ата-аналар белсенділерімен жұмыс
Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірмен жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.
Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдар ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.
- кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды ата-ана мойнына таға салуға тырыспаңыз, өз талаптарыңыз бен отбасы мүмкіндіктері сай келетін болсын;
- бірлікті атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екі талаптың бірдей қатысып, орындалу мүмкін істер жөнінде келісіңіз;
- негізсіз уәде беруден тартыныңыз, қандай да күрделі жағдайларда ұстамды болыңыз, бәрі де жақсы болып кетеріне сенім, ниет білдіріңіз;
Өкініштісі, ата-аналармен жұмыс алып баруда сынып жетекшісінің, жалпы педагогтардың кәсіби деңгейінің төмендігі мұғалімдер мен мектептің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Отбасының ересек мүшелерін бірлікті істер мен бұдан былайғы байланыс-қатынастарға қызықтырып тартатын бірден-бір себеп сынып жетекшісінің отбасы балаларының тағдырына етене жақындығы және ол үшін жан пидалыққа баратыны.
^ Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелерден дәрістерге үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.
Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзкарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке, өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.
Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын-ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.