kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айналайын мама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы; « Айналайын мама!»

Мақсаты ;  Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру.  Ана еңбегін ардақтап,  құрметтей білуге тәрбиелеу  . Ата-анамен байланысын нығайту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын,сөздік қорын арттыру.            

Көрнекілігі:   шарлар, гүлдер,үнтаспа, бетперделер, шақыру хат дидактикалық материалдар,мақал-мәтел.                                                        

Түрі;   сайыс      

 Сабақ барысы;   Ұйымдастыру кезеңі.                                               

Тәрбиеші;  Той пердесін ашайық

            Тойға шашау шашайық

            Аналарды құрметтеп

            Ән маржанын бастайық

            Күлімде күн күлімде

            Жер жасарып көгерсін

            Кешегіндей бүгінде

            Бүлдіршіндер ән салсын

Ән;    «Құттықтаймын мама!»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айналайын мама»

Тақырыбы; « Айналайын мама!»

Мақсаты ; Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру . Ана еңбегін ардақтап , құрметтей білуге тәрбиелеу . Ата-анамен байланысын нығайту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын ,сөздік қорын арттыру.

Көрнекілігі: шарлар , гүлдер ,үнтаспа, бетперделер, шақыру хат дидактикалық материалдар,мақал-мәтел .

Түрі; сайыс

Сабақ барысы; Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші; Той пердесін ашайық

Тойға шашау шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын бастайық

Күлімде күн күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегіндей бүгінде

Бүлдіршіндер ән салсын

Ән; «Құттықтаймын мама!»

Балалар дайындаған тақпақтар кезек алады.

1 .Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.

2. Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

3. Ақ жүректі сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам!

4. Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

5. Әлпештеген баласын

Ана- бақыт ,ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

6. Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем ,күн әжем

Анам үшін ,мен үшін

Нағыз ана тілі- әжем!

7 .Балапаным дейді әжем

Балақаным дейді әжем

Ұзақ күнге бүкшеңдеп

Біздің қамды жейді әжем

8. Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы, анашым!

9. Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз

10. Жақсы көрем апамды

Жүрем ылғи бірге еріп

Тауға мені апарды

Талай қайттық гүл теріп

11. Алтын апам ол менің

Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңді

Ертегі айтып береді

12. Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік бақтарға

13. Әлпештеген ,аялаған,

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

14. Еркелесем, күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым, күнім дейтін

15. Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

16 .Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді

Сыйлайды оны бәр адам

17 .Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейрімді ғой керемет

18. Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Құшақтасам деп келемін

19. Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін

Алыстасаң сағынам

20. Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

21. Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мама

22 .Әже деген көп шығар

Әжемдей адам жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

23 .Келді көктем күнің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы –Анам

Мерекеңіз бүгін!

24 .Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ мақтаған

Алтыным деп мақтанам

Айналайын ақ мамам !

Көрініс : « Үйшік ертегісі».

Автор-Жанерке , Тышқан-Асқар , Бақа-Әлібек , Қоян-Ажар, Түлкі-Аяжан ,Қасқыр-Еркемай , Аю-Мейрамбек .

Ән-биге кезек берейік !

Ән :

Би : Ұлданай

Ән :

Би :



Ойын : « Кім жүйрік » Шарты: Аналар суретті көрсетеді , балалар

суреттегі заттың санның неше екенін есептеп айтады.

Рахим, Маржанай, Насурулла , Рақымжан - аналарымен шығады.

Ойын : « Шарды жар» . Бағдаулет , Ақкербез , Елжас , Ұлданай , Нұржан, Еркебұлан , Әсем , Бекасыл – аналарымен шығады.

Шарты: Аналарымыз шарды желге толтырады .

Балалар оны жарады . Ішінен шыққан сұрақты анасы оқып береді , баласы оған

жауап береді ;

1 Анаң сенің қандай ?

2. Анаңның сүйікті асын білесіңбе ?

3. Анаңа қалай көмектесесің ?

4. Анаң ренжіп жатса , не істер едің ?

5. Ана туралы мақал

6. Өскенде кім болғың келеді ?

7. Анаңа тілегің

8. Қыздарды қалай сыйлау керек ?

Ойын : «Кім әдемі жасайды?» Б.Жанерке, Н.Мейрамбек , Құндыз, Қарақат, Берекет-аналарымен шығады. Шарты : түсті қағаздан ою қырқады, балалары қырқылған оюды жапсырады.


Тәрбиеші; Бүгінгі ертеңгілігімізді сайыс түрінде алғандағы мақсат , ата-анаменбаланың арасындағы байланысты нығайту.Құрметті ата-аналар ! Міне сіздер өздеріңіз куә болып отырғандай балаларымыздың дайындаған ертеңгілігін тамашаладыңыздар ! Сіздерге мереке құтты болсын ! Дендеріңізге саулық , отбасыларыңызға амандық тілеймін ! Бүгінгі ертеңгілігімізді сайыс түрінде алғандағы мақсат , ата-анамен баланың арасындағы байланысты нығайту. Жүздеріңізден күлкі кетпесін дей келе балаларымыздың дайындаған сыйлықтары бар соны қабыл алыңыздар . Осымен біздің дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды , қош сау болыңыздар!



































Пәні; Сауат ашу және жазу



Тақырыбы; Ү дыбысы мен әрпі.



Мақсаты ; Ү дыбысының айтылуын ,жазылуын меңгерту. Сөздерді,буындарды оқуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Ойлау ,сөйлеу қабілеттерін дамыту.Ынтымаққа, адамгершілікке баулу.



Көрнекілігі; кеспе әріп, суреттер, гүлдер, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы; Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін құру; Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен бәріңе,

Бас иеміз біз.

Өткен сабақты пысықтау; -Балалар қазір қай жыл мезгілі?

- Көктемде гүлдер құлпырып шығады, солайма. Ендеше, келіңдер гүл тереміз. «Гүл теру» ойыны. Әр гүлдің артында ө дыбысына байланысты сөздер беріледі. Бала оны алып оқып, гүлдерді мұғалімдерге сыйлайды.

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді жұмбақ шешуге дайынбызба?

Жұмбақ; Түнде ұшады,

Тышқан аулайды ( Үкі)

-Дұрыс. Үкі деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-Кәне ,бәріміз ү-ү-ү деп айтайықшы.

-Бұл қандай дыбыс?

Жаңа сабақ

-Бүгін балалар біз Ү дыбысымен танысамыз.Кеспе әріпті, суреттерді көрсете отырып таныстырамын.Тақтада баспа түрін жазып,неге ұқсайтынын сұраймын.(ағашқа, рогаткаға)

Дәптермен жұмыс. Тақтаға суреттерді көрсете отырып атап, оны буынға бөлдіру:

Үй-рек, үй, ү-кі , ү-тік . Буындарды, сөздерді топқа бөліп оқытамын.

1-топ: Кү ,күй, кү-шік, кү-рек

2-топ; Тү, түй, тү-бек, тү-бір

3-топ; Үй, үй-шік, үй-рек, үй-мек

Бәрі бірге хормен; Сүгір –күйші.

Жазу жұмысы. Ауада ; Қолға қалам алайық,

Ү дыбысын ауада әдемілеп жазайық.

Аралап жүріп жазуларын бақылап жүремін. Қиналған балаларға бағыт-бағдар беріп отырамын.

Жұмбақ шешу;

  1. Адам оны құрады,соның ішінде тұрады. (Үй)



  1. Домбырамен орындалатын шығарма. (Күй)



  1. Арқасында тауы бар екен бір жануар. (Түйе)



  1. Жерді қазатын еңбек құралы. (Күрек)

Сөйлем құрау; Үсен үтікпен киім үтіктеді.

Ойын: «Кім жылдам?» Дидактикалық материалдарды таратып беремін . Сондағы берілген суреттер бойынша сөйлем құрайды.

Сергіту сәтін жасату;Қане ,қане тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Орнымызды табайық.

-Сонымен Ү-дыбысы қандай дыбыс екен?

«Допты қақ»ойыны. Ү дыбысы кездесетін сөздерге мысал айтады: үй, үйрек,үйсін,үтік т.б.

-Балалар сендерге бүгінгі оқу –іс әрекеті ұнады ма?















Тақырыбы: « Біріншіге барамын!»

Мақсаты: Берілген міндеттеді орындап , жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Ынтымаққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Білгендерін ортаға салып , қорытындылау.Білім алуға деген қызығушылығын ояту.

Сабақ барысы:

Мұғалім; Құрметті ата-аналар, балалар! Бүгін міне бір жыл ішінде сүп-сүйкімді қылықтарымен игерген білімдерімен,үйренген ән- тақпақтарын билерін қорытындылау мақсатында «Ббіріншіге барамын!» ертеңгілігін бастағалы отырмыз.

Еліміздің арқа сүйер тіректері,

Ата-ананың лүпіл қаққан жүректері

Шақырамыз ортамызға ендеше біз

Мектепалды даярлықтың түлектерін- деп кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

1-бала Жақсылыққа құштармыз ,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

2-бала Құрметтіқонақтар армысыздар,

Бәріңізде аман-есен бармысыздар..

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Кешімізді ән-жырмен біз бастайық.

3-бала Алақай- ау алақай!

Алақай- ау алақай.

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай.

Осыданда көлемді,

Оқи алам өлеңді.

4-бала Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді,

Құрдастарым сияқты.

Оқушымын мен енді.

5-бала Мектепке енді барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Жалқаубек жүгіріп екеледі. Балалар Жалқаубекті қоршап, «Жалқаубек» әнін орындайды.

Жалқаубек :Балалар ойын ойнайықшы.Мен жалғыз өзім ішім пысып кетті, сендерді іздеп келдім.Міне менде көп ойыншық бар.Келіңдер ойнайық!

Балалар: Жалқаубектің бұнысы дұрыс емесін ,өздерінің мектепке баратындарын айтады.

Мұғалім: Жалқаубек ,сенің мектепке барғың келеме?Онда сенде мына балалар ұқсап тап-таза болып кел.Біз оған дейін үйренген тақпақтарымызды еске түсіре тұрайық.



1.Біз балдырған тең басқан, 2 Менің атам майдангер,

Дос құшағын кең ашқан. Отан үшін от кешкен .

Тілегіміз бейбіт күн, Өлімменде беттескен,

Ашық болсын кең аспан . Омырауын оқ тескен.

3 Ақ қар ,мұз тау етегі, 4 Келді- дағы қыс,

Ақ аюдың мекені. Дала аппақ түс.

Балық іздеп айдынан, Қос аяқта шаңғымыз,

Балпаң-балпаң басады. Дөңге шықтық бәріміз.

5 Іші толған бөлменің, 6 Ұзын құлақ сұр қоян,

Ойыншығым көп менің . Естіп қалып сыбдырды.

Босқа тізіп қоймайық , Ойлы –қырлы жерлермен,

Келе ғой дос ойнайық. Ытқып-ытқып жүгірді.



Жалқаубек : балалар менің де сендермен бірге мектепке барғым келеді.

Мұғалім:Ал балалар өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

6 бала Санамақ.

7 бала Мектеп қамқор анамыз,

Оқу-білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біріншіге барамыз.

8 бала Мектеп деген білім кені.

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген білімнің ең үлкені.

9 бала Биыл алты жастамын,

Кітапты оқи бастадым.

Әріптерді танып мен,

Енді жазада аламын.

10 бала Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

11 бала Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.

Мұғалім: - Балалар бізге білім алу үшін ең қажетті не?

-Оқу құралдары.

-Онда оқу құралдарымен танысайық!.



Әліппе: Менің атым- Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен ,

Бауыржан да, Мәлік те.

Дәптер: Ел құрметтеп бағалар,

Досың бар ол тазалық.

Кел дәптерге балалар ,

Тап-таза етіп жазалық.

Қалам: Құтты болсын қадамың,

Құтты болсын қаламың.

Жаңа келген мектепке,

Мен өзіңдей боламын.

Күнделік: Білімділік айнасы,

Қолыңдағы күнделік.

Тиеді көп пайдасы,

Жүреді де бірге еріп.

Алып қалсаң екілі,

Ұялады мен үшін.

Парта :Ойып жазып атыңды,

Мазамды алма сызғылап.

Тыңдамайтын ақылды,

Болма тентек мұз құлақ.

Парта деген мүлік қой ,

Қадірін оның біліп қой.

Бор: Менің атым ақ қалам,

Бормын депте мақтанам.

Жақсы білсең сабақты ,

Кездесейік тақтадан.

Сабақты егер білмесең,

Мен айтамын расын.

Бор-бор болып күнде сен,

Төмен қарап түрасың.

Өшіргіш: Өшіргіш оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

Дәптерді қолыңмен тырналап,

Былғама орынсыз жұлмалап.



-Демек , балалар мектеп мүлкін, оқу құралдарын күтіп ұстау әрбір оқушының міндеті.



12 бала Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке ,

Дайын дәптер қаламым.

13 бала Мынау есеп кітабым,

Мынау әйбат әліппем.

Бәрін сақтап жинадым

Білімге жол аттадым

14 бала Ана тілім –ұраным

Ана тілім-құралым

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр-әнім

Ойын: «Күн шуағы»

-Балалар, мынау қандай пішін ?

-Түсі қандай? Осы күнді дөңгелекті шуақты күнге айналдырайық.Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға көрсетейік.

1. Төрт бұрыштың қабырғалары нешеу?( 4 )

2. Бір аптада неше күн бар?(7)

3.Машинаның дөңгелектері нешеу?(4)

4. Бағдаршамда неше көз бар?(3)

5.Үш тауықта неше аяқ бар?(6)

6.Дауысты әріптер қандай түспен беріледі?( қызыл)

7.Екі қоянның неше аяғы бар?(8)

8.Төрт тауықта неше аяқ бар?(8)

- Балалар , ненің суреті шықты?

-Күннің суреті.

- Жарайсыңдар балалар! Күн шуағы сендерге нұр сыйласын! Келіңдер бәріміз бірге «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.



Би: «Радуга» қыздардың орындауында.



Ән: «Балдырғандар әні» орындатын



Би: «Гүлдерайым» қыздардың орындауында.



Би «Құлындар» жігіттердің орындауында.

Би «Балдырғандар биі»



Мұғалім: Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.



Ойын «Ана мен бала»

Анасы баласына әр қадам басқан сайын еркелететін сөздер айтуы керек. Кім қанша сөз айтады екен?



Мұғалім:

Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып ата-аналарға сөз кезегін береміз. Осымен біздің «Балалықпен қоштастық, мектеппенен достастым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.









Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп.

Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп.

Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп.

Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп.

Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп.

Шақыру хат!

Ата-аналар сіздерді 20-мамыр күні , сағат:

болатын «Мен біріншіге барамын!» ертеңгілігінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.Болатын орны:№105 кабинет.№ 3орта мектеп



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ







Ересек тәрбиеленушілерге арналған

спорттық мерекелер әзірлеу















Орындаған; Нурманова Х

Тексерген; А Кабылов

Ақтау- 2016 ж



















а на а ға а па а та

а ра а ла ма са ма та са на са ғат са па

та ға та са те ре

зе ке ме ке ше ше

ы дыс ы рыс ал ма

ше ге ше лек жа ға жа лау қа ра қа

рын ба қа ба лық

қи яр пи яз ға лам

ға сыр ра ди о сөм

ке у ық бұл бұл

бұр қақ а яқ жол

ба рыс зе ре еш кі

ұ лу ай на да ра

дос тық жас тық

қа лам кі тап сыр

ға са қи на са бақ

қар ға ба нан а на

нас жү зім ши е




















































































































































































а на ра ға па

а а а та ла

а а ке ме ша

ға ла ша на ке се

жа ға ше ге дәп

тер са ғат а ғаш

ал ма а нар ба ла

ба қа та на на уа

ма са кі тап ү кі

ба лық үй шік үй шік

рек Ас та на у ық қа зан Тас ө рік ө ріс қа

ла тор ғай











Тақырыбы; Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты ; Ұлыстың ұлы күні ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін балаларға түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсіру. Үлкенге құрметті , кішіге ізетті болуға тәрбиелеу .Халқымыздың салт –дәстүрін дәріптеу. Елжандылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.

Ертеңгілік барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ата-аналар , Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен қазақ даласына Жаңа жыл келді. Наурызда күн мен түн теңеліп, табиғатта жаңадан түлейді.Ұлыс мерекесі тек жақсылық әкелсін!

Қыдыр ата келеді: Амансыңба ел-халқым, амансыңдарма балалар! Дала кезіп ,ел кезіп елімді Наурызымен құттықтағалы келдім. Мен білсем тойдың үстінен түстім-ау осы.

Тәрбиеші:Ия, Қыдыр ата дәл таптыңыз, мына бүлдіршіндерге өз батаңызды берсеңіз.

1-оқушы Наурыз қайтып оралды,аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыста ақы да біз

Үй, дастарқан, даламыз, сахнамыз.

Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз

2-оқушы Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам болмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейік қауым болып

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп

3-оқушы Қанекей, қарсы алайық жылдың басын

Қосылып жасқа жас, басқа бас,

Барайық келер жылға төрт көз түгел

Аман боп, алыс-жақын, кәрі- жас

4-оқушы Наурыз – шыр айналған жылдың басы

Адамның өлшенеді өмір жасы

Қазақтың пейіліне жарасады

Әр үйде дастарханда толған асы

5-оқушы Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып,

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып

6-оқушы Малдар төлдеп, қой қоздап

Сүтке бұлақ ағызған

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

7-оқушы Сәнді көктем нұрымыз

Наурыз тойы жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Құтты болсын ,Наурыз той

8-оқушы Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық

9-оқушы Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім

Ата-салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн

10-оқушы Күн күліп көктен

Шуағын төккен

Келді Науырызым

Сағынып күткен

11-оқушы Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

12-оқушы Әнім де саған , биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде ,Наурыз,күлімде

13-оқушы Наурыз тойы береке

Наурыз тойыжыр-аңыз

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз

14-оқушы Ұлы күні Ұлыстың

Күн мен түнің теңелген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден

15-оқушы Наурызда оюлы

Ұлттық киім киеміз

Бастап ән-күй ойынды

Би билеуді сүйеміз

16-оқушы Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

17-оқушы Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын

18-оқушы Ұлыс береке берсін

Пәле-жала жерге енсін

19-оқушы Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

20-оқушы Арпа бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған

Наурыз көже –көп көже

Бұл тойдағы бас тағам

Тәрбиеші: Сәнге толы қазағымның тірлігі

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі

Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді

Сезіміңді серпілтеді би енді

Би: Ұлданайдың орындауында үнді биі

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінен көрініс.

Тәрбиеші; Ата-бабаларымыз қазақтың салт-дәстүрін сақтай білген.Сол мақсатпен біз бүгін ортаға әжелерімізді шақырымыз! «Тұсау кесу» рәсімі.

Тәрбиеші: «Ұлыс күні қазан толса ,ол жыл молшылық болар» деп тағыда ортаға әжелерді шақырсақ «Наурыз көже» жасалу жолын көрсетеді. Наурыз көжеден ауыз тиіп, енді біздің Асқар бата береді: Ал көтерің білекті,

Құдай берсін тілекті.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!



Тәрбиеші: Мейірім айы- Наурыз. Кешірім айы –Наурыз,Қанағат беріп көңілге,сабырлық берсін-дей отырып «Қош келдің , Наурыз» атты ертеңгілікті аяқтаймыз




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Айналайын мама

Автор: Суйеуова Кулаш

Дата: 20.10.2016

Номер свидетельства: 350681

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Айналайын, анашым!" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(34) "ainalaiyn-anashym-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "327786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463496357"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Айналайын анашым, ?лпештеген баласын!"
    ["seo_title"] => string(37) "ainalaiynanashymlpieshtieghienbalasyn"
    ["file_id"] => string(6) "320585"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461090312"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Айналайын, ақ мамам!"-ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(33) "ainalaiyn_ak_mamam_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "415618"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494863637"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "«Айналайын, анашым!» (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(29) "ainalaiynanashymiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "304712"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457780931"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ана-өмірдің гүлі"
    ["seo_title"] => string(17) "ana_omirdin_ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "396627"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488295249"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства