«Айналайын, ақ мамам!»
Балалар сыныпқа кіріп,жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, аяулы аналар,апалар,құрметті әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні «8-Наурыз» әйелдер мерекесін тойлауға жиналып отырмыз, мерекелерің құтты болсын! «Айналайын, ақ мамам!» атты мерекемізді бастаймыз.
Ұлан: Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Әмина: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!
Диас: Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен.
Жасмин: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман-сау бол, ақ мамам.
Әділ: Өзің мият күн
Сен деп таңым жиі атты.
Ақ маманың айқайы
«Айналайын» сияқты.
Аяжан: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.
Бекзат: Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тағам татпаған
Бақыты үшін балаңның,
Аман-сау жүр, ақ мамам!
Арайлым: Ана- дедім бұл өмірге келгенде,
Ана-дедім ақ сүтіңді емгенде.
Ана-дедім жабырқаулы жүргенде,
Ана- дедім қуанғанда, күлгенде.
Ақылбек: Ауырады балаң үшін жүрегің,
Бар бақытты балаңа тек тіледің
Өміріме алтын арай, нұр шашқан,
Асыл ана бір өзің деп білемін.
Ән: «Айналайын,ақ мамам»
Балалар отырады.
Қызыл телпек пен гномик кіреді.
Қ-Телпек: Менің себетімдегі бәліштер ыстық, ол – анам екеуіміздің әжемізге сыйлығымыз. Орманмен әжеме барамын, жолда біз гүл теріп, оны әжемізге сыйлаймыз.
Гномик:Орманда біз қыдырамыз, гүлдерді жинаймыз.
Гном мен Қ-Телпек жолында гүл іздейді, гүлдерді таба алмайды.
Гномик: Гүлдерді еш жерден көріп тұрғам жоқ ?
Тәрбиеші: Біз сендерге көмектесеміз, бізге күнді шақыру керек!
Үшеуі бірге: Шуақты күн! Бізге кел!
Шапағатыңды ала кел!
Күн кіреді.
Күн:(қолында гүлдері бар себет)
Мен – аспандағы күнмін. Мен жарықпын және жылымын. Сендер мені шақырғасын келіп тұрмын. Міне мен сендерге гүл шоқтарын ала келдім. Аналарыңа сыйға тартыңдар.
(Балалар аналарына гүл сыйлайды)
Ойын: «Өз анаңды әшекеле»
Күн: Ал менің бұлттардың аржағына кетуім керек. (кетеді)
Тәрбиеші: Бүгін біз құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған ғой.
Жансая: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
Махаббат: Өскенде мен ал, енді,
Аралаймын әлемді,
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Батыр: Менің әжем, жыр әжем –
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Сара: Менің әжем, жыр әжем –
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Ән: «Әжем»
Әндетіп мысық кіреді.
Мысық: Мен қайда келіп қалдым? Таңертең қармағымды алып, балық аулауға шығып едім. Мен осы қайда келіп қалдым?
Тәрбиеші: Сен біздің сыныбымызға келіп қалдың. Бүгін бізде мереке!
Мысық: Мен жер бетінде ең жақсы мысықпын. Мен бәріңіздің көңілдеріңізді көтере аламын. Сондықтан мені балалар жақсы көреді. Мында қандай мереке болып жатыр?
Балалар: 8-наурыз – Аналар мерекесі!
Мысық: Қымбатты аналар, қыздар! Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын! Мен қазір сендердің мерекелеріңе дәмді де тәтті пирог пісіріп алып келемін!
(шығып кетеді, тышқандар кіреді)
Ақ-тышқан: Сендердің ертеңгіліктеріңе біз шақыру алдық
Сұр-тышқан: Біздің жауымыз - ол мысық.
Ақ-тышқан: Біз одан қашып жүрсек, ол мында ыдыс жуып жүр ғой!
Мысық жүгіріп кіреді.
Мысық: Сендер мында неге шулап жатырсыңдар? Сендердің көңіл-күйлерін жақсы ғой, одан да маған көмектеспейсіңдер ме?
Ақ-тышқан:Көңіл-күйіміз жақсы!
Сұр-тышқан: Біз қазір сенің көңіл-күйінді бұзып жібереміз (ыдысты алып қашып кетеді)
Мысық: Қашып кетті, бүлдіріп кетті.Қонақтардың бәрін ренжітті.
Тәрбиеші: Мысық, сен ренжіме! Біздің балалар саған арнап мода көрсетеді.
«ХХI ғасыр модасы»
Тышқандардың коридорда айғайлаған дауыстары естіледі.
Ақ-тышқан:Мысық, шық!
Сұр-тышқан: Қорқақ, шық!
Мысық: Балалар, қане біз достасайық!
Тышқандар: Жарайды! (Тышқандар мысыққа жақындап қармақты алып қашып кетеді)
Мысық: Тышқандарды мен ұстай алмаймын, ештеңе етпес, мен қысқа жолмен жетіп алайын. Менде сиқырлы аспап бар – тышқандар оны естіп, айтқанды тыңдайтын болады. (Аспапта ойнайды, тышқандар келеді)
Ақ-тышқан: Мысық, бізді кешірші, біз енді олай істемейміз!
Сұр-тышқан: Мысықжан, кешірші бізді!
Тәрбиеші: Сендер көп қулықтар жасадыңдар. Бірақ біздің балалар сендерді кешіреді.
Мысық: Міне, дұрыс! Тентек болғанша, бірге билейік!
Би: «Шоқ қыздар»
Мысық, тышқандар қоштасып кетеді.
Музыкамен ұлдар кіреді, қыздарға сыйлықтарын сыйлайды.
Тәрбиеші: Құрметті аналар,әжелер, қоштасатын сәтте Сіздерге ән орындап беруге рұқсат етіңіздер!
Ән: «Құттықтаймын, мама!»
Тәрбиеші: Құрметті абзал аналар, әжелер мерекелерің құтты болсын! Енді балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар!