Залды? іші 8-наурыз мерекесіне сай етіп безендірілген.
Ж?ргізуші: -??рметті аналар, ?желер сіздерді ?йел жанымен байланысты тамаша к?ктем мерекесі-8 Наурызбен шын ж?ректен ??тты?таймыз! Ал?аш?ы к?ктем мерекесі Жер бетіне ?мір силаушы
Просмотр содержимого документа
««Айналайын, анашым!» (ерте?гілік)»
«Айналайын, анашым!»
Залдың іші 8-наурыз мерекесіне сай етіп безендірілген.
Жүргізуші: -Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі-8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір силаушы
нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай
тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде
сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да
мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін «Ана» деп
айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан
анаңды көресің. Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат
баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Ару -ана, Ару-асыл жар, Ару-көңілдің гүлі, Ару- өмірдің жыры ,
тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжеле-
рімізге арналған «Балбөбек» тобының бүлдіршіндерінің «Айналайын,
анашым!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Балалардың орындауындағы ән шашуын қабыл алыңыздар
Ән: «Мамамның мерекесі»
Жүргізуші: -«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»-демекші, балаларымыздың аналарына арна-
ған тақпақтарын қабыл алаңыздар!
Айзере: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаңы жайсаң аналар!
Дильназ: Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін.
Мерекенмен бүгінгі,
Құттықтаймын мен сізді.
Әділмансұр:Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсам шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын, ақ мамам.
Даяна:Анам менің «айым» дейді,
Мен мұңайсам «уайым» жейді.
Анам менің «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Жүргізуші: -Балалар, бізге бүгін аюлар да қонаққа келіпті.
Әдемі ұлдардың орындауындағы биді тамашалайық.
Би: «Аюлар»
Анель:Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Қайсар:Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің мамам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Ахмад:Ақтаймын анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқорысың сәбидің,
Гүлі сен әр үйдің.
Сахналау: «Бауырсақ ертегісі»
Жүргізуші: -Балалар, бізге дүкеннен қуыршақтар келіпті.
Әдемі қыздарымыздың орындауындағы биді тамашалайық.
Би: «Қуыршақтар биі»
Мансұр: Бізді өсірген апатай,
Еңбегінде зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Исламбек:Мен апамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген апамды,
Тек қуантсам деп келемін.
Балнұр: Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші келші ақ мамам.
Айбек: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Ән: «Бала, бала, балақан»
Арын: Аналардың жүрегі,
Мейірімді керемет.
Иван: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Арина: Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Алдияр: Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Ясмин: Жаңымызды жайнатқан,
Өзіңіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Айтөре: Баланың да тірегі,
Дананыңда тілегі.
Ауырмасын ешқашан,
Анамыздың жүрегі.
Милана:Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Құтты болсын мереке.
Мадияр:Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші:Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым.
Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай
сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген,
бізге әлемнің жарығын сыйлаған-анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс