kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамның жан сұлулығы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның жан сұлулығы және қасиеттері. Жан сұлулығы адамның және қасиеттері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамның жан сұлулығы.»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Тақырып:Адамның жан сұлулығы.

Құндылық Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Аяушылық, әдемілік, жауапкершілік, мейірімділік

Мұғалiм Дюсенбаева Ш.А

Сынып: 5



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған


Міндеттері:

Білімділік:Оқушылырға адамның «жан сұлулығы» ұғындыру арқылы мейірімділік, қайырымдылық қасиеттері туралы білімдерін кеңейту .

Дамытушылық:Оқушыларға адам жанының сұлулығын көрсететін жолдарын талдай отырып, қайырымдылық, мейірімділік, сыйластық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, сыпайылыққа, жақсылық жасауға тәрбиелеу;





Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер,қалам,бейджик,күнделік

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi Тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

-Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 26-беттегі «Сұлулық сыры» тақырыбынан


А.Л.Бжисканың ізімен мәтінді оқып ,мазмұның айту

Мәтінің мазмұны бойынша сұрақтар.

1.Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?

2.Адам өмірде өзін – өзі қалай бағалау керек?

3.Сендердің өздеріңе көңілдерін толмаған немесе өз істеріңе риза болмаған кездерің болды ма?

4.Бейбіттің бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңыздар?

Сабақ барысын талдау:

5Т-ны сақтау



Дәйексөз.


Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады. (Ғ. Мұстафин)

1Мұғалім оқиды

1.. Ұл балалар оқиды, қыз балалар жеке хормен оқиды

2.Хормен оқыту Жұмыс дәптерлеріне жаздыру

Сұрақ: Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тындап,дәйексөздің мағынасын қорытындылайды

  1. Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы




Бір ананың жеті қызы

Өсиет әңгіме



Бір ананың жеті қызы болды. Бірде ол алыста тұратын ұлының үйіне кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

-Мен күн сәулесін күткен көкнәр гүлдей сағындым, -деді біріншісі.

-Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім, - деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдаған балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі.

-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, - деді төртіншісі.

-Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, - деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің туфлиін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді .

Василий Сухомлинский

Талқылау сұрақтары

-Қыздардың анасы қайда кетті?

-Қыздар анасына деген сағынышын қалай білдірді?

-Қыздардың іс – әрекеті қандай болды?

-Жетінші қыздың бойынан қандай жақсы қасиетті байқадыңыздар?

-Сендер аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетесіңдер?

 

  1. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Сыйластық тобы:

«Сыйлассаң сыйымды боласың» -эссе жазу

«Мейірімділік» тобы:

Жағдаятты талдау:

-Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер: -«Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады» -деп, бір –біріне мақтай бастады.

-Арманның айналасына ерекше көрінүінің сыры неде?

Қайырымдылық тобы:

Парталарыңыздың үстіндегі екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңдар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.

.

 


6.Топпен ән айту

Көңілді күн!!! Сөзі мен әні: Айгерім Қалаубаева

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

   Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

   Сенің думан тойыңның әнін естіп,

   Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

 

         Қ-сы:

   Бүгін қандай тамаша 

   Көңілді күн 3-рет

   Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

   Бақытты бол, жан досым!

 

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

   Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

   Есігіңнен мен кіріп келгенімде

   Қуандың ау балаша мені көріп.

 

           Қ-сы:

   Бүгін қандай тамаша 

   Көңілді күн 3-рет

   Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

   Бақытты бол, жан досым! 



  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 23-бетіндегі«Қуаныш» Л.Воронкованың ізімен берілген мәтінді оқып, мазмұның айту



  1. Соңғы тыныштық сәтi.


Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық.Көп рахмет!





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Адамның жан сұлулығы.

Автор: Дюсенбаева Шынар Акановна

Дата: 02.03.2017

Номер свидетельства: 397217

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Адамның жан сұлулығы"
    ["seo_title"] => string(25) "adamnyn_zhan_su_lulyg_y_3"
    ["file_id"] => string(6) "445801"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513871203"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Адамның жан сұлулығы"
    ["seo_title"] => string(23) "adamnyn_zhan_su_lulyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "387770"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486229076"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Адам жанының сұлулығы 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "adam_zhanynyn_su_lulyg_y_5_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "451916"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516701056"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "поурочный план  на тему "В стремлении к красоте" "
    ["seo_title"] => string(50) "pourochnyi-plan-na-tiemu-v-striemlienii-k-krasotie"
    ["file_id"] => string(6) "246022"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446281477"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "психолог"
    ["seo_title"] => string(10) "psikhologh"
    ["file_id"] => string(6) "269093"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450765957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства