kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамның жан сұлулығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның жан сұлулығы неде екендігін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамның жан сұлулығы»


Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп № 53 Мерзiмі: 21.09.2016 ж. Сабақ: № 4

Тақырыбы: Адамның жан сұлулығы

Мұғалiм: Нұрмағанбетова А.Ш. Класс : 5 Оқушылар саны: 25

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері: адамгершілік, қамқорлық, шыдамдылық.

Сабақ мақсаты: Адамның жан сұлулығы неде екендігін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушылардың адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту;

-оқушылардың қамқорлық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер, аудио.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т: Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық, татулық

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсылық жасайды. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз жақсы жерлерге апарады.

Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты айтады. Құлақтарыңыз тек жақсыны естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға,барлық адамдарға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет

3.Үй тапсырмасын тексеру: №5 сабақ Өлең жолдарын жалғастырып келу.



.................... аяла,

Кісілерден...........

..............баласың,

Жүрегі кең .............

............. адам боласың.

Оқушылар өлеңдерін оқып береді.



Мұғалім үлгісі

Кішілерді аяла,

Кісілерден аянба.

Ақылы бар баласың,

Жүрегің кең боп өссең сен.

Нағыз адам боласың.









«Волшебная композиция»

4.Дәйексөз.

«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек».

Виктор Гюго

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге жазу.


5. Әңгімелеу.

« Өмірден тыныштық іздеген адам » туралы аңыз.

Бір адам қаланың шуынан жалығып жанына тыныштық іздеп қаланың шетіне демалуға шығады. Керемет тыныштық деп осыны айт! - деп балаша қуанды . Бірақ қуанышы көпке созылмады төбеде ұшқан ұшақ оның мазасын алды. Онда мен ну орманға кетіп қалсам ,бәлкім сонда мен рахаттанып демалармын деп орманға келіп жайғаса бергені сол еді , жан – жақтан шыққан аңдардың дауысы , құстардың сайрағанын естіп көңілі тағы бұзылды . Мұндада тыныштық жоқ екен. Мүмкін мен іздеген тыныштық жердің астында болар деп бір үңгірге кірсе тырс – тырс аққан тамшының даусы құлағына жетеді. Барлығынан көңілі қалғаны сондай сырттан ешқандай шу келмейтін материалдан салынған зәулім үй салуды ұйғарады.Үйді салып болып енді тыныштық орнаған шығар дегенде сағаттың тырс – тырс еткен дауысы құлағына жетеді. Ашуға булыққан ол сағатты жерге лақтырып сындырады. Айналасының барлығы тыныштыққа оранды,енді жаны жәй тауып ұйықтап бара жатыр екен өзінің кеуде тұсынан дүрс – дүрс деген дауысты естіді

1 . Адам не іздеді ? 2 . Қай жерден іздеді?

3. Қайдан тапты?

1. Қай жағдайда адам ішкі дауысын естиді?

2. Жаны таза адамдар қандай әрекеттер жасайды?

3.Жақсы әрекеттер қандай ойдан туындайды?


6. Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Оқушыларды «бақыт», «жарастық», «қуаныш» сөздері арқылы топқа біріктіру. Баяу әуен қосылады.

Топпен бірлесе отырып, «Мейірімділік, жақсылық» тақырыбында сурет салу.

Суретті аяқтап болған соң әр топ ортаға шығып өздерінің суреттерін қорғайды. Шығармашылық бұрышына іледі

7. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

























8.Үй тапсырмасы. №5 сабақ Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» үзіндісін оқып келу.


9.Сабақтың қорытынды минуты

Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер кереметсіздер, әркез күн тәрізді жарқырап жүріңіздер. Күндеріміз шуақты болсын. Сіздер Нұрсыздар. Көздеріңізді жайменен ашуға болады. Рахмет. Сау болыңыздар!


«Волшебная композиция»








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Адамның жан сұлулығы

Автор: Нұрмағанбетова Анара Шынғысқызы

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Адамның жан сұлулығы"
    ["seo_title"] => string(25) "adamnyn_zhan_su_lulyg_y_3"
    ["file_id"] => string(6) "445801"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513871203"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Адамның жан сұлулығы."
    ["seo_title"] => string(25) "adamnyn_zhan_su_lulyg_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "397217"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488452007"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Адам жанының сұлулығы 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "adam_zhanynyn_su_lulyg_y_5_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "451916"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516701056"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "поурочный план  на тему "В стремлении к красоте" "
    ["seo_title"] => string(50) "pourochnyi-plan-na-tiemu-v-striemlienii-k-krasotie"
    ["file_id"] => string(6) "246022"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446281477"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "психолог"
    ["seo_title"] => string(10) "psikhologh"
    ["file_id"] => string(6) "269093"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450765957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства