kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам жанының сұлулығы 5-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өзiн – өзi тану» сабағының жоспары

 

Бекітемін: ____________                                   Мерзімі______________

Мектеп: № 3                                                        Сынып:  4  Г Ғ Д Е

Тақырып:  «Ортақ іс табысы»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Джолова М.А

 

Тақырыбы: «Адамның жанының сұлулығы»

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Джолова М. А

Сынып  5 А Ә Б В Г Ғ

 

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділігі: адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;

Дамытушылығы: адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: жан сұлулығына  жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  • Оқулық
  • Дәптер
  • Оқу құралдары
  • Ақ қағаздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

  1. Тәртіп
  2. Талап
  3. Тыныштық
  4. Тазалық
  5. Татулық

 

:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам жанының сұлулығы 5-сынып»

Бекітемін: ____________ Мерзімі: ______________

Тақырыбы: «Адамның жанының сұлулығы»

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Джолова М. А

Сынып 5 А Ә Б В Г Ғ


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

Білімділігі: адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;

Дамытушылығы: адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Оқу құралдары

  • Ақ қағаздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық


Тыныштық сәтi

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»

Виктор Гюго


Әңгiмелеу

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта, «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:

Ал енді сендер әдемілік, сұлулық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге?

Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?

Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Сахналау» айдарымен сұлулық туралы сахналау ұйымастыруды ұсынамын.


Үй тапсырмасы.

Карандаштың бес сапасы әңгімесін оқып келу.


Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Бекітемін: ____________ Мерзімі: ________________

Мұғалім: Джолова М.А Пәні: «Өзін – өзі тану»

Сыныбы:5 А Ә Б В Г Ғ Д Мектеп № 3

Сабақ № 17 – 18

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы татулығы»

Құндылық: еңбексүйгіштік, бірлік

Қасиеттер: жанашырлық

Көрнекілігі:

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Оқу құралдары

  • Ақ қағаздар

Сабақ мақсаты: оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу; 
Міндеттері: 
1.Білімділігі: отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік беру; 
2.Дамытушылығы: отбасында жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту; 
3.Тәрбиелегі: шыдамдылыққа,сыйластыққа, 
қамқорлыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу; 

Сабақ барысын талдау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық


Тыныштық сәті

Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».

Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!

Жаңа сабақ

Әңгімелесу

  1. Отбасы дегеніміз не?

  2. Өз отбасыңды жақсы көресің бе?

  3. Отбасы мүшелерін атап бер?


Дәйексөз

«Ана алдында – құрмет,

Ата алдында – қызмет»

Халық нақылы

  • Дәйексөздің мәнін ашу.

  • Дәптерге көшіріп алу.


Мәтінмен жұмыс

Жаңа тақырып туралы оқушылардың ойын білу мақсатында Медіхат Төрежановтың «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» әңгімесін оқып талдаймыз.


Топпен ән айту

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын

Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Қайырмасы



Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы 
«Ғаламат» 
Сегіз жасар Салли ауруханаға жатқызылған інісі Жорж үшін қатты уайымдайтын. Ата-ана қолдарынан келгеннің бәрін жасап, Жоржды тек қана қымбат операция құтқара алатынын түсінеді. Алайда, ондай қымбат операцияға ақшалары жоқ еді. Салли әкесінің үмітсіз дауыспен анасына: «Оны тек бір ғаламат қана құтқара алады» дегенін естіп қалады. Мұны құлағы шалған Салли тыныш қана өзінің бөлмесіне барып, жинақтауышқа салған ақшаларын шығарып санайды. Қателесіп қалмау үшін тиындарын бір емес, екі рет санап шығады. Бәрін қалтасына салып, үйден шығады да, тіп-тіке үйдің жанындағы дәріханаға барады. Дәрігердің көңілін өзіне аудару үшін сабырмен күтеді. Дәрігер бір кісіге дәрінің қалай қолдану керектігін түсіндіріп жатыр екен. Кішкентай баланың сұрақтарына жауап беріп тұратындай оның уақыты жоқ еді. Саллидың жалықпай күтіп тұрғанын көріп: «Иә, қызым, не алайын деп едің, айта бер. Тездет, мына кісімен сөйлесіп тұрғанымды көріп тұрсыңғой», - деп, қасындағы қымбат бағалы киімдер киген бір кісіні көрсетеді. Салли: «Інім қатты ауырып қалды, бір ғаламат алғым келеді», - деді. Дәрігер Саллиге қарап: «Түсінбедім», - дегенде: «Былайғой, әкем: «Оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады» дегенеді, бір ғаламат қанша тұрады?», - деп түсіндірмек болады. Дәрігер бұл жолы Саллиге жаны ашып қамқорлықпен қарады: «Өте өкінішті, қызым, бірақ біз мұнда ғаламат сатпаймыз, саған көмектесе алмаймын», - деді. Салли де мақсатынан тез қайта салғысы келмейтіндерден еді. Дәрігердің көздеріне тура қарап: «Оны сатып алатын ақшам да бар. Тек қана бағасын айтсаңыз болды», - деді. Дәрігер мен Саллидің осы сұхбатын тыңдап тұрған адам Саллиге бұрылып: «Інің үшін қандай бір ғаламат керек, қызым?» деп сұрайды. «Білмеймін», - деді Салли. Сосын көздерінен тамшылап аққан көз жасын сүрте беріп: 
«Тек білгенім – інім ауруханада. Және анам оған операция жасалмаса, ауруханадан аман шыға алмайтынын айтады және олардың ондай операцияға ақшасы жоқ. Бірақ әкем: 
«Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады» дегенін естіп осында келдім», - дейді. Әлгі адамның: «Қанша ақшаң бар?» деген сұрағына: «Бір доллар мен он бір цент. Бар жинаған ақшам осы!», - деді Салли. 
«Бұл өте жақсы, өйткені ініңді құтқаруға керек болған ғаламатқа бұл ақшаң тура жетіп тұр», - деді жаңағы кісі. Сөйтіп бір қолымен ақшаны алды да, бірқолымен Саллидың қолынан ұстап: «Кішкентай ініңмен, ата-анаңмен танысқым келеді» деп, Салли тұрған үйге апаруын сұрайды. 
Жақсы киінген адам Карлтон Армстронг есімді дәрігер еді. Жорж үшін қажет операцияны жасай алатын атақты хирург. Операция сәтті өтті. Отбасы бұл операция үшін ешқандай төлем жасамады. Сол күні үйлеріне қайтып бара жатқанда, барлық нәрсенің қандай сәтті болғанына әлі де сене алмай қуанышы ішіне симай тұрған анасы: 
«Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл операция бір ғаламат! Кім біледі қандай қымбат болғанын» деді. Салли күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұрғанын ол жақсы біледі. 
Тура бір доллар мен он бір цент!.. 
Қойылатын сұрақтары
1.Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер? 
2.Сендер отбастарыңда біреу аурып қалса не істер едіңдер? 
3.Салии інісіне не үшін көмектескісі келді? 
4.Бұл әңгімеден қандай сүйіспеншілік істерді көре алдыңдар ? 


Ойын – жаттығу

Оқушылармен бірге оқулықта берілген мақыл – мәтелді жалғастыр ойынын ойнаймыз.

1.Атаға қарап-…

Анаға қарап-...

2.Ананың көңілі балада,...

3.Ата-ананың қадірін ...

4.Атаның баласы болма ...

5.Анаңа ауыр .....

6.Ұядан не көрсе,..


Үйге тапсырма:

«Отбасы» тақырыбында ақын, жазушы ретінде  өлең, әңгіме құрастыру; суретші ретінде сурет салып келу


Тыныштық сәті

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адам жанының сұлулығы 5-сынып

Автор: Джолова Маръзия Айгалыевна

Дата: 23.01.2018

Номер свидетельства: 451916

Похожие файлы

object(ArrayObject)#953 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Ар-ұждан ғылымы" сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(31) "ar_uzhdan_gylymy_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "603369"
    ["category_seo"] => string(11) "astronomiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1648223921"
  }
}
object(ArrayObject)#975 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) ""Тап?ыр достар (Ойын саба?)" атты та?ырыпта саба? жоспары (6-сынып) "
    ["seo_title"] => string(64) "tapk-yr-dostar-oiyn-sabak-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "207002"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430317163"
  }
}
object(ArrayObject)#953 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Махаббат шуағы" сынып сағаты"
    ["seo_title"] => string(31) "makhabbat_shuag_y_synyp_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "446664"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1514266478"
  }
}
object(ArrayObject)#975 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Табиғат тылсымы"
    ["seo_title"] => string(16) "tabig_at_tylsymy"
    ["file_id"] => string(6) "411168"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493009353"
  }
}
object(ArrayObject)#953 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "С?йіспеншілік-?мір н?рі"
    ["seo_title"] => string(22) "suiispienshilikomirnri"
    ["file_id"] => string(6) "276314"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452702170"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства