Адамды?ты? белгісі,- деген ?ла?атты жолдарды? тере? т?сінігі бар. ?йткені, адам баласына адамды?ты? белгісі адамгершіліктен ?алыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? М?ны? жауабы, ?рине, адам бойында?ы асыл ?асиеттерді айтамыз. Демек, асыл ?асиетіміз – е?бек с?йгіштік, досты?, ?дептілік, к?мек беру, ?о?ам?а ?ызмет ету, инабаттылы?, имандылы?, елін, жерін с?ю, кішіпейілділік. Я?ни, адам бойында осы ?асиеттер жо?ары т?рса, ол адамны? адамгершілігі жо?ары болма?. Сонды?тан, біз осы ?асиеттерді кішкентай кезімізден бойымыз?а сі?іруіміз ?ажет. Ал, керісінше, с?зі д?рекі, мінезі шайпау, менмен ма?танша?, керенау кесір мінезден аула? болуымыз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Адамгершілік – асыл ?асиет». »
Сағатының тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет».
Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік,
көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят,
қызмет ету, имандылық, инабаттылық,
елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты
ұстанымдары екенін ұғындыра отырып,
оқушылардың бойына адамгершілікті
сіңіру.
Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз...» - деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, - деп тәрбие сағатымыздың жалғасын «Мейірімділік нұры» көрінісімен жалғастырсақ.
Бір мазасыз бала өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрапты:
Өскеннен кейін түсінесің.Сен әлі кішкентайсың деді анасы.Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ» - деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білуім керек, - деді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қызды кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды алуға көмектесіп жіберші, - деп сұрайды қыз.
«Менде уақыт жоқ,» - дейді балапан.
Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді.Маған айтшы, - деді балапан.Қыз: «бірінші сен шарды алып бер,» - дейді.
Балапан шарды алып береді. «мінекей,сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы. – Қандай оңай? – деп таң қалды балапан.»
Көрініс бойынша сұрақ:
Бұл көріністен қандай баланы көрдіңдер?
Мейірімділікті қалай түсінесіңдер?
Ұлы Сүйінбай Аронұлының «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін тыңдап көрелік.
Жақсы жігіт ел – жұртының қаласындай.
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ.
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.
Қыранның қырдай байқар баласындай.
Жаман парқы жақсы мен бірдей емес.
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай.
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман » деген мақал
Жамандар түзей алмас тұрмысын – ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек – аяқ айтып жүрер.
Ешкімнің білмесе де қылмысын ай?
Жаманның кеудесі үлкен,сөзі кесек.
Ақылы ауысқан адамның жындысындай .
Екеуін салыстырып әдейі айттым.
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа – ай.
Сұрақтар.
Жақсы адам қандай болады?
Жаман адам қандай болады?
Демек, адам баласының адамгершілігі қандай болғанда көрінеді?
(қамқоршы, ақылшы, батыр, ер тұлғалы)
«Жалғасын тап» - Мақал – мәтел сайысы.
Жаман - бұзар, жақсы – түзер.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Сыйласаң, сыйымды боларсың.
Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.
Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.
Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.
Ақыл - дос, ашу - дұшпан, ақылыңа ақыл қос.
«Сіз» - сыпайылық, «сен» деген анайылық.
Мақал-мәтел жеңімпазын анықтау.
Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?
Маржан сөздер сыр шертеді.
1.Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым,жақсы ата – ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады. (Абай)