kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамгершілік - асыл ?асиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты:       Кішіпейілділік, тазалы?, ?дептілік,     

                                                           к?мек беру, досты?, жа?сылы?, ар-?ят,

                                                           ?ызмет ету, имандылы?, инабаттылы?,

                                                           елін, жерін с?ю – адамгершілікті? басты

                                                           ?станымдары екенін ??ындыра отырып,

                                                           о?ушыларды? бойына адамгершілікті

                                                           сі?іру.

   М??алім с?зі:    

                ?зін ?ана ойла?ан -

                Жаманды?ты? белгісі.  

                ?згені де ойла?ан –

               Адамды?ты? белгісі,- деген ?ла?атты жолдарды? тере? т?сінігі бар. ?йткені, адам баласына адамды?ты? белгісі адамгершіліктен ?алыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  М?ны? жауабы, ?рине, адам бойында?ы асыл ?асиеттерді айтамыз. Демек,  асыл ?асиетіміз – е?бек с?йгіштік, досты?, ?дептілік, к?мек беру, ?о?ам?а ?ызмет ету, инабаттылы?, имандылы?, елін, жерін с?ю, кішіпейілділік. Я?ни, адам бойында осы ?асиеттер жо?ары т?рса, ол адамны? адамгершілігі жо?ары болма?. Сонды?тан, біз осы ?асиеттерді кішкентай кезімізден бойымыз?а сі?іруіміз ?ажет. Ал, керісінше, с?зі д?рекі, мінезі шайпау, менмен ма?танша?, керенау кесір мінезден аула? болуымыз керек. Осы жерде ?лы Абайды? с?зімен на?тылап ?тсек:

            «?ылым таппай ма?танба,

             Орын таппай баптанба.

             ??марланып шаттанба,

            Ойнап, бос?а к?луге.

            Бес н?рседен ?ашы? бол,

            Бес н?рсеге асы? бол;

            Адам болам десе?із,

            Тілеуі?, ?мірі? алдында,

            О?ан  ?ай?ы жесе?із.

            ?сек, ?тірік, ма?танша?,

            Еріншек, бекер мал шашпа? -

            Бес д?шпаны? білсе?із.

            Талап, е?бек, тере? ой,

            ?ана?ат, ра?ым ойлап ?ой

           Бес асыл іс к?нсе?із.» - деп, адам баласын тек адамгершілік ?асиеттерді айтып кеткені бізге саба?.      

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік - асыл ?асиет »

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет».


Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік,

көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят,

қызмет ету, имандылық, инабаттылық,

елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты

ұстанымдары екенін ұғындыра отырып,

оқушылардың бойына адамгершілікті

сіңіру.

Мұғалім сөзі:

Өзін ғана ойлаған -

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол;

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз...» - деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, - деп тәрбие сағатымыздың жалғасын «Мейірімділік нұры» көрінісімен жалғастырсақ.

Бір мазасыз бала өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрапты:

Өскеннен кейін түсінесің.Сен әлі кішкентайсың деді анасы.Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ» - деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білуім керек, - деді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қызды кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды алуға көмектесіп жіберші, - деп сұрайды қыз.

«Менде уақыт жоқ,» - дейді балапан.

  • Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді.Маған айтшы, - деді балапан.Қыз: «бірінші сен шарды алып бер,» - дейді.

Балапан шарды алып береді. «мінекей,сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы. – Қандай оңай? – деп таң қалды балапан.»

Көрініс бойынша сұрақ:

  1. Бұл көріністен қандай баланы көрдіңдер?

  2. Мейірімділікті қалай түсінесіңдер?

Ұлы Сүйінбай Аронұлының «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін тыңдап көрелік.

Жақсы жігіт ел – жұртының қаласындай.

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ.

Көреді бәрін де өз баласындай.


Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады.

Қыранның қырдай байқар баласындай.

Жаман парқы жақсы мен бірдей емес.

Жақсы жігіт елінің ағасындай.


Жақсы кісі көрінер жыл құсындай.

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман » деген мақал

Жамандар түзей алмас тұрмысын – ай.


Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек – аяқ айтып жүрер.

Ешкімнің білмесе де қылмысын ай?


Жаманның кеудесі үлкен,сөзі кесек.

Ақылы ауысқан адамның жындысындай .

Екеуін салыстырып әдейі айттым.

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа – ай.


Сұрақтар.

  1. Жақсы адам қандай болады?

  2. Жаман адам қандай болады?

Демек, адам баласының адамгершілігі қандай болғанда көрінеді?

(қамқоршы, ақылшы, батыр, ер тұлғалы)

«Жалғасын тап» - Мақал – мәтел сайысы.

  1. Жаман - бұзар, жақсы – түзер.

  2. Адам болатын бала алысқа қарайды.

  3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.

  4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

  5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.

  7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

  8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

  9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

  10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

  11. Ақыл - дос, ашу - дұшпан, ақылыңа ақыл қос.

  12. «Сіз» - сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Мақал-мәтел жеңімпазын анықтау.

Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?

Маржан сөздер сыр шертеді.

1.Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым,жақсы ата – ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады. (Абай)

2.Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.

3. Жақсы адам жолдасынан белгілі.

4.Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсы мен сөйлессең көңілің ашылады.

5.Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы сөз – жанның тынысы.

Ойын: «Мен қандаймын?».

Гүлге жазу. Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру. Қорытынды.

Сұрақтар:

  1. Кімнің бойында адамгершілік қасиет көп?

  2. Жамандық жеңе ме, жаңалық жеңе ме?

Қорытынды.

Мұғалім сөзі.

Сұрақтар:

  1. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?

  2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?

Адамгершілікті, әдепті болыңдар.

Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!

3




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Адамгершілік - асыл ?асиет

Автор: Бахтыева Нуржайна Алдабергеновна

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203687

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Адамгершілік – асыл  ?асиет "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "207076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430327668"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Адамгершілік асыл қасиет""
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik_asyl_k_asiiet_7"
    ["file_id"] => string(6) "432565"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508129674"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Адамгершілік асыл ?асиет" та?ырыбында?ы сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(59) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-tak-yrybyndag-y-synyp-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "329743"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464011858"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Адамгершілік - асыл ?асиет" "
    ["seo_title"] => string(31) "adamghiershilik-asyl-k-asiiet-3"
    ["file_id"] => string(6) "199018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428503406"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Адамгершілік асыл ?асиет 5"?" сыныбы"
    ["seo_title"] => string(33) "adamghiershilikasylkasiiet5synyby"
    ["file_id"] => string(6) "292429"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455277332"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства