kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам және Отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды отбасында бір-біріне  мейірімді, қамқор болып, құрметпен кешіре білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам және Отбасы»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Мерзімі: № 26 сабақ

Тақырып: Адам және Отбасы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірімділік, қамқорлық, кешірімділік

Мұғалім:

Сынып: Оқушы саны:


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

  • Оқушыларға отбасы қарым- қатынасында, бақытты болуында кешірімділік қасиетінің мәнін түсіндіру.

  • Оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту.

  • Оқушыларды отбасында бір-біріне мейірімді, қамқор болып, құрметпен кешіре білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

нақыл сөздер, суреттер,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Түрлі –түсті қағаздар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Бес оқу құралдарын тексере отырып, сабаққа қатысуына назар аудару.

Сынып оқушыларына 5 Т«тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық»ережесін естеріне түсіре отырып, барлық ойымыз, сөзіміз, ісімізді осы ережеге бағыттаймын.

2. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқтарыңызды айқастырмаңыздар Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл түйнегі сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесі шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. ....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын....Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

3. Үй тапсырмасын тексеру:

«Мен оны пір тұтамын»тақырыбындағы Ж.Солтиеваның әңгімесі, 125-129 беттер.

Сұрақтар:

1. Мұраттың отбасына түскен қиындықты жеңуіне не себеп болды?

2.Шаңырағы биік, іргесі берік отбасын құру үшін адамның бойында қандай құндылық басым болу керек?

3. Жақсы отбасы, адал жар болуы үшін адамда қандай игі қасиеттер жарыққа шығуы керек деп ойлайсыңдар?

4. Өмірде қандай өнегелі отбасын үлгі тұтасың?




4.Дәйексөз

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» Н.Ә Назарбаев

  1. Жеке оқыту

  2. Қыз балаларға және ұл балаларға бөлек оқыту

  3. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  4. Дәптерге жазғызу.

Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Отбасыныңберік болуына, ар-намысын сақтауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, олардың жарастығы жарасып, қандай жағдайда болсын, өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, жеңіп, бақытқа жете алады.


5.Әңгімелеу «Мұғалім сыйы»

Бақытты отбасының сыры туралы өсиет әңгіме.

Бір шағын қалада көрші екі отбасы өмір сүреді. Бір отбасыда үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасыда барлығы тату-тәтті өмір сүреді. Мазасыз әйел көрші үйдің бақытына қызғана қарайды. Өзінің күйеуіне былай дейді:

-Барып көрші үйді бақылап кел, неге оларда үнемі барлығы жақсы болады екен.

Күйеуі көрші үйге келіп, кіреді және бір жерге жасырынып қалады, сонан соң бақылап отырады. Ал үйдің әйелі бір көңілді әнді айтып жүреді де, үйді тазалайды. Осы сәтте бір қымбат құмыраны сүртіп тұрған. кенеттен біреу телефон соғады, әйел құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді.

Оның күйеуі бөлмеге кіріп бір затты іздейді, сол кезде жаңағы құмыраға сүйкеніп, абайсызда құлатып жібереді. Құмыра құлап, сынады. Көрші: «Міне қазір ұрыс басталады»- деп ойлайды.

Әйелі оны көріп, күйеуіне былай дейді:

-Кешір, қымбаттым. Мен кінәлімін. Мен оны үстелдің үстіне дұрыс қоймадым.

-Не дегенің, жаным? Мен өзім кінәлімін. Асығып, байқамай қалдым. Жарайды. Еш нәрсе болған жоқ, бұл болмашы нәрсе.

...Көршінің жүрегі ауырып кетеді. Үйіне ашуланып келеді.Әйелі оған:

-Не болды сонша жоғалып, көрдің бе?

-Иә!

-Қалай екен? Бақыттың сыры неде? Олар бізден несімен ерекшеленеді?

Сендердің ойларынша отбасының бақытты болу неде деп ойлайсыңдар?(Оқушылардың ой пікірін тыңдау)

Тыңдап болған соң күйеуінің жауабын айту.

-Олардың отбасында барлығы кінәлі. Ал біздің отбасыда әр кезде барлығымыз «менікі дұрыс» деп, шығамыз.

1.Қай отбасынан кешірімділік қасиеті көрінеді?

2. Тату -тәтті өмір сүру үшін адамдар арасында қандай құндылық болу керек ?

3.Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?

4. Бақыттың сыры неде деп ойлайсыңдар?


6.Шығармашылық жұмыс.

I-топ «Отбасы құндылықтары»(топтастыру)

II-топ «Отбасы-адам баласының алтын діңгегі»(эссе)

III-топ «Мен үшін қымбат отбасы м»(ата –анасының бойындағы жақсы қасиеттерін жазады)


7. Топпен ән айту

Әке туралы жыр

Сөзі: М. Шахановтікі

Әні: Н.Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.


Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.


Жан әке, шертіп сезім добырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың


Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.



8.Үй тапсырмасы:

«Туған күн» әңгімесін оқып келу. «Бақытты отбасы» тақырыбына презентация жасап келу.

9. Соңғы тыныштық сәті.

Енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Ол өздеріңізбен бірге қалу үшін жүректеріңізге сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық.

Әке ақылы-бұлақ, Ана ақылы-шырақ, Аға ақылы-көмек, іні ақылы-демеу, Бала ақылы-ұшқын, Өз ақылын-басыңда, Іздегіш болсаң, қасыңда,-дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Әр күндеріңіз нұрлы болсын!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адам және Отбасы

Автор: ЕСЕНАЛИЕВА ЖАННА ЕСЕНАЛИЕВНА

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399337

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Неке ж?не отбасы ??ымы. Отбасылы? ?атынастар ??ымы. "
    ["seo_title"] => string(58) "niekie-zh-nie-otbasy-u-g-ymy-otbasylyk-k-atynastar-u-g-ymy"
    ["file_id"] => string(6) "133573"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416546555"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«Мен және отбасым!» отбасылық сайыс"
    ["seo_title"] => string(35) "mien_zh_nie_otbasym_otbasylyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "359916"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479405537"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Неке және отбасы ұғымы. 10 сынып"
    ["seo_title"] => string(37) "niekie_zh_nie_otbasy_u_g_ymy_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "403127"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490426260"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "?о?ам ж?не отбасы "
    ["seo_title"] => string(21) "k-og-am-zh-nie-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "201571"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429090080"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Адам ж?не біз "
    ["seo_title"] => string(15) "adam-zh-nie-biz"
    ["file_id"] => string(6) "150682"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420543038"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства