Жақсылық жасауға асығайық
№20 жалпы орта білім беретін мектепте Атырау облыстық білім беру басқармасының жолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №01-04-2/174 хаты Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 10қаңтар №8 бұйрығы негізінде «Қамқорлық»акциясы аясында іс-шаралар жоспары жасақталып,бекітілді. Мектеп бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың есебін нақтылануда. Мектеп оқушыларының күнделікті сабаққа қатысының қатаң есебін жүргізіліп,күнбе-күн талқылап отыр. Ата-аналармен,педагог қызметкерлермен,құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп,дәлелсіз себеппен мектепке қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау мақсатында рейд жұмыстарын ұйымдастырылды. «Қамқорлық»акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларға кәсіпкерлер,мекеме басшылары,қызметкерлер арқылы демеушілік ұйымдастырылып (қысқы киімдермен,аяқ киіммен қамтамасыз ету) отыр. Акция жоспары ұжымға,ата-аналарға таныстырылды.
Сабирова Кулянда Сагингалиевна
№20 мектептің әлеуметтік педагогы