-Жа?сылы? жасау ?шін адам?а ?андай ?асиеттер ?ажет?
-Осында?ы «міндет етпе» деген с?зді? ма?ынасын ?алай т?сінді?дер?
-И?, балалар,жа?сылы? ол шын ж?рекпен жасалатын ізгі іс.Жа?сылы? жасау ?шін адамдар?а мейірімділік,с?йіспеншілік сия?ты асыл ?асиеттер ?ажет.Біз жаса?ан жа?сылы?ымызды міндет етпей,оны? ?айтарымын с?рамай шын ж?регімізбен жасауымыз ?ажет.т.б
Ыбырай Алтынсарин ?азіргі ?останай облысыны? аума?ында?ы Аман?ара?ай ауданында 1841 жылы д?ниеге келген.
Ол ?аза? хал?ыны? аса к?рнекті жазушысы,?о?ам ?айраткері,?аза? ?лтты? мектебіні? негізін ?алаушы.Ыбырай атамызды? балалар?а арнал?ан к?птеген е?бектері бар,соны? ішінде «Кел,балалар о?ылы?!» ?ле?ін б?ріміз білеміз,
4
М??алімні? сыйы
О?и?а немесе ??гіме айту.
Бір ж?лдызды ??т?ару (??гіме)
Бір к?ні те?із жа?асын жа?алап келе жат?ан бір кісі бір н?рселерді жерден алып те?ізге ла?тырып жат?ан бір баланы к?реді. Жа?ында?анда оны? тол?ынмен жа?а?а шы?ып ?ал?ан те?із ж?лдыздарын ??т?арма? болып жат?анын бай?айды. Ал к?кжиекке дейін созылып жат?ан жа?а болса, те?із ж?лдыздарына толып-а? ?ал?ан екен.
-Сен не істеп жатырсы??-деп с?райды ?лгі кісі.
-Б?лар ерте? су ?айт?ан?а дейін жа?ада ?алып ?ойса, ?ліп ?алады ?ой,-дейді бала та?ыр?ап.
-Б?л а?ыма?ты? ?ой!,-дейді ?ызбаланып ?лгі адам, -?арашы олар ?аншама, жа?ада мы? емес, миллионы жатыр. Бір ?зі? еште?е ?згерте алмайсы?, сені? осы жасап жат?ан тірлігі?ні? м?ні бар ма?
Бала жерден келесі те?із ж?лдызын ?олына алып, шамалы ойланып т?рып, былай депті:
-Мені? жаса?ан тірлігімні? м?ні мен ма?ызы ?те зор, ?сіресе , мына бір те?із ж?лдызы ?шін.
-??гімеде бала таби?атты? ?ай б?лшегіне жа?сылы? жасады?
-Баланы? іс-?рекеті сендерге ?нады ма?
-Баланы? ісін «а?ыма?ты?» деп айт?ан кісіні? пікірімен келісесі?дер ме?
-Жа?сылы? жасауды? м?ні неде?
Т?йінделетін ой:
Жа?сылы?ты ?лкен немесе кіші,к?п немесе аз деп б?ліп ?арау?а болмайды.Е? бастысы сол жасал?ан жа?сылы?ты? ж?регі?нен шы?ып,риясыз жасалуы екенін т?сіндіріп ?темін.
Сыныптан тыс т?рбие журналынан
5
Шы?армашылы? ж?мыс
«Мен ?андай жа?сылы? жасадым?»
Тапсырма:
О?ушылар?а жасыл т?сті ?а?аздан ?иыл?ан жапыра? кесінділері таратылып беріледі ж?не олар?а осы жапыра?тар?а ?здеріні? жаса?ан бір жа?сылы?тары туралы (ол адамдар?а,жан-жануарлар?а,?сімдіктерге тб) естеріне т?сіріп жазу ж?не ол жаз?андарын дауыстап о?ып,та?тада ілулі т?р?ан а?аш бейнесіні? б?та?тарына желімдеу ?сынылады.
Міне, балалар,жана гана жапыра?ы жо? к?ріксіз,ш?лдеп т?р?ан а?аш бейнесін біз ?зімізді? жа?сы істерімізбен жайнатып жібердік.
Адамдар да д?л осылай айналасында?ы адамдарды? мейіріміне,с?йіспеншілігіне ш?лдеп,жа?сылы?ты а?сайды.Сонды?тан да айналамызда?ы адамдар?а жа?сылы? жасаудан жалы?пай,?зімізді? де,?згелерді? де жандарына жадыратып,?уаныш сыйлап ж?рейік!
Ал, балалар, тынышталып,денелері?ді бос ?стап,к?здері?ізді ж?мса?ыздар да болады.Б?гінгі саба?ымыз туралы ойланып,?здері?е ?андай ой т?йгендері? туралы ойла?ыздар.
-Жақсылың жасау үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
-Осындағы «міндет етпе» деген сөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
-Иә, балалар,жақсылық ол шын жүрекпен жасалатын ізгі іс.Жақсылық жасау үшін адамдарға мейірімділік,сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттер қажет.Біз жасаған жақсылығымызды міндет етпей,оның қайтарымын сұрамай шын жүрегімізбен жасауымыз қажет.т.б
Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының аумағындағы Аманқарағай ауданында 1841 жылы дүниеге келген.
Ол қазақ халқының аса көрнекті жазушысы,қоғам қайраткері,қазақ ұлттық мектебінің негізін қалаушы.Ыбырай атамыздың балаларға арналған көптеген еңбектері бар,соның ішінде «Кел,балалар оқылық!» өлеңін бәріміз білеміз,
4
Мұғалімнің сыйы
Оқиға немесе әңгіме айту.
Бір жұлдызды құтқару (әңгіме)
Бір күні теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе , мына бір теңіз жұлдызы үшін.
-Әңгімеде бала табиғаттың қай бөлшегіне жақсылық жасады?
-Баланың іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
-Баланың ісін «ақымақтық» деп айтқан кісінің пікірімен келісесіңдер ме?
-Жақсылық жасаудың мәні неде?
Түйінделетін ой:
Жақсылықты үлкен немесе кіші,көп немесе аз деп бөліп қарауға болмайды.Ең бастысы сол жасалған жақсылықтың жүрегіңнен шығып,риясыз жасалуы екенін түсіндіріп өтемін.
Сыныптан тыс тәрбие журналынан
5
Шығармашылық жұмыс
«Мен қандай жақсылық жасадым?»
Тапсырма:
Оқушыларға жасыл түсті қағаздан қиылған жапырақ кесінділері таратылып беріледі және оларға осы жапырақтарға өздерінің жасаған бір жақсылықтары туралы (ол адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге тб) естеріне түсіріп жазу және ол жазғандарын дауыстап оқып,тақтада ілулі тұрған ағаш бейнесінің бұтақтарына желімдеу ұсынылады.
Міне, балалар,жана гана жапырағы жоқ көріксіз,шөлдеп тұрған ағаш бейнесін біз өзіміздің жақсы істерімізбен жайнатып жібердік.
Адамдар да дәл осылай айналасындағы адамдардың мейіріміне,сүйіспеншілігіне шөлдеп,жақсылықты аңсайды.Сондықтан да айналамыздағы адамдарға жақсылық жасаудан жалықпай,өзіміздің де,өзгелердің де жандарына жадыратып,қуаныш сыйлап жүрейік!
Ағаш суреті бейнеленген ақ плакат,жапырақ кесінділері.
6
Топпен ән айту
Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
7
Үй тапсырмасы
«Күн мен гүлдер» әңгімесінің мазмұнына дайындық.
Қ.Толықбаев.
8
Сабақтың қорытынды сәті
Ал, балалар, тынышталып,денелеріңді бос ұстап,көздеріңізді жұмсаңыздар да болады.Бүгінгі сабағымыз туралы ойланып,өздеріңе қандай ой түйгендерің туралы ойлаңыздар.
Рахмет,келесі сабағымызда қайта кездескенше сау болыңыздар!