kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ұшқыр ой мен шешен тіл"тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен  таныстыру.
  Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 8 ә сыныбында өткізгелі отырған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайыс сынып сағатына қош келдіңіздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ұшқыр ой мен шешен тіл"тәрбие сағаты»

Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 8 ә сыныбында өткізгелі отырған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалдық сайыс сынып сағатына қош келдіңіздер!


Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады.


Ойын V айналымнан тұрады.
I.айналым Ұшқыр ой –әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез жылдам, нақты жауап беру керек.


II.айналым Құпия сандық. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

III.айналым Ойлан, тап
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

IV айналым Айшықты сөздер


Vайналым Кім жылдам берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек

Ойын ережесімен таныстыру.

Біз тыныштықты сақтаймыз

Бір- бірімізді тыңдаймыз

Өз ойларымызбен бөлісеміз

Сезімдерімізді сыйлаймыз

Бір-бірімізді мазақ етпейміз

Уақытымызды үнемдеп, қысқада нұсқа жауап береміз

Тәртіппен өз кезегімізбен сөйлейміз


Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық






Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.


Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

1. Жер-жаhанда бар нәрсенің мешкейімін. Маған бұл жалғанда тойым жоқ. Бір көлдің суы қалпынша жұқ болмайды, қанша үлкен дария болса да,бір-ақ ұрттаймын. Көлтауысар деген ер боламын,- дейді кісі.(Ер төстік)



2. Апырым-ау, мына жаман не дейді. Халқым, мен хан баласымын деп жүр едім, шақырыңдар анамды,-деді. Ақиретке біреудің қанын жүктеп барып , тәңірі алдында қара бет болмасын, не де болса шынын айтсын. Әйтпесе ашумен мына жаманның басын кесермін,- деді.(Аяз би)


II топ.


1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)


2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


III топ

1.Қарашы!Енді қандай бодым?-деді,

Міне, мен жаңа айдай толдым деді.

Жолдасы тағы қарап денесін

Қалпында маған қарап пормың деді


Дүниеде менен күншіл кем-ді Бақа!

Зорланды қарнын керіп енді Бақа.

Шыдамай жұқа қарнын керуіне,

Жарылып сол арада өлді Бақа.(Өгіз бен бақа. Ахмет Байтұрсынов)


2.Басындағы қарын қоса,

Баурындағы аңын қоса,

Шайқап бұлақ, көк орманды,

Күшпен әрең алды-дағы,

Арқасына салды- дағы,

Келген ізбен қайта оралды.(Әбділда Тәжібаев Толағай)


IV айналымды бастаймыз

«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

Vайналым Кім жылдам берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек
1.Сүйінші

2.Көрімдік

3.Байғазы

Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"ұшқыр ой мен шешен тіл"тәрбие сағаты

Автор: АМИРОВА НАҒИМА МУРАТБЕКОВНА

Дата: 03.02.2018

Номер свидетельства: 454417

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Мені?  елім–?аза?стан"  т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(40) "mienin-ielim-k-azak-stan-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "197981"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428337381"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty1"
    ["file_id"] => string(6) "301482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929985"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Адам болам десе?із... (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(30) "adambolamdiesieniztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "303119"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457435369"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Тәрбие сағаты:Тәрбиенің негізі - имандылық"
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbiie_sag_aty_t_rbiienin_nieghizi_imandylyk"
    ["file_id"] => string(6) "406327"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491275936"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства