Мен, Қайыр Мадияр, 3-сыныптың оқушысымын. Мен Отаным Қазақстан туралы өз ойымды жазуға бел будым.
Негізгі бөлім
Неткен байтақ,неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің.
Сенде тудым,сенде өстім,сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,- деп Қасым ақын жырлаған қасиетті жеріміз Қазақстан егемен ел болғанына биыл 25 жыл толып отыр.Жалпы қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ.
Отанымыз тәуелсіздігін алғанша үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында,жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.Осы қиын қыстау кезеңдерде қазақ елі ар-намысын таптатқызбай елдігін,
жігерлілігін,ер жүректілігін ,қайтпас қайсарлығын көрсете білді.
Қазақстан ешкімге,еш уақытта тәуелді болмайтынын уақыт дәлелдеді.
1986 жылдың желтоқсаны жауқазын жастардың есімін тарих парағында алтын әріптермен қалдырды.Елі үшін,халқының тәуелсіздігі үшін жан қиған жастардың еңбегі бес жыл өткен соң Қазақстан Республикасының егемендігін алумен ақталды.
Қазақстан,тәуелсіз мемлекет ретінде ,дүние жүзіндегі барлық елдерге танылып қана қоймай айбыны асқақтай түсті.
Қазақстан – бүтін қазақ халқының ата мекені,кіндік қаны тамған киелі жері.
Ақылды да, айбынды елбасымыздың басшылығымен мемлекетіміз іргелі ел болды.Әлемнің ең ірі тәкаппар елдерімен тең тұрып,тілдесетін күн де туды.Елімізді әлем жұртшылығы танып,Қазақстан деген мемлекетпен тең дәрежеде келісімдер жасаудың өзі үлкен абырой.
"Қазақтар талай жердетұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге құштарлық қайтадан еңсені көтеріп,тәуекелге бел буғызды, "-деп Нұрсұлтан Назарбаев атамыз .
Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз.
Бүгіңгі таңда Отанымыз бақыт жолында.Біз -тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз. Бейбітшілік нұры тұнған көк аспанда көк туымыз желбіреп,әнұранымыз асқақтай қалықтайды.
Бабаларымыз әперген осы бақытты баянды етіп,егеменді еркін елдің еңсесін биікке көтере тәуелсіздік тізгінін қолға ұстаған халқымыздың алғашғы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетімізді бүкіл әлемге паш етіп,өркениетті елдермен терезесін теңестірді.
Бір жағадан бас,бір жеңнен қол бір тудың астына жиналған бір тұтас ел сомдады.
Қорытынды
Қорыта келгенде айтарым, мен елімнің келешегін экономикасы нығайған, халық саны молайған, медицина, білім беру жүйесі жетілген мемлекет, дамыған елдер сапынан көретініме кемел сенемін.
Қазіргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз-Қазақстан мемлекетін,
Отанымызды жаңашыл саясатпен өркениетті елдердің қатарынан көру. Отанымыз Орта Азия Барысына айналу үшін достарымды,құрбы-құрдастарымды сапалы, саналы білім алып,еліміздің өркендеуіне үлес қосуға шақырамын.
Мен қазақ болыптуылғаныма кең байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын.Өйткені,мен тәуелсіз елдің ұрпағымын.
Мәңгі жаса,менің Қазақстаным!
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Т.7: Н-С, Алматы, 2005-.